Бекмурзина асель нурлановна


Тақырып: 1947-1958 жж. М. Қозыбаевтың ғылыми-зерттеу қызметі



бет4/15
Дата26.06.2023
өлшемі0,65 Mb.
#103441
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2. Лекционный курс Манаштану

Тақырып: 1947-1958 жж. М. Қозыбаевтың ғылыми-зерттеу қызметі
1. Өмір жолының басталуы.
2. ҚазМУ оқу жылдары.
3. Қостанай мұғалімдер институтында жұмыс істеу.

М.Қ.Қозыбаев 1931 жылы 16 қараша қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл басындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары жасөспірім бала кезінен колхозда еңбекке араласқан. 1947 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Мендіқара педагогикалық училищесін үздік бітіріп, бір жыл Үлгілі жеті жылдық мектебінде мұғалім болып қызмет етеді. Болашақ ғалымның тәрбиесіне ата-анасымен қатар кейін көрнекті қайраткер болып танылған ағасы Қозыбаев Оразалы Әбілұлы айтарлықтай ықпал жасады.




Тақырып: 1958-1988 жж. М. Қозыбаевтың ғылыми-зерттеу қызметі
1953 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеінің тарих факультетін үздік бітіріп, Қостанай педагогикалық институтында ғылыми-педагогикалық жұмысымен айналысады.
Талантты жас ғалым 1958 жылы сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтына қызметке шақырылып,онда аға ғылыми қызметкерден тарих ғылымының докторы (1969), профессор (1970), танымал ғалым дәрежесіне дейінгі жолдан өтті. 1961-1970 ж. М.Қ. Қозыбаев осы институттың ғылыми хатшысы, онан соң Қазақстандағы партия құрылысы тарихы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1974-1980 жылдары ол Алматы малдәрігерлік институтында, кейіннен С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың жанындағы Қоғамдық ғылымдар пәндері оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі болды.
М.Қ.Қозыбаев 1980 жылдан Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясын басқарды. Оның басшылығымен сол кезеңде орыс және қазақ тілдерінде 4 томдық «Қазақ ССР» энциклопедиясы, «Алматы», «Қарағанды облысы» энциклопедиялары, Ш.Ш.Уәлихановтың 5 томдық толықтырылып,өңделген шығармалар жинағы және тағы да басқа іргелі еңбектер басылып шықты.
Осы кезеңдерде М.Қ.Қозыбаевтың Қазақстанның, сондай-ақ жалпы КСРО-ның шығыс аймақтарының тарихы мен тарихнамасы және Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша зерттеулері республикада,әрі одақ көлемінде жоғары бағаға ие болды. Оның «Казахстан-арсенал фронта» (1970), «Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны»(1964), «Ұлы ерлік» (1980) және басқа монографиялары мен Ұлы жеңіске қосқан үлесі туралы басқа да зерттеулері бүкіл Одақтық қауымға танылды. М.Қ.Қозыбаев зерттеулеріндегі КСРО-ның соғыс кезіндегі әскери-экономикасының құрамдас бөлігі ретінде өндіргіш күштерді елдің шығыс аудандарына, оның ішінде Қазақстанға көшіру, табиғат ресурстарын Отан қорғау мүддесіне тиімді пайдалану шаралары, КСРО халықтарының екінші дүниежүзілік соғыс майдандарына қатысуы, соғыс жылдарындағы елдегі қоғамдық –саяси өмір мен мәдениет сияқты күрделі мәселелер өзінің терең де жан-жақты ашылуымен сиппаталады.
Сол кезде Одақ көлеміндегі Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеуші жетекші маман ретінде М.Қ.Қозыбаев «Союз нерушимый» (М.,1982), «Во главе защиты Советской Родины» (М.,1984), «Советский тыл в первый период Великой Отечественной войны» (М.,1988), «История рабочего класса СССР» (Т.3.М.,1989) атты іргелі еңбектерді және осылар сияқты Москва, Баку, Новосибирск, тағы басқа қалаларда шыққан бірқатар кітаптарды жазуға қатынасты.
1986 жылдың наурызынан М.Қ.Қозыбаев. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызмет етіп, тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісі болды. 1988 жылы маусымда бірауыздан осы институт директоры болып сайланған ол сол уақыттан бері қызметін атқарады.
1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың бас кезінде ұлттық сана-сезімнің күшеюі, кеңестік мемлекеттік жүйе мен коммунистік идеологияның күйреуі және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің жариялануы мен қалыптасуы тарих ғылымының қоғамдағы орнына түбегейлі өзгеріс еңгізгені аян. Осы кезден бастап академик М.Қ.Қозыбаев басқарған Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге орасан зор үлес қосып келеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғышарттары пайда болған 1980 жылдардың соңынан бергі уақыт ішінде Қазақстан тарихшылары академик М.Қ.Қозыбаевтың басшылығымен тарихи зерттеулер методологиясының мәселесі, жинақталған тарихи білімдерді қайта пайымдау, қазақ халқының шығу тегі мен этникалық тарихы, ұлттық мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздік проблемалары, Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық даму тарихының, Қазақстанның жалпы тарих тұрғысынан әлемдік қауымдастықтағы, оның ішінде ең алдымен Ресей және ТМД елдерімен, Қытаймен, алыс шетелдермен қарымқатынасына байланысты өзекті мәселелер отандық тарих ғылымының басым бағыттарына айналды.
Академик М.Қ.Қозыбаевтың өзі ғылыми зерттеу ісіне тікелей ұйтқы болып, қатынасып келеді. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде Қазақстанда орыналған зұлмат трагедиясы бүгінгі таңда барша әлемге аян. 1988 жылғы қарашада М.Қ.
Қозыбаевтың инициативасы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында осы мәселеге арналған Бүкілодақтық ғылыми конференция шақырылған еді. Осы конференцияда Қазақстан мен Орта Азия республикаларында ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру тарихы жан-жақты талқыланып,ақиқатқа жол ашылды. Осының нәтижесінде М.Қ.Қозыбаев және басқа ғалымдар 1989 ж. Москвадағы «Вопросы истории» журналында жариялаған мақаладан Қазақстандағы ашаршылық нәубетінің көлемі мен зардаптары әлемге тұңғыш рет аян болды.
Отан тарихы мен тарихнамасын зерттеудің жаңа концептуальдық тұжырымдарын айқындау және жинақталған материалдарды жаңа тұрғыдан зерделу нәтижесінде М.Қ.
Қозыбаев басқарған институт 1993 және 1995 жылдары орыс және қазақ тілдерінде көне заманнан бүгінге дейінгі «Қазақ тарихының очерктерін» шығарды. Содан кейін М.Қ. Қозыбаевтың басшылығымен көне заманнан бүгінгі дейінгі «Қазақстан тарихының» 5 томдық академиялық басылымы шығарылды. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішінде тұңғыш басылым болды.
Мұндағы ең бастысы Қазақстан тарихының күрделі де өзекті мәселелерін зерттеуде идея берушісі де, ұйымдастырушысы да әрдайым М.Қ.Қозыбаевтың өзі екенін айтқан жөн.
Академик М.Қ.Қозыбаев тарих ғылымында алғаш рет Еуразия кеңістігіндегі дала өркениетінің дамуы туралы тұжырымының негізін жасады.
Осылайша тәуелсіздік жылдарында М.Қ.Қозыбаев елімізде тарихи сананы қалыптастыруға, рухани өмірдің жаңғыруы мен дамуына ұлтаралық жарасым мен халықтар бірлігін нығайтуға зор үлес қосты. Ол қазақ мемлекеттілігі тарихының, отаршылдық және кеңестік тоталитаризм жағдайындағы Қазақстан тарихының жаңа концептуалдық бағыттарын қалыптастырудың, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың бастау көзінде тұрды. Соңғы жылдары ол Қазақстан Республикасы Президентінің «1997 жылы жалпы ұлттық келісім және жапай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Жылы деп жариялау туралы», «1998 жылы халық бірлігі мен сабақтастығы Жылы деп жариялау туралы» Мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде де қыруар жұмыстар атқарды.
М.Қ.Қозыбаев ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық және педагогикалық қызметтерімен қатар мемлекеттік және қоғамдық өмірге де белсенді араласып келе жатқан көрнекті қайраткер. Ол 1989 жылы Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі-академик болып сайланды. 1990-1993 жылдары ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты болып, егеменді Қазақстан мемлекетінің Конституциясын, заңдары мен актілерін қабылдауда орасан зорқайраткерлік танытты. М.Қ.Қозыбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болды. 1993 жылдан М.Қ.Қозыбаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кенестің және Адам құқығы бойынша Мемлекеттік комиссияның мүшесі болды.
М.Қ.Қозыбаев 800-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, соның ішінде 30 монографияның (олардың 18-і бірлескен авторлықпен), 50-ден астам ұжымдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның еңбектері басым көпшілігі Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында жарық көргенін атап айтқан жөн.
М.Қ.Қозыбаевтың тек соңғы 10 жыл ішіндегі еңбектері мен зерттеулері және мақалалары мен ғылыми конференцияларда жасаған баяндамалары 9 томдық құрайды (История и современость».1991;, «Ақтандықтар ақиқаты».1992;, «Жауға шаптым ту байлап».1994; «Труд во имя победы».1995; «Тарих зердесі»1,2 кітап,1999; «Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. Т.1-2.2001; «Дала өркениеті және қазақ халқы».-2001).
Тарихшы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде М.Қ.Қозыбаев қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің орнығуына, мемлекеттілік идеологиясының, Қазақстан Республикасының этнотерриториялық тұтастығының нығаюына үнемі назар аударған.
Мұны М.Қ.Қозыбаевтың еңбектерінің мазмұнынан айқын көруге болады.
Академик М.Қ.Қозыбаев еңбектерінің негізгі мазмұны жалпыұлттық татулық пен Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтуға, өскелең ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет