Ұйымдастыру кезеңі Көңіл күй ахуалы «Менің көңіл күйім».Тақтада әртүрлі көңіл күйдегі смайликтер көрсетіледі.
І.Оқушыларды қатармен топқа Ақтамберді толғаулары арқылы бөледі:
«“Күлдір-күлдір кісінетіп”» «Уа, қарт Бөгембай» «Колесо фортуны» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.Мұғалім бірнеше оқушылардың аттарын жазып,қай бала түссе сол сол баладан үй тапсырмасын сұрайды.
Көңіл күй ахуалы.Тақтада көрсетілген әртүрлі көңіл күйдегі смайликтердің бірін таңдап, неліктен таңдағанын айтады.
Оқушылар көрсетілген толғаулар бойынша топқа бөлінеді.
«Колесо фортуны» әдісі арқылы, үй тапсырмасын айтады.
1-тапсырма «Сұрақ жауап» әдісімен топтық жұмыс. Топқа бір сұрақтан беріледі.Сұрақтарға толғау желісіне сүйеніп, жауап береді.
Ықтимал жауап: 1.Тақырыбы: Ақтамберді жыраудың отанына деген сүйіспеншілігі Идеясы: атқа мініп, қару ұстап, жауға шауып елін жерін қорғау 2. Толғау - қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының ауызша поэзиясында кең тараған жанр. Толғау тектес сөз үлгілерін қырғыздар "санатна-сыятырлар", құмықтар "ойлу йырлар", башқұрттар "қобайыр" деп атайды.