Белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата27.09.2022
өлшемі133,87 Kb.
#40464
1   2   3   4   5   6
Мемлекеттің төртінші функциясы — 
қорғау
 функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы
мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар
қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы
күштерден қорғауы қажет. "
Милитаристік
мемлекеттер", "полициялық мемлекеттер"
деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып,
үстемдік етеді.


Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық
мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның
табиғаты мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет түрлерін анықтауда бұл
функциялардың арақатынастары әр түрлі екендігі байқалады. Олардың мемлекеттің
тіршілік әрекетіндегі орнын басқару формалары мен 
саяси режим
ерекшеліктеріне сай
құрылған мемлекеттік органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.
Авторитарлық типтегі мемлекеттерге мәжбүрлеу функциясының келісімдік
функциядан басымдылығы, саяси қатынас субъектілерінің дербестігінің жетімсіздігі,
оппозицияның
әлсіздігі мен ұйымдаспағандығы тән. Осыған байланысты
авторитарлық мемлекеттер жүзеге асырып отырған акцияларының салыстырмалы
заңдылығымен, айқын тұрақтылығымен сипатталынады. Осының салдарынан
қоғамдық организмде дер кезінде мемлекеттік органдар шешімін табуға мүмкіндік
бермеген әлеуметтік проблемалар жинақталынуы және шоғырлануы мүмкін. Билік өте
беделді және қажетті кәсібилікке ие болғандықтан пайда болған барлық
проблемаларды шешуге қабілетті деген саяси иллюзияның негізінде қызмет етеді.
Демократиялық мемлекеттерде мәжбүрлеу функциясымен қатар келісімдік функция
да басым болады. Саяси қатынастар субъектілері дербес, қоғамда дамыған саяси
мәдениетімен ұйымдасқан оппозиция қызмет етеді, ал бұл саяси мәдениет оған
шиеленіс түйінін өз уақытында тарқатуға мүмкіндік беретін, жағдайдың тұрақтануы
мен қоғамның әлеуметтік даму жолымен алға басуына жәрдемдесетін конструктивті
саяси, экономикалық, әлеуметтік идеялар мен акцияларды ұсынуға және олардың
жүзеге асуына қатысуға жағдай жасайды.
Оппозицияның міндеті — қоғамдық өмірде ең басты мәселелердің қойылуы мен
шешілуіне ашық қатысу жолымен 
электораттың
сеніміне ие болу. Қажетті
демократиялық құрылымдардың болуы мемлекеттік саяси акциялардың да, сондай-
ақ саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің де заңдылығын толықтай
қамтамасыз етеді.
Тоталитарлық мемлекеттерде мәжбүрлеу мен қорғау функциялары дамыған,
ұйымдастыру функциясы барлығын қамтиды және келісімдік функциясын жоққа тән
деуге болады. Сондықтан тоталитарлық мемлекеттер қоғамдық өмірдің барлық
салаларында толықтай ұйымдасқан бақылау жүргізетін мемлекеттік нормалар мен
қағидалардың үстемдігімен, яғни қоғам өмірінің толықтай мемлекеттенуімен
сипатталатын өте күшті милитарландырылған полициялық мемлекет болып
саналады.


Мемлекет типтері мен ондағы қандай да бір функцияның басымдығы арасында
органикалық байланыс бар. Мемлекет функциялары өз кезегінде мемлекеттік
қызметтің таралу аймағын, мемлекеттік органдардың құрылымы мен биліктік
өкілеттіктерін анықтайды.
[2]
Әлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке байланысты немесе аймақтық
рыноктарды қалыптастыру, біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін, кей жағдайда
басқа экономикалық одақтардан қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа кірген
мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық
прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай
шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық экономикалық одақтар
экономикалық интеграцияға кең жол ашады. Дүние жүзінде мемлекетаралық
экономикалық одақтар 20 ғасырда кең өріс алды. Олардың кезеңді міндеттерге орай
ауқымы мен басқару функциялары өзгеріп, құрылымы жетілдіріліп отырды. Кейде
оның құрамында бір құрлықта орналасқан мемлекеттер түгелдей дерлік қамтылады.
Батыс Еуропа экономикалық одағы осындай үлкен мемлекетаралық экономикалық
одақтарға жатады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше Мемлекетаралық экономикалық
одақтарға: Кедендік одаққа (
1995
), 
Шанхай ынтымақтастық ұйымына
(
2001
),
Еуроазия экономикалық одағына
(
2002
), 
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына
(
2004
) мүше болды. Қазақстанның және осы одақтар құрамына енетін басқа да
мемлекеттердің алға қойған негізгі мақсаты — алыс-жақын көрші елдермен арадағы
эконамикалық қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты дамыту,
аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті, өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ету,
ішкі реформалардың іске асырылуына қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны
қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен қатар келешектегі күрделі мәселелерді
де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық Азия аймағында мұнай мен газды, электр
қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу,
ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке, есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу,
тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының алдына қойылып отырған
ортақ күрделі міндеттер болып табылады.
Мемлекетаралық экономикалық одақтар
Мемлекет иелігіне алу


Мемлекет иелігіне алу — шаруашылық жүргізуші субъектілерді тікелей басқару
атқарымдарын мемлекеттен жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара немесе толық
(соның ішінде жекешелендіру жолымен де) беру. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан
нарықтық экономикаға көшудің, тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың,
рынокты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың, тауарлардың сапасын
арттырудың, мемлекет кәсіпорындардың монополизмін жоюдың маңызды бағыты
ретінде қаралады. Жалпы ел экономикасының тиімділігін арттыруға және оның
азаматтарының тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталады. Қолданыстағы заңдарға
және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік айыптаушы — қызметі қылмыстық іс бойынша айыпталушының кінәсін
дәлелдеуге бағытталған, сот отырысында заңға сәйкес негізде мемлекет атынан
айыптауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Мемлекеттік айыптаушы қызметінің
құқықтық жай-күйі әр мемлекетте әр түрлі аталады және мұндай қызмет барлық
жерде біріне бірі ұқсай бермейтін салалық мемлекет қызмет жүйелерінде
атқарылады. Бір елде мемлекеттік айыптаушы лауазымы сот жүйесінің құрамындағы
қызметтік тармақ болса, басқаларында ол өз алдына бір мемлекет қызмет жүйесі.
Қазақстанда мемлекеттік айыптаушы қызметі прокурор лауазымының атқаратын
міндеттерінің бір саласы. Мұндай қызмет прокурордың қылмыстық іс
материалдарына сүйене отырып, заттай дәлелдемелер мен куә айғақтары арқылы
айыптаушылық тұжырым айтып, соттан сотталушыға жазаның нақты бір түрін
тағайындауды сұрауынан тұрады. Сотта мемлекет айыптауды қолдау үшін 
прокурор
өз дәйектерін алдын ала орнықтыру сатысынан өтеді. Тергеу органдарынан келіп
түскен қылмыстық істің заңдылығын қадағалау барысында прокурор заңсыз
қозғалған істі қысқартады не қайта саралайды немесе нұсқау беріп тергеушіге қайта
жібереді. Ал заң талабына толық жауап беретін іс болса немесе заңсыздықтар
жойылып, қайта түскеннен кейін прокурор істі сотқа өткізеді. Мемлекет айыптауды
қолдау да қылмыс жасаған адамның қудалануын талап еткен заңның орындалуын
қадағалаудан туындайды.
Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі

1992
жылы құрылған. Қазақстандық
қолөнер шеберлерінің туындыларын және көне замандардан жеткен зергерлік
бұйымдарды жинап, сақтап және зерттеп, насихаттауды көздейді. Мемлекеттік алтын
және асыл металдар музейін құрудағы мақсат: республика көлеміндегі көптеген
музейлерде сақталған, археологиялық қазбалардан табылған әр ғасыр қолөнер
шеберлерінің бұйымдарын бір жерге шоғырландыру; тәуелсіздікке дейін жақын және
Мемлекеттік айыптаушы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет