Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»



бет24/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. 1895 ж. "Тургайскай газета"-"Киргизские приметы и пословицы", 1923 "Ер Сайын" жыры, 1926 "23 жоқтау" (Москва).

Әдебиеттанушы, сыншы.

1913 ж. "Қазақ". "Қазақтың бас ақыны": "Қазақтың бас ақыны – Абай. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ".

1926 ж. "Әдебиеттанытқыш" .

Аудармашы. 1909 Петербург "Қырық мысал".

М. Әуезов: "Қырық мысал" қалың қазақ жұртының алғаш естіген төңкеріс рухының сөзі еді".

Мысалдар тақырыбы жағынан үлкен екі топқа бөлуге болады

- Оқу біәлімге, адамдық қасиеттерге үндеу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, елді ынтымақ-бірлікке шақыру;

- Елдің елдігін сақтау, езгіде қалған елді азаттыққа, бостандық жолындағы күреске үндеу.

"Қырық мысалдың" "Аққу, шортан һәм шаян» мысалымен ашылуы сол кездегі қазақ өміріндегі ең бір келеңсіз жайды – бас бірліктің жоқ екендігін аса бір дертті мәселе ретінде көтерген.

Ж. Ысмағұлов: Бұл шығармаларды Ахаң түп-түгел қазақ ортасына алып келеді де, ғибраттық тұжырымдарын тұп-тура қазақ қауымының шындығына бейімдеп, айтар үкімін өз тарапынан айтады. Кейде тіпті түпнұсқадағы оқиғаны өз ойына тиек етіп қана алады. Сондықтьан мұндай еңбекті аударма деуден гөрі ұқсас сюжетке құрылған төл туынды деп айтуға болар еді".

Автор елді ағартушылыққа шақырып, қазақ оқырмандарына ой салу мақсатын көздей отырып, мысалдарда неғұрлым саяси-әлеуметтік мазмұн беруге тырысады.

Ахмет ақын Крылов мысалдарын қазақтың төрт жолдан тұратын он бір буынды қара өлеңімен қайта жазып шыққан, Крыловтық әңгімелеу, диалогтық құрылымға поэзиялық әр беріп, образға жан бітіргенЕкіншіден, Байтұрсынов өз аудармаларында Крылов ұсынған композицияны сақтай бермейді. Аталған туындылар қазақ өміріне бейімделіп, сахара тіршілігіне үйлестірген.

Сонымен, Ахмет Байтұрсынов Крылов мысалдарындағы сюжеттік желіні өз уақытына үйлестіріп, қазақ халқының тағдырындағы ділгір мәселені көтеруге пайдаланып, негізгі түпнұсқаға орайласрыпы, көркем ойға ой қосып, пікірді ұштап, таза қазақи төл туынды жасаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет