«Бекітемін» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ филиалы Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директоры Р. Н. Жумабаев


Байқау комиссиясын құру және оның жұмысы



бет3/12
Дата19.04.2023
өлшемі56,08 Kb.
#84280
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Caspian Start-up 2023 положение на трех языках

4. Байқау комиссиясын құру және оның жұмысы

4.1. Байқау комиссиясының құрамы өтінімдерді, жобалардың таныстырылымын және іріктеу кезеңдері бойынша жобалардың қорғалу дәрежесін бағалау үшін бекітіледі.


4.2. Байқау комиссиясының құрамы ұйымдастырушылар, сарапшылар, жоба серіктестері және басқа да шақырылған тұлғалар қатарынан тұрады.
4.3. Байқау комиссиясы 5 және одан да көп адамнан тұрады және жоба байқауының ережелері мен талаптарын сақтауға, жобаны өткізу кезінде байқауға қатысты кез келген мәліметтерді, оның ішінде қатысушылардың жеке мәліметтерін жария етпеуге міндеттеледі.
4.4. Байқау комиссиясының жұмысы жіберілген жұмыстарды бағалаудан, тиісті критерийлер бойынша іріктеу кезеңдерінде және финалда үздік жобаларды қорғау және «Caspian Start-Up – 2023» жобасының жеңімпаздарын айқындау кезеңінде үздік жұмыстарды таңдаудан тұратын болады.
4.5. Жобаның әр кезеңнің нәтижесі бойынша аппеляция қарастырылмайды.


5. Жобаны өткізу кезеңдері

5.1. Жобаның бірінші кезеңі - онлайн тіркелу, 2023 жылдың 1 сәуірге дейін бейнероликтер қабылданады.


5.2. Екінші кезең – 2023 жылдың 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін бірінші іріктеу кезеңі болады.
5.3. Үшінші кезең – екінші іріктеу кезеңі, ол 2023 жылдың 01-15 мамыр аралығында финалға өткен жобаларды қайта қарау және сараптау үшін өтеді. Ең үздік 15 стартап жоба финалға өтеді.
5.4. Төртінші кезең – 2023 жылдың 30 мамыр жоба финалистерінің таныстырылымдарын қабылдаудың соңғы күні.
5.5. Бесінші кезең – жобаның финалы, 02 маусым 2023 жыл.

Қатысушылар әр турға өту туралы электрондық пошталары арқылы хабардар етіледі. Әр кезеңнің қорытындысы жоба сайтында жарияланады. Финалистер өздерінің көшбасшылық қасиеттері мен жобаны әзірлеу деңгейін көрсете отырып, өз жобаларын шақырылған қонақтар мен конкурстық комиссияның алдында қорғауы тиіс. Жобаларды бағалау осы Ереженің келесі тармағында келтірілген критерийлер бойынша жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет