2. «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат;
9-сыныпқа арналған «Информатика» пәнінің базалық мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: 1) «Компьютер құрылғысы». Компьютердің аппараттық конфигурациясын оның мақсатына қарай таңдау;
2) «Бағдарламалық қамтамасыз ету». Пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау;
3) «Компьютерлік желілер». Бұлтты технологияларды пайдалана отырып, құжаттармен жұмыс істеу;
4) «Ақпаратты көрсету және өлшеу». Ақпараттың қасиеттері (өзектілігі, дәлдігі, сенімділігі, құндылығы);
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәліметтер қоры, өріс, жазба. Электрондық кестелерде мәліметтер қорын құру. Мәліметтерді іздеу, сұрыптау және сүзу;
6) «Модельдеу». Электрондық кестелерде процесс үлгілерін (физикалық, биологиялық, экономикалық) зерттеу;
7) «Алгоритмдер және бағдарламалау». Бір өлшемді массив. Екі өлшемді массив. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері: массив элементтерін іздеу, сұрыптау, ауыстыру, жою және кірістіру. PyGame кітапханасы (pygame). Ойынның фоны. Ойынға дайын кейіпкерлер. Кейіпкерлердің қозғалысы. Дайын сценарий бойынша ойынды бағдарламалау. Ойын нәтижелерін есептеу;
8) «Эргономикалық». Компьютермен ұзақ жұмыс істеудің тәуекелдерін бағалау;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік». Желідегі жұмыстың этикалық және құқықтық нормаларының бұзылуының салдары.