Барлық оқушы үшін: Word пен WordPad – мәтіндік редакторларының жұмысындағы айырмашылықтарды біледі.
Оқушылардың көбі үшін: Берілген суретке сөйлем құрап, мәтіндік редакторда теріп, сақтайды.
Кейбір оқушылар үшін: Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйренеді.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» ойыны Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бірігіп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтуы керек. Мұғалімнің де бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
Топтастыру:
Топтастыру.«Достармен кездесу уақыты» әдісі
Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне ұқсас бір жанды тауып, әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы, сенің көзіңнің түсі менікіне ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң, сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады. І топ: сағат 9 ІІ топ: сағат 12 ІІІ топ: сағат 15