Белгілі биік көк сеңгір



бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі49,73 Kb.
#19306
1   2   3   4   5   6
Жаз кіреге жақсы деп,

Дулығалы нарды алар,

Қыс кіреге жақсы деп,

Шудасы қалың айырды алар.

Сусынына шай алар,

Шайнауына май алар.

  1. Кемеңгер жырау өз толғауында өткен күндерді армандап, аһ ұрып, кəпірлердің билігінің күшейіп, мұсылманның басынан бағы тайып, тəуелсіздіктен айрылып, ғаріп халге түскен күйін қынжыла баяндайды:

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,

Қайран саланың жатқан аңғары-ай,

Ақ шалмалы пірлердің

Мешітке жаққан шамдары-ай!

Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім

Аузы түкті кəпірдің

Күшті болған салдары-ай!

Кəпірден теңдік алуға

Қайта келер деймісің

Мұсылманның баяғы

Шыңғыстан туған хандары-ай?!

Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Атаңа нəлет кəпірдің

Пайдасына қалмаса игі еді.

  1. Əйгілі жыраудың ноғайлы-қазақ елінің құнарлы қонысын қимай, амалсыздан тастап бара жатқанына керемет өкініш білдіргені толғауда былайша суреттеледі:

Ноғайлы, қазақ жұртымның

Кейінгі туған балалары-ай!

Адыра қалғыр көк Жайық,

Аңырап қалған қонысым!

Қонысымнан ауған соң,

Кетпегей еді ырысым.

Таудағы тарлан бөрі едім,

Тарылған сынды тынысым.

Кейінгі өскен жас бала,

Ақ балтырын түрініп,

Басарына ерініп, Көкірегі күйініп,

Тек тірлікке сүйініп,

Ықтиярсыз жүгіріп,

Аузы түкті кəпірдің

Етпегей еді жұмысын!

Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Екеу-екеу сөйлесіп,

Біздің кейінгі өскен жас бала

Аузы түкті кəпірдің

Соқпаса екен пайдасын!

Буыршынның жалғыз қырқар азуы,

Бөкеннің желіп өтер төрт саны,

Бұғының ауыр қара мүйізі,

Бидайықтың жалғыз соғары,

Қашағанның ұзын құрығы,

Ақ орданың тіреу сырығы,

Айдаса — қойдың көсемі,

Сөйлесе — тілдің шешені,

Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,

Күз жіберіп, жаз мінген,

Жазаласа — екі жылда бір мінген,

Жолдасын жолай іздеген,

Өзіне тиген дұшпанын

Қарт бурадай тіздеген –

Мен — Қарға бойлы Қазтуған,

Қайғыланып асып барамын

Ноғайлы-қазақ елімнен!

Қазақ пен ноғайдың айырылысқанын, ата қоныстың артта қалғанын Қазтуғанның көзі көріп отырса да, көңілі сенбейді, жан жүрегі бұл сұмдықты мойындамайды. Осынау тарихи оқиға Қазтуғанның бүкіл өмірінің мазмұнына айналған сияқты.

Бір қызығы, осы жағдайлар тек қана жыр түрінде емес, Қазтуған көкірегінен күй болып та төгілген. Ол күй ел ішінде күні бүгінге дейін Қазтуғанның «Сағынышы» деп тартылады. Əрине, Қазтуған сияқты кесек тұлға бірлі-жарым күй шығарумен шектелмеген. Белгілі ғалым, атақты жазушы М.Мағауин Қазтуғанның «Құлақ күй» атты күйінің болғанын жазады. Өкінішке орай, əзірше қолда бары «Сағыныш» деген күйі.

 

Түйін

Қорыта айтқанда, Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жырау негізін салған, көнеден келе жатқан толғау жанрының дамуына үлкен үлес қосты. Жауынгер ақынның дала поэзиясына тəн өр рухты, дауылпаз үнді, асқақ қанатты сөздерге толы, көркем тіркестерге бай жырлары қазақ əдебиеті тарихында өшпестей із қалдырды.

Сондықтан да халық Қазтуғанды əрдайым еске алып, қадір тұтқан. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақты батыр. Оның тоғыз батыр ұлы болыпты.



Онымыз тұрып оқ атсақ,

Он сан қалмақ бөлінген, —

деп айтыпты батырдың өзі. Халық аузында мынадай да жолдар кездеседі [9]:



Тоғыз тұтам оқ жонған,

Толғамалы найза өңгерген,

Тоғыз көлді торқалы

Темір болат сауыт киген,

Толғамалы жақ тартқан,

Толассыз тұрып оқ атқан,

Тоғыз оқ торғауытты бөгеген,

Тобылғыдан су татқан.

Жетпіс бесте жасы бар...

Қабыршықты жайлаған.

Ақсуды төмен бойлаған.

Шағанға атын байлаған,

Қарға бойлы Қазтуған...

Қазтуған жырау қайғы айтып еш түңілмеген. Батырлар дəстүрін қолдап, асқақ жыр шерткен. Бөлінбес бірлік, қайтпас ерлік дəстүрін уағыздаған. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистік пікірлер ұсынған. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоныстың қасиеттерін асыра ардақтаған [7; 123]:



өрінген мынау көк

Нарын Ойран салып өткен жер.

Маңдайы күнге күймеген,

Жорғадан басқа мінбеген,

Сұлудан басқа сүймеген,

Қамқадан басқа кимеген...

Қазтуған жырау өз елін, жерін сүйетін жəне өз халқы үшін, оның бостандығы үшін қасық қаны қалғанша күрескен адам. Басқа ақын-жырауларды да соған үндеген.



Ел-жұрты үшін еңіреп өткен Қазтуғанның сүйегі, көнекөз қарттардың айтуынша, Қияш өзенінің жағасындағы Баба ата қорымына өзінің өсиеті бойынша жерленсе керек. Сөз орайында, əйгілі Бөкей ханның сүйегі де осы қорымда екенін айта кетудің артықтығы жоқ.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет