6. Стартаптарды бағалау критерийлері
6.1. Бірінші іріктеу кезеңінде әр қатысушы өз идея\жобасы туралы видео түсіріп, жіберуі тиіс. Видеоны бағалау критерийлері:
- видео ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс;
- идеяның\жобаның қозғап отырған проблеманың өзектілігі;
- жоба арқылы проблеманы шешу жолының креативтілігі;
- нарықты зерттеу; (бәсекелестермен таныстыру, олардан артықшылығы).
6.2. Екінші іріктеу кезеңінде әр қатысушы өз идеясы/жобасы туралы презентация дайындайды.
Презентацияны бағалау критерийлері:
- идеяның\жобаның қозғап отырған проблеманың өзектілігі;
- жоба арқылы проблеманы шешу жолының креативтілігі;
- нарықты зерттеу; (бәсекелестермен таныстыру, олардан артықшылығы)
- MVP; (Minimum Viable Product)
- жоба бойынша SWOT анализ;
- Road Map; (кімге арналады, қанша уақытта, қандай бағада? деген сұрақтарға жауап);
6.3. Қорытынды турда идеяны / жобаны бағалау критерийлері:
- Идея жақсы ойластырылған және өміршең болып көрінді;
- Бұл идея үшін тиісті нарық бар екенін дәлелдейтін фактілер бар;
- Идеяны жүзеге асыру және нарыққа шығу процесі нақты баяндалған;
- Бәсекелестерге толық талдау жүргізілді;
- Идея нарықта сатыла алады;
- Монетизация моделі нақты ұсынылған;
- Команда идеяны коммерциялай алады;
- Қаржылық болжамдар идеяның өміршеңдігін көрсетеді;
- Команда ықтимал тәуекелдерді бағалап, оларды жою бойынша іс - қимылдарды анықтады;
- Команда өз идеясымен ынталандырылған және табысқа жететініне сенеді.
6.4. Байқауға қатысушының Бизнес-жобасы бағалаудың әрбір критерийі бойынша 1 (бір)-ден 10 (он)-ға дейінгі балдармен бағаланады):
1-ұсынылған материалдар осы өлшем бойынша Бизнес-жобаны бағалауға мүмкіндік бермейді;
10-елеулі оң нәтиже және / немесе критерийлер сапалы көрсетілген және толық ашылған.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша жобалар байқауы өткізілетін жылы байқау осы ережеде көрсетілмеген номинациялар бойынша жобалардың жеңімпаздары айқындалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |