«Бекітемін» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ филиалы Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директоры Р. Н. Жумабаев



бет2/12
Дата19.04.2023
өлшемі56,08 Kb.
#84280
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жобаның идеясы оқыту мен жалпыға ортақ прогреске негізделген, соның арқасында сапалы идеялар пайда болады және іске асырылады.
Жобаның мақсаты: мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдысын қалыптастыру, олардың Start-Up жобаларына әдістемелік қолдау көрсетіп, ынталандыру.
Жобаның негізгі міндеттері:
- шығармашылық идеяларды/жобаларды іздеу;
- жас ұрпақты олардың пайдалы және тиімді идеяларын / жобаларын әзірлеуде қолдау;
- жас және инновациялық қоғамдастықты тәрбиелеу.
2.2. Жобаны ұйымдастырушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы.
2.3. Серіктестік қатынастарға мүдделі кез келген білім беру нысанындағы заңды тұлғалар (ММ, АҚ, ЖШС, ЖК және т.б.) жобаның серіктестері бола алады.



  1. Негізгі ережелер

3.1. Жоба туралы ақпаратты жариялау байқау сайтында, www.caspianstartup.kz, жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің әлеуметтік желілерінде жүзеге асырылады.


3.2 Жоба тақырыбы: “Өмірді жақсартатын IT стартаптар”.
3.3 Жоба келесі кезеңдер бойынша өтеді:
- онлайн тіркелу: 15.02.23 ж. бастап 01.04.23 ж. дейін;
- бірінші іріктеу кезеңі (бастапқы): 01.04.23 ж. бастап 01.05.23 ж. дейін;
- екінші іріктеу кезеңі: 01.05.23 ж. мен 15.05.23 ж. аралығында;
- жоба финалистерінің таныстырылымдарының соңғы нұсқасын қабылдау: 30.05.23 ж.
- жобаның финалы: 02.06.23 ж.
3.4 Жобаға 9-12 сынып оқушылары мен 1-2 курста оқитын колледж студенттері қатыса алады.
3.5 Жобаны өткізу форматы: онлайн және офлайн.
3.6 Жобаға қатысу тегін.
3.7 Жобалардың сапасын бағалау, барлық кезеңдерді қорытындылау және осы іс-шараның үздік жобаларына жүлде беру үшін конкурстық комиссия құрылады.
3.8 Жоба финалының жеңімпаздары мен қатысушылары серіктестердің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады.
3.9 Жобаны ұйымдастырушылар қатысушылардың және басқа тұлғалардың алдында ешқандай жауапкершілік көтермей, қажет болған жағдайда конкурстың күшін жою, тоқтата тұру, аяқтау немесе ұзарту құқығын өзіне қалдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет