Курстық жұмыстың тақырыбының актуалдылығы қазіргі кезде техника мен технологияның қарыштап дамыған заманында кәсіпорындар мен өндіріс орындары автоматтандыру саласына ерекше мән беріп отыр. Соңғы жылдары қай өндірісті алып қарасақ та автоматтандырылған, яғни тиімділеу басқаруға көшкен. Сондай кәсіпорындардың бірі отандық «Қазатомөндіріс» ҰАК-сы, аталған компания уран өндірумен айналысатындықтан бұл жерде автоматтандырудың маңызы жоғары, өйткені уран өндірісінің қауіпті өндірістердің бірі ретінде қоршаған ортаға және адамдарға келтіретін зияны орасан зор.
Көп жылғы зерттеулер дәлелдегендей, Қазатомөнеркәсіп қолданатын жер асты ұңғымалы шаймалау әдісі (ЖҰШ) қоршаған ортаға ешқандай теріс ықпалын тигізбейді. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бұл технологияны кен орындарын игерудің экологиялық ең таза әрі ең қауіпсіз әдісі ретінде мойындаған.
Берілген жұмыстың ғылыми жаңалығы жер асты ұңғымалы шаймалау кенді жер бетіне шығармастан, табиғи уран иондарын жер қойнауының өзінде өнімді қойыртпаққа айналдыру арқылы құмдақ типтес кен орындарын игеру әдісі болып саналады. Кейін қопсытуға көп шығын талап ететін өндірістің дәстүрлі (шахталық және карьерлік) әдістерінен айырмашылығы сол, құрамында ураны бар кен жер астында қалатын ЖҰШ әдісі жоғары экологиялық қауіпсіздігімен, аз шығындарымен және технологиялық операциялардың қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Ерекше айта кету керек , республикамыздағы бүкіл тау-кен өндірісінің жерасты ұңғылы шаймалау әдісіне қайта бағдар алуының себебі өндірістің қоршаған ортаға теріс әсері. Осы әдіспен игерілген кен орын алаңының жер бетінде бұзылым белдемі мен опырылған жер, бос жыныстардың үйінділері мен қойма қалдықтары болмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты жерасты ұңғылы шаймалау әдісі арқылы аз шығын жұмсай отырып, көп өнім алу тапсырмасы қарастырылған. Бұл тиімділеудің, яғни автоматтандырудың басты талабы.
Өндірістен түгелімен шаң-тозаң бөлу көздері алынып тасталған, атмосфераға шығатын радиоактивті заттардың көлемі азайтылған.
Осымен уран өндірісінің тиімділігі бірнеше есеге артты. Ал өз кезегінде біздің мамандығымыз автоматтандыру саласында ең бірінші кезекте өндірістің тиімділігіне мән береді. Әрбір кезек тиісті кенорын учаскелерін өңдеу үшін қажетті ғимараттардың толық кешенін қосқанда, сонымен қатар өнімділіктің өсуі бірнеше блок-модульдердің параллель жұмысымен қамтамасыз етілгенде , модульдық принципті пайдалана отырып, геотехнологиялық өндіруші кәсіпорындар құрылуы және ұлғаюы мүмкін .
Техникалық прогресс заманында уран өндірісін автоматтандыру заман талабына сай шешімін табуда.