Бекітемін: Мектеп директоры К. Абдимуталипов


— оқушы: Келешекке алтын бақ, Қосар таудай үлесін. Жасай берсін жарқылдап, Ұстаз атты ұлы есім. 6 — оқушы



бет2/4
Дата18.10.2022
өлшемі25,85 Kb.
#43762
түріСценарий
1   2   3   4
5 — оқушы:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
6 — оқушы:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
7 — оқушы:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!


2 — жүргізуші:
Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!
1 — жүргізуші:
Ерден, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді емес пе!
2-жүргізуші:
Ербол иа,дұрыс айтасың.Бүгін Ұстаздар күніғой.
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
1-жүргізуші:
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
2-жүргізуші:
Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
1-жүргізуші
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болсадағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
2-жүргізуші:
Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің дана көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Құрметті ұстаздар!
1— жүргізуші:
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектебіміздің директоры Абдимуталипов Канат Абдимуталипұлын шақырамыз!
2— жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
ӘН


1 — жүргізуші:
Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз бүгінгі кеште ортамызда отыр.
2 — жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін-демекші бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары Ардагер ұстаздарымызға сөз кезегін берейік!
Мектеп директоры сый-сияпат көрсету
1 — жүргізуші:
Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол — ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
1 — қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 — қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 — қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет