Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін сабақта пайдаланудың тиімділігі аюпова Назым



бет3/4
Дата10.10.2022
өлшемі20,16 Kb.
#42117
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Аюпова баяндама

Ақылмандар сарабы. Оқушылар жұптарда немесе қысқа топтарда сұрақтарға жауап беру, сұрақтарды шешу, идеяларды ойластыру үшін бірге жұмыс жасайды. Идеяның неғұрлым көп нұсқаларын ұсыну, әдеттегіден тыс идеяларды бөліп көрсету, және сынды жеңіп шығу. Процесстің соңына таман оқушылар идеяларды араластырып қалыптастырады, бұдан әрі ең жақсы идеяларды таңдап алады.Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді.Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын арқылы баланы ойлата білу.Информатика сабағында мынадай белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады.Ойлан, жұптас, бөліс – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.Кластерлер(жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Белсенділіктің негізгі 3 деңгейін атап көрсетуге болады.

  • Қайта жаңғырту белсенділігі-оқушының білімді түсінуге, есте сақтауға, қайта жаңғыртуға тырысуы,яғни, үлгі бойынша пайдалану тәсілдерін меңгеруі.

  • Интерпретация белсенділігі- оқушының оқытылған материалдың мәнін түсінуге, осы ақпараттардың арасындағы байланысты түсінуге тырысуы, яғни ақпаратты (білімді) үлгі бойынша емес,өзгертілген жағдайда пайдалану тәсілдерін меңгеруі.

  • Шығармашылық белсенділік-оқушының мәселені шешу жолдарынөз бетінше іздеуі, яғни, танымдық қызығушылығын көрсете білуі.

Аталған 3 деңгейді негізге ала отырып оқушылар сабаққа деген белсенділікті күшейтеді.


Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бірбіріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша , жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады. «Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
• Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.
• Құрылған әр топқадәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер: Ыстық орындық - Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады (мысалы, Гордон Браун немесе жалғыз басты жас ана).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет