«Қазтуған — Ноғайлы жырауларының ең кенжесі, XVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген тұлға. Жыраудың өмір сүрген кезеңін анықтауға Ноғайлы шежірелері септеседі.
Қазтуған шежіресі былай түзіледі: Ысмайыл — Дінбай — Тінікей — Абдол — Сүйініш — Қазтуған. Ысмайыл Мұса бидің ортаншы ұлдарының бірі болғандықтан, 1480 ж. шамасында дүниеге келді деп болжауға болады. Ал өлген жылы 1563 жыл. Оның төртінші ұлы Дінбай Орыс би заманының 1578–1590 жылдары атыс-шабыстың бел ортасында болды. Қазтуған — Ысмайылдың бесінші ұрпағы. Əр ұрпаққа 20–25 жастан бергенде Қазтуған 1600 ж. шамасында дүниеге келген болады.
Ол Ноғай ұлтының төл перзенті. Үшінші атасы Дінбай би дəрежесіне көтерілмегенмен, Башкирияның уəлиі болған Ноғайлының атақты мырзаларының бірі. Қарғыс тигендей атыс- шабыспен өмірлері Ысмайыл ұлдары арасында үнемі əділет жолына жығылушылардың бірі болды», деп жазады [4].
Қазтуған жырларына қарағанда, ол өзінен жасы үлкен Асан Қайғының көзін көрген. Əрине, жай ғана жүзі таныс емес, Асан сияқты бірнеше ханның ақылшысы болып, ел ісіне бел шеше араласқан адамнан үлгі-өнеге алған. Кейін Асан Қайғының баласы Абатпен үзеңгілес болып, ел ісінде мақсат- мүдделерін ортақтастырған.
Жоғарыда келтірілген деректерді саралай келгенде, Қазтуған ХV ғасыр аясында сексен жасқа жақындап ғұмыр кешкен адам.
Достарыңызбен бөлісу: |