Белгілі биік көк сеңгір


Ұлы жыраудың «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» атты толғауы



бет4/6
Дата07.01.2022
өлшемі49,73 Kb.
#19306
1   2   3   4   5   6
Ұлы жыраудың «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» атты толғауы

С.Сейфуллин өзінің 1931 жылғы жинағында «Ноғайлар бытырағанда Қазтуған батырдың айтқаны» деген атпен «Арайна, билер, Арайна» деп басталатын жиырма шақты жолдай өлеңін жариялаған [8]:

Жазушы аталмыш шығарманы түгел жарияламай, кейбір жолдарын қысқартқан. Алынып қалған өлеңдердің орнына көп нүктелер қойып кеткен. Сөйтсе де, жыраудың негізгі ой-арманы айқын сақталған.

Қазтуғанның бұл толғауы [1; 15–18] «Сөйле, тілім, жосылып» атты жинаққа толық кіргізілген.

Жыраудың туындысы:

Арайна, билер, Арайна,

Арайна десем, болғай ма?!

Арайнасыз əрқайда

Ердің ісі оңай ма?!

Арайна болған Қазтуған,

Қайғыланып сонда толғай ма?!

Ел қияға қонбай ма?

Еділ, Жайық арасы

Кеңшілік қоныс болғай ма?!

Ебей басты құба үлек

Ернімен шырпы шалғай ма?!

Бұл қоныста отырып,

Біздің мұсылман баласы

Жағасы босап тынбай ма?! —деп басталады.

А.Сейітова «Қазтуған толғаулары — Ноғайлы-қазақ дəуірі əдебиетінің үлгісі» деген мақаласында мынадай қызық дерек келтірген: «Орталық ғылыми кітапхана қорының қолжазба бөлімінде осы «Арайна» есіміне қатысты мынадай мəлімет бар: «Қазтуғанның Арайна атты жолдасы қаза болып, өтерінде кейінгі жырлардың бəрі «Арайна» деп басталса екен деп өсиет қылыпты-мыс. Бірақ жырау шығармалары біздің заманымызға толық жетпегендіктен, кейінгі толғауларында Қазтуғанның жолдасының соңғы өтінішін қалай орындағаны бізге беймəлім» [2; 61].

Осы толғауда Қазтуған жыраудың елдің болашағына алаңдаушылығы, туған жердің тыныштығының қаймағы бұзылғандығына күйінуі анық аңғарылады.


  1. Туған жерден өз еркімен бастарту қаншалықты қиын болғанына қарамастан, Қазтуған мұсылман баласын кеңінен жайлаған құтты қоныстары Еділ-Жайық арасы мен Астраханды қоныс етпеуге, ол жерлерден көшуге шақырады. Еділден кетпесе, қалмақтың басып алатыны; Жайықты тастамаса, кəпірлердің, яғни орыстардың, басып алып, қала салатыны; Астрахан қаласын да солардың тартып алатыны тарихи шындықпен дөп келеді:

Еділді қоныс етпеңіз,

Жағалай қалмақ алады.

Жайықты қоныс етпеңіз,

Сыдыра біткен көкжиек,

Кəпірлер қала салады.

Аштраханды (Астраханды) қоныс етпеңіз, Шəһəрін оның алады.

  1. Қазтуғанның ат жалын тартып мініп, ата жолын қуып, ел ісіне араласқан ортасы Дешті Қыпшақтың кіндік мекені, Еділ мен Жайық арасы, Каспий алабы, Нарын, Қабыршақты, Қарасу деген жерлер. Қазтуған қиын кездегі көп қиқушының бірі емес. Сол даланың бағы мен сорын пешенесіне балаған ел басылардың əулетінен шыққан. Оның тепсініп сөйлеп, таусылып айтып, тебірене күй төгуінде осындай гəп бар.

Жыраудың ұғымында Еділ, Жайық, Ойыл əлеуметтік мəнге ие. Бір Еділдің өзі жалпы ел бейнесін бейнелесе, Жайық — сол елдің жаны. Ойыл — ақыл мен парасаттың ошағы — ой ұғымдарымен астасып жатыр. Сондықтан сөз дүлдүлі:

Еділді алса — елді алар,

Енді алмаған не қалар?

Жайықты алса — жанды алар,

Жанды алған соң не қалар?

Ойылды алса — ойды алар,

Ойлашы, сонда не қалар?

Қара мауыты мұшақат

Бүтін тоғай жерді алар, –

деп күйінеді. Расында, жан мен ойдан айрылған елде не қауқар, не қайрат қалмақ. Жырау жаны осыған күйзеліп, налиды.



  1. Қазтуғанның туған жеріндегі бір кездегі «жабағылы жас тайлақ жардай атан болып», содан көбейген Ойсылқара тұқымына да жатжұрттықтардың қол салатыны жырау жанына қаяу түсіріп, қабағына кірбің ұялатады. Бұл жайлар да Қазтуған жырына арқау болған:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет