Бекітемін: Мектеп директоры К. Абдимуталипов



бет3/4
Дата18.10.2022
өлшемі25,85 Kb.
#43762
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
Мұғалімдер күні сценарий толық емес

2-жүргізуші:
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.


1-жүргізуші:
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Әй ақымықтық деймін, біз осы асыл жандардың қадірін түсінбей жататын кездерімізде болады. Олай болса, осы тақырып аясында дайындалған музыкалық қойылымымызды бірге тамашалайық!


2-жүргізуші:
“Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді.
Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар! 


1-жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Әсем ән орындалады


2-жүргізуші
Мұғалімнен өнеге — білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез — келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Ұстаз «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»,…..


1-жүргізуші:
Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Құрметті ұстаздар сіздердітағы бір мәрте мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Келесі ------------- сіздерге арналмақ, қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші
Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.


1-жүргізуші:
....... ,Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет