ІІІ топ: Жасыл түс Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау:Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде
білгендері
бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
Еліміздегі сәулет өнерінің туындылары
туралы не білесің?
Ойыңды ортаға сал.
Осы туындылар негізінде қандай ойын идеясын ұсынған болар едің? Ойлан.
Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.
Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері
Ж аңа сабаққа дайындық.
Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.