Белгілер мен қысқартулар



бет2/5
Дата31.01.2023
өлшемі49,71 Kb.
#63933
1   2   3   4   5
Нормативті сілтемелер
Курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтемелер қолданылған:
СНиП 1.02.01-85. Кәсіпорындарды, ғимараттардың құрылыстық жобалық құжаттардың құрамы, дайындау реті, келістіру және бекіту жайлы нұсқаулар.
ВСН 205-84. Технологиялық процестердің автоматтандырылған жүйелерінің электрқондырғыларын жобалау жайлы нұсқаулар.
МЕСТ 2.701-84. Схемалар. Түрлері және типтері. Орындауға тиісті жалпы талаптар.
МЕСТ 2.702-75. Электр схемаларын орындау ережелері.
МЕСТ 2.708-81. Санды және есептеу техникасының электрлік схемаларын орындау ережелері.
МЕСТ 2.709-72. Электр схемаларының тізбектерінің белгілену жүйесі.
МЕСТ 2.752-71. Схемалардағы шартты графикалық белгіленулер. Телемеханика құрылғылары.
МЕСТ 2.755-87. Схемалардағы шартты графикалық белгіленулер. Коммутация құрылғылары және контактілі жалғаулар.
МЕСТ 2.754-72. Жоспардағы электр жабдықтарының және желілерінің шартты графикалық белгіленулері.
МЕСТ 2.201-80 ЕСКД. Бұйымдардың және құрлымдық құжаттардың белгіленуі.
МЕСТ 2.601-95 ЕСКД. Пайдалану құжаттары.
ФС ЮКГУ 4.6-002-2004 СМК. Оқу құжаттарын өрнектеу ережелері. Графикалық құжаттарға жалпы талаптар.
СНиП 3.05.07-85. Автоматтандыру жүйелері.
СНиП III-4-80. Құрылыстағы техника қауіпсіздігі.
ПТЭ. Пайдаланушылардың электрқондырғыларын техникалық пайдалану ережелері.
ПТБ. Пайдаланушылардың электрқондырғыларын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері.
ВСН-329-78. Автоматтандыру құралдары және бақылау приборларын монтаждау және үйлестіру кезіндегі техникалық қауіпсіздік нұсқаулары.


Белгіленулер және қысқартулар

Курстық жұмыста келесі белгіленулер және қысқартулар қабылданған:


ТТЖ (ТУЗ) – тотығудың техникалық желісі;
ӨЕЕҚ (УППР) – өнімді ерітінділерді қабылдайтын желі;
СЕЕБ (УРВР) – сілтілендіруші (шаймалаушы) ерітінділерді бөлу желісі;
ӨЕ (ПР) – өнімді ерітінді;
ШЕ (ВР) – шаймалаушы ерітінді;
ЖҰШ - жерасты ұңғымалы шаймалау әдісі;
ГТА (ГТП) – геотехнологиялық алаң;
СТБ – сорбциялық тегеуірінді бағана;
АЖД- апатты жоғары деңгей;
ЖД- жоғары деңгей;
ТД- төменгі деңгей;
ЭЕМ – электронды есептеу машинасы;
ТҮАБЖ – технологиялық процестерді автоматты басқару жүйесі;
ТСБ – тікелей сандық басқару;
АҚ – ақпараттық қамтамасыз ету;
НАА – нормативті-анықтамалық ақпарат;
БҚЕ - біріңғай қаупсіздік ережесі.



Анықтаулар
Уран – Менделеевтің Периодтық кестесіндегі соңғы табиғаттағы ең ауыр, 92-ші элемент. Уран - бәсекелестiк қабiлетi анағұрлым жоғары энергия көзi болып табылады.
Минерал – белгілі-бір химиялық құрам мен кристалдық құрылымға ие, жер қыртысының табиғи гомогендік құрамдас бөлігі.
Кен деп – қолда бар техника мен қалыптасқан экономикалық жағдайда алынуы мүмкін, өнеркәсіптік экономикалық тиімділігі жағынан құрамындағы металдар немесе олардың мөлшері мен түрлері жеткілікті табиғи минералдарды шикізат аталады.
Жер асты шаймалау әдісі – уран өндірудің ең таза әдісі. Бұрғыланған ұңғымалар арқылы кенді қабаттарға күкірт қышқылы құйылмайды, тек оның 2 пайызды судағы ерітіндісі құйылады.
Жану деп – көп мөлшерде жылу және әдетте жарық бөліп тұратын тотығу реакциясын айтады. Жану аймағы деп – өрт ішіндегі жанып жатқан жерді айтады.
Өрт - материалдық шығын келтіретін бақылауға келмейтін, тұрақты ошағы жоқ жану. Өрттің ошағы болып алғаш пайда болған жері болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет