Публицистикалық мұрасы. М. Сералин - қазақтың тұңғыш журналисі. Оның публицистикалық еңбегін екі дәуірге бөлуге болады.
1. Қазақтың тұңғыш журналы, М. Сералин өзі ашып, редакторлық еткен «Айқап» (1911-1915) журналымен;
2. «Ауыл» газетімен байланысты.
«Айқапта» жариялаған мақалалары әр алуан тақырыпта. Ел тағдыры, жерді игеру, отырықшылану, оқыту, қызбардың бас бостандығы, қала салу иделарын насихаттайды ( «Қазақ халқының мұқтаждығы», «Біздің бұрынғы һәм бүгінгі халіміз», «Жер әңгімесі» т.б.).
1923-1924 ж.ж. М. Сералин –«Ауыл» (Қостанай) газетінің редакторы. Бұнда жарияланған мақалаларында ол халықаралық саяси мәселелерді, қазақ елінің ішкі жағдайы, шаруашылық, мәдениет мәселелері туралы айтып, Кеңестер одағын қолдап сөз сөйледі.
Аудармалары. «Шаһнамаға» назар аударып, «Рүстем – Зораб» дастанын аударады (Фирдоуси –Рюккер (неміс) – Жуковский – Сералин). Мақсаты - әлемтаныған «Шаһнамамен», Фирдоусимен (ол туралы алғысөз береді) қазақ жұртын таныстыру; Фирдоусидің парсылардың ұлттық рухын, тілін қайтсем көтерем деген осы шығарманы жазу мақсатымен тамырлас.
Сорокиннің «Жусан» әңгімесін де аударған («Айқап». 1915. №1,2).
Достарыңызбен бөлісу: |