Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін сабақта пайдаланудың тиімділігі аюпова Назым



бет4/4
Дата10.10.2022
өлшемі20,16 Kb.
#42117
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Аюпова баяндама

Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері боцынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар сауалдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады.
ББҮ кестесі (Білемін /білгім келеді/ үйрендім) – сабақтың басынан аяғына дейін қолданылады, өйткені стратегия сабақтың барлық сатысын қамтиды. Сабақтың барысында оқушылар берілген тақырып бойынша не білетіндерін ойланады, содан соң сұрақтар құрастырады және осы сұрақтарға өздері жауап іздейді.
Венн диаграммасы. Оқушыларды синтез /анализ/ бағалау жоғары деңгейдегі ойлау қызметіне әкелетін салыстыра білу қабілетін дамытуда қолданылады. Сабақты бекіту үшін бұл стратегия тиімді болып есептелінеді, бірақ қызығушылығын ояту кезеңінде де пайдалануғаболады. Бұл стратегияларды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады. Оқыту барысында оқушыларға егжей –тегжейлі мәтінді түсінуге, кейіпкерлердің рөлін сомдауға, дұрыс түсінуге және алған білімдерін тәжірибемен байланыстыра қолдана білуге, пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруға мүмкіндік береді.
Менің ойымша, оқушылар бүгінгі күні шығармашылық тапсырмаларды орындауды табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер қалыптастыратын дәйектерді, әрекеттер мен байланыстарды өзгертеді. Басқаша айтқанда, тәжірибені өзгерту - бұл істеп жатқан ісімізді өзгерту, түсінікті өзгерту - бұл біз қалай ойлайтынымызды өзгерту, жағдайды өзгерту- бірбірімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді. Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді. Оқыту тәсілдері оқушылардың табысын арттырады.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Н. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар
2. К.Өстеміров, А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» - А.,2006ж.
3. Инновационные педагогические технологии. Активное обучение /Панфилова, А.П. - 2011

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет