Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді.
Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда
жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады.
Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді,
парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы
үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды
қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот
Мемлекет басқаруы бойынша
билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық
басқаруға Италия, Германияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде
президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік
арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз
қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады.
Диктатура (
лат.
dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы,
заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру.
Диктатура
мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық
және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік)
мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың
құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет
саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл
қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол
қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей
және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан
ажырататын белгілері бар:
1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық
тұрғыда біріктіреді;
2) жоғарғы билік,
тәуелсіздік мемлекетте
ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден
тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы
саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен
шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет
әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға
қарсы барлау ұйымдастырылады;
5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын
арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді
және жинайды;
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау
мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін
аумақты әкімшіліктерге бөледі.
Қызметтері
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп,
оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар
жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті
шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай
құл иеленушілік
,
феодалдық
,
буржуазиялық
,
социалдық
деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр.
Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам,
қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы
пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер
аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған
мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен
әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің
қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда
болуынан көрінеді.
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару,
қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді
бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар
қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр
түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі
грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың азаматтық борышын өтеу
үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал
оның шәкірті
Аристотель
“ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайдалы игілік үшін
бірігуі” деп түсіндірді.
Көне
Рим
ойшылы
Цицерон
“Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық
дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық
мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі”
дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды,
яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес
халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді
дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер
еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің
нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп
емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта,
Тарихта
адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (
экономика
), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі,
дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.
Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе
бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр
болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан
көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар
бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп
нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы
келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін
көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады.
Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни
көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды.
Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер
етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.
Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының
кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:
ном
,
полис
— халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым
протомемлекет
);
бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару
жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті,
қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);
орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-
қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі
болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);
империя
; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып
алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар
елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде
империя
пайда болады.
Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың
ерекше түрін білдіруге қолданылатын
ұғым
. Негізінен
ассоциацияланған
мемлекет
ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін ( жиі
Даму сатылары
Ассоциацияланған мемлекет
|