«бекітемін» ҚР Ғжбм «Ұлттық тестілеу орталығы» рмқК директоры


Ұлттық таным және мерекелер



бет3/7
Дата06.04.2023
өлшемі57,93 Kb.
#79794
1   2   3   4   5   6   7
Ұлттық таным және мерекелер: Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі. О. Бөкей «Апамның астауы» әңгімесінен (үзінді), Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі (үзінді) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау, шығармада көтерілген жалпы- адамзаттық мәселені айқындау; мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдану; жазба жұмыстарында ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру, жазба жұмыстарында теңеу, эпитет қолданып жазу.
Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда: Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам әркім барар» мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау, үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану; бөлшектік сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне: Жанболат Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан Қ. Аманжолов«Жас дәурен», шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану; мекен үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.
Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар: Думан Рамазин «Соңғы дем» әңгімесінің мазмұндық құрылымын салыстыру; мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану; қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек: Ұлықбек Есдаулет «Қара пима» поэмасы
Абай Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері» мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау; мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану.
Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы: Бердібек Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі. «Ең үлкен байлық» ертегісі.М. Әлімбаев, Т. Нұрмағанбетов «Он төрт жасар жігіт» мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау ;құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану; мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет