Белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына


Мемлекеттің келесі функциясы — келісімдік функция



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата27.09.2022
өлшемі133,87 Kb.
#40464
1   2   3   4   5   6
Мемлекеттің келесі функциясы — келісімдік функция. Мемлекеттің саяси
қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол
айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына
жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен 
капитал
арасындағы
келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың
барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып
саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік
органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және
азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси
қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын
дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс.
Келісімдік функция — мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция
қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің
артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция
адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын
ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге
асуында 
азаматтық қоғам
 институттары маңызды мәнге ие.
Мемлекеттің үшінші функциясы — 
ұйымдастырушылық
. Мемлекет адамдардың
әлеуметтік өмірінің негізгі 
аспектілерінің
ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін
мемлекеттік меншіктің
; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік
органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының;
құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.


Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық
дамудың күшті факторы бола алады. 
Этатизм
(мемлекеттің экономикаға ықпалы)
айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің
қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік
әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті
күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында — бұл
мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі
рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз
етуі және т.б.
Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық
салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс
ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның
саяси тоқырауына алып келетін 
демократияға
жат тенденциялардың пайда болуына
әкеліп соғады.
Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы
әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның
кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.
Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы да
болып табылады. Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік
қағидаларға
, адамгершілік 
принциптерге
, өскелең ұрпақтың болашағына; оның
азаматтық кемеліне жетуіне
рухани мәдениетті
игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық
деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай алмайды.
Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі 
саяси экстремизмнің
шектен тыс
формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің барлық тұстарының
мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған байланысты мемлекеттің
идеократтық саяси жүйеге айналуы 
тоталитарлық
 режимдерге тән құбылыстар. Бұл
үрдісті 
авторитаризмнен
де байқауға болады, себебі авторитаризм де халықты
біріктіретін идеологияға сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет