Бекітемін Талас ауданының білім бөлімінің басшысы М. А.Қазангапов 2023 ж



бет2/4
Дата19.05.2023
өлшемі169 Kb.
#94846
1   2   3   4
Байқаудың мақсаты – креативті педагогтердің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтердің креативті әлеуетін жетілдіру.
Байқаудың міндеттері:

  • заманауи оқу-әдістемілік кешенінің сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту;

  • инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді ендірудегі озық тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау;

  • креативті педагогтердің жаңашыл бастамаларын қолдау, ғылыми әуелетін арттыру;

  • жаңашыл педагогтердің ғылыми әдістемелік белсенділігін ынталандыру;

  • өзара инновациялық тәжірибемен алмасу.

Байқауға қойылатын талаптар:

  • байқауға ұсынылатын инновациялық өнімдер 2022-2023 оқу жылында дайындалған болуы керек;

  • басқа байқауға ұсынылған өнімдер қабылданбайды;

  • қорғауға 2-3 минуттық видео презентация дайындау қажет;

  • ұсынылатын жұмыстар мазмұны байқаудың мақсатына сәйкес келуі қажет:

  • жаңашылдық, ғылымилық, шығармашылдық, тәжірибеде қолданыс табуы.



«Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауы төмендегідей форматта ұйымдастырылады:

байқаудың қорытындысын жариялау, жеңімпаздарды марапаттау;

  • психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары;

  • онлайн-режимдегі шебер-сыныптар;

  • секциялық мәжілістер;

  • инновациялық өнімдердің презентациясы.

«Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауының жұмыс тілдері қазақ, орыс.
Педагогикалық оқуларға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне amir_chan@inbox.ru электронды поштасына баяндама (мақала) және жаңашыл педагогтардың жұмысын «Үздік педагогикалық өнім-2023» байқауына деп жолдау қажет. Мақалалар 1 дана және электронды түрде қабылданады.
Баяндама мен байқауға ұсынылатын материалдар 2023 жылдың 20 мамырға дейін қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет