Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін сабақта пайдаланудың тиімділігі аюпова Назым



бет2/4
Дата10.10.2022
өлшемі20,16 Kb.
#42117
түріСабақ
1   2   3   4
Белсенді оқудағы мұғалімнің ролі. Оқушылардың жетістікке жету шамасына қарай оған енді мұндай аса қамқорлықпен қолдау көрсету қажет болмайды, олар енді өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек. Мұғалім оқушылардың ойлау үдерісін ынталандыратын тапсырмалар мен сұрақтарды қолдана отырып, информатика пәнінде қарым-қатынас жасау үдерісіне тартуы қажет. Мұғалімнің сұрақтары алшақтатушы, жақындатушы, көрсетуші, референттік, болжаушы, тұжырымдамалық және әдістемелік сұрақтардың үйлесімінен тұрады. Осындай сұрақтарды тиімді қоюдың нәтижесінде оқушылар өздерінің және өзгенің ойын түсіне алатын, сонымен қатар дәл осы сәтте олардың не істей алатындықтарын білетін болады және тағы да қандай жетілдірулер қажеттігін байқай алатын ұжымдық талқылау да қолданылады.Белсенді оқыту оқушының оқу сауаттылығына қатысты ойлары мен дағдыларын дамытуды қолдайды. Мысалы: Жұппен ойлаңыз. Жұппен ойлау тапсырмасын орындау барысында олардың тақырып туралы ойлауға, ойларын жазуға және әріптестерімен талқылауға мүмкіндіктері пайда болады, қорытындысында олар талқылауға дайын болады. Неліктен жұппен ойлау белсенді оқытудың стратегиясы болып табылады? Белсенді не болды? Пікір алмасу біздің оқуымызға әсер етті, біз кітап оқудан емес, өзіміздің өмірімізден алынған тәжірибелерді талқылаудан үйрендік. Тыңдаушыларға белсенді болу мүмкіндігін беру үшін әртүрлі әрекеттер жасау қажет.Оқушылардың дағдыларын дамытудағы өте маңызды аспектілердің бірі-оқушының әрекетін мұғалімнің дұрыс қабылдауы-қателерін түзету, ескертпелер айту және түсініктемелер беру. Мұғалім оқушылардың пікірлерінің дәлдігі мен орындылығына да назар аударуы тиіс, сонымен бірге оқушыларға өз ойларын еркін білдіру мүмкіндігін де беруі тиіс, ал берілген тапсырма бойынша ескертпелер жасауда мұғалімнің әрекеті айқын болмаса да жылдам әрі шапшаңдыққа қол жеткізуге бағытталған болуы тиіс.Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу сауаттылығы саласындағы арнайы дағдыларды дамыту, бағалау, мысалдарды талдау және мәселелерді табысты шешу үшін қажетті дағдылар мен стратегияларды анықтау, мәселелерді шешуді іздеу стратегияларын ұғынуға мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет