Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік


ЕСІМДІК. МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата18.01.2017
өлшемі0,7 Mb.
#2152
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЕСІМДІК. МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ 

Ж О С П А Р Ы : 

1. Есімдік туралы түсінік. Олардың есім сөздерге   бірлестік  қатысы. 

2. Есімдіктің  жасалу жолдары. 

3. Есімдіктің мағыналық топтары. 

  Тірек  сөздер:  есімдік-есім  сөздердің  орнына  қолданылатын  сөз  табы, 

субстантивтік есімдіктер мен атрибутивтік есімдіктер, байырғы есімдіктер (кім, 

не,  сіз,  қай),  соңғы  кезде  туып  қалыптасқан  есімдіктер  (өзге,  ешкім,  əлдекім, 

кейбіреу,  ешқашан),  лексикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  тəсілмен 

жасалған есімдіктер туралы., есімдіктің мағыналық топтары: жіктеу есімдіктері, 

сілтеу  есімдіктері,  сұрау  есімдіктері,  өздік  есімдік,  белгісіздік  есімдік, 

болымсыздық есімдіктері, жалпылау есімдіктері 

Есімдіктер  есімдер  тобына  жататын  сөз  табының  бірі.  Есімдіктер  заттың 

атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, 

сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті  я 

ойды  жалпылама  түрде    мегзеу  арқылы    бұрын  айтылған  сөйлемге  немесе 

жалпы  сөйлеу  аңғарына  қарай  айқындалады.  Мысалы  Ол  Прутковтың  барлық 

афоризмін  білетін.  Сен  қымсынба,  артыңда  біз  бармыз  дегендердегі 

есімдіктердің қайсысының болса да, мағынасы нақтылы емес. Өйткені бірінші 

сөйлемдегі  ол  деген  сөзден  тек  бір  адамның  Прутковтың  барлық  афоризмін 

білетінін  аңғарғанымыз  болмаса,  ол  адам  кім

?  Бейсенбай  ма,  əлде  Мұрат  па? 

Жоқ  тіпті  біз  білмейтін  басқа  бір  адам  ба

?      Əйтеуір  оның  кім  екенін  бірден 

айқын  біле  алмаймыз.  Екінші  сөйлемдегі  сен,  біз  дегендерідің  де  мағыналары 

нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған. Ондай болатын себебі: ол 

деген сөз мен жəне сен деген ұғымнан бас қаның бəрін білдіреді. Демек көзбе-



 52

көз  я  бетпе-бет  сөйлесіп  тұрған  екі  адамнан  басқаның  бəрі  (адам  ба,  зат  па-

бəрібір)-ол  болады.  Ал,  мен  тек  бірінші  жақ  (сөйлеуші  я  айтушы  болады  да), 

сен-тыңдап,  сөйлесіп  тұрған  адам  демек,  сөйлеуші  мен  (менімен)  əңгімелесіп 

отырған  адам  болып  шығады.  Сонымен  жоғарыдағыдай  дара  тұрған 

сөйлемдердегі есімдіктердің дəлді мағыналары бірден айқын болмайды. 

  Есімдіктердің  дəлді  мағыналары,  егер  екі  я  одан  да  көп  адам  сөйлесіп 

отырған жағдайда (диалогта) қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я 

аталып  өткен  сөйлемдермен  байланысты  аңғарылады.  Ал  ондай  есімдіктер 

монолог түрінде айтылған я жазылған сөйлемдерде қолданылса, олардың дəлді 

мағыналары  яғни  олар  туралы  мəлімет,  сол  сөйлемдерден  бұрын  айтылған  я 

жазылған  сөйлемдермен    байланысты  анықталады.  Мысалы:  Мен  жаратпаған 

атшыға  қарап  едім,  ол  «тек»отыр  дегендей  басын  шайқап,  ернін  тістей  қойды 

деген  мысалды  алсақ,  сөйлемдегі  ол  деген  сөздің  дəл  кім  екенін  бірінші 

сөйлемдегі  атшы  деген  сөзден  аңғарамыз.  Сол  сияқты:  кімді  айтса,  сол  келеді 

деген  мақалдағы  кімді,  сол  деген  есімдіктердің  де  кімді  нақтылы  білдіріп 

тұрғанын,  яғни  дəлді  мағыналарын  бұрынғы  сөйлемде  аталған  адамға  қарап 

барып аңғарамыз. Шынында ол, мен деген есімдіктерді алсақ, əркім я əр адам, 

ол да, мен де бола алады. 

  Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар (есімдіктер) 

қандай  сөздердің  орнына  қолданылуына  қарай,  сол  сөздердің  негізгі 

мағыналарына сəйкес (заттық, сындық, сандық т.б.) зат немесе заттық белгімен 

байланысты  ұғымдарға  ұштасып  жатады.  Мысал  үшін  сен,  ол  жіктеу 

есімдіктерін,  бұл,  сол  сілтеу  есімдіктерін,  кім,  не,  қай  сұрау  есімдіктерін 

алайық. егер осы есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап қарайтын болсақ, 

қандай  сөздердің  орнына  қолданылуына  байланысты,  біріншіден  заттық 

ұғымды  білдіретін  сөздердің  орнына  қолданылатын  есімдіктер,  екіншіден 

заттың  белгісін  білдіретін  сөздердің  орнына  жұмсалатын      есімдіктер  болып 

іштей  екі  жікке  бөлінеді.  Сонда  сен,  ол  кім,  не  есімдіктері  заттық  ұғымды 

білдіретін сөздердің бұл. Сол, қай есімдіктері белгі атаулының орынбасарлары 

болып шығады. 

  Осындай екі жік сөздерді, біріншіден заттық ұғымды білдіретін сөздердің 

орынбасарлары-субстантивтік  есімдіктер,  екігшіден  заттың  белгісін  білдіретін 

сөздердің орынбасарлары-атрибутивтік есімдіктер деген екі салаға бөлінеді. 

  Морфологиялық  жағынан  есімдіктер  түрленетін  сөздердің  тобына 

қосылады,  ал  олардың  түрленуінде,  жалпы  алғанда  есімдерге  ұқсастықтар 

болмағанамен,  өздеріне  тəн  ерекшеліктері  де  бар.  Мысалы,  субстантивтік 

есімдіктер қолданылуы ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тəуелденіп 

те, септеліп те, жіктеліп те қолданыла беретін болса, аттрибутивтік есімдіктер 

дəл  өз  мағынасында  нағыз  сын  есімдер  ретінде  қолданылып  тұрғанда, 

грамматикалық  жағынан  түрленбейді,  демек,  грамматикалық  формаларының 

ешбірін де қабылдамайды.  

  Есімдіктердің  бəріне  де  тəн,  бəріне  де  ортақ  деп  есептерліктей  я 

танырлықтай  белгілі  бір  жүйелі  формалары  немесе  өзгеру  тəсілдері  жоқ.  Бұл 

ерекшелік  негізінде  есімдіктердің  іштей  субстантивтік  жəне  аттрибутивтік 

болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты. 

  Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді: оның бір тобына өте 

ерте  заманнан  келе  жатқан  байырғы  (көне)  түбір  есімдіктер  енеді  де,  екінші 



 53

тобына тіліміздің даму, жетілу процестерімен байланысты, кейінгі замандарда 

пайда  болған,  демек,  соңғы  кездерде  туып  қалыптасқан  есімдіктер  жатады. 

Алғашқы  топқа  жататын  есімдіктер  əрқашан  негізгі  түбір  сөздер  сыпатында 

болады. Бұған мен, сен, ол, біз, сіз, кім? не? қай? міне, бұл, сол, осы т.б. сияқты 

қазіргі  кезде  бөлшектеп  талдап  жатуды  қажет  етпейтін  түбір  тұлғалы  сөздер 

жатады. Бұл аталған есімдіктердің ішінен не сөзінен өзгелері тарихи тұрғыдан 

алып  қарағанда,  ме-н,  се-н,  о-л  (н),  бі-з,  сі-з,  қа - й  (н),  кі-м  бөлшектенетіні 

жайында есте болғаны жөн. 

  Есімдіктердің  екінші  (жаңа)  тобына  мынадай  үш  түрлі  есімдік  сөздер 

жатады:  Біріншіден,  бұған  белгілі  бір  категорияға    тəн  сөздердің  мағыналары 

өзгере келе есімдіктер дəрежесіне ауысуы арқылы, демек, лексикалық жолмен 

жасалған:  бір,  бар,  біреу,  бүкіл,  түгел  т.б.  сияқты  есімдіктер  əр,  күллі,  пəлен 

сиқты басқа (араб, парсы ) тілдерінен ауысып енген сөздер жатады. 

  Екіншіден,  морфологиялық  тəсіл  арқылы  жасалған  сөздерге  сұрау  жəне 

сілтеу сияқты негізгі түбір  есімдіктеріне мысалы -у элементінің (нұсқау, сілтеу 

мəнін  білдіретін  форма)  қосылуы  арқылы  жасалынған  мына-у,  ана-у,  сона-у 

тəрізді  есімдіктер  жатса,  сонымен  бірге,  оларға  əр  қилы  формалар  арқылы 

жасалған:  барлық,  барша,  қанша,  неше,  қандай,  нешінші  тəрізді  есімдіктер  де 

жатады. 


  :шіншіден,  синтаксистік  тəсіл  арқылы  жасалынған  есімдіктер  тобына 

бірдеңе,  бірнеше,  кейбіреу,  əлдекім,  əлдеқашан,  əлдеқайда,  əлдеқайдан, 

əлдеқалай,  əрбір,  ешкім,  ешқайсы,  ешқандай  сияқты  жеке  сөздерден  құралу 

арқылы  жасалынған  күрделі  есімдіктер  жəне  кімде-кім,  қай-қайсы,  бірде-бір 

сияқты қосарланып қолданылатын күрделі есімдіктер жатады. 

  Синтаксистік  жағынан  есімдіктер  əр  түрінің  ерекшеліктеріне  қарай, 

демек, қай сөз табының орнына жүретініне қарай, бастауыш та, толықтауыш та, 

анықтауыш  та,  баяндауыш  та  болып  қызмет  атқара  береді.  Дегенмен, 

мағыналық  ерекшеліктеріне  қарай,  əрбір  есімдік  белгілі  бір  синтаксистік 

қызметтерге  бейім  болып  отырады.  Мысалы,  субстантивтік  есімдіктер 

сөйлемнің  барлық  мүшесі  болатын  болса,  аттрибутивтік  есімдіктер  негізінде 

анықтауыш  болып  қызмет  атқаруға  бейім  тұрады  да,  сөйлемнің  өзге 

мүшелерінің қызметін тек субстантивтенген жағдайда ғана атқара алады. 

  Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес, небəрі алпыс - жетпіс сөз. 

Бірақ олардың атқаратын қызметі орасан зор. 

  Мағыналарына  қарай  есімдіктер  мынадай  топтарға  бөлінеді:  жіктеу 

есімдіктері,  сілтеу  есімдіктері,  сұрау  есімдіктері,  өздік  есімдігі,  белгісіздік 

есімдіктері, болымсыздық есімдіктері,жалпылау есімдіктері. 

  Жіктеу есімдіктері. Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, ол, біз,  сендер, сіздер, 

олар  деген  сөздер  жатады.  Жіктеу  есімдіктері  сан  жағынан  аз  болғанымен, 

қызметі  жағынан  есімдіктердің  ішіндегі  аса  жиі  қолданылатын  тобы.  Жіктеу 

есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты  келеді. Сол себепті олар ылғи 

адаммен  байланысты,  демек,  сөйлеуші,  тыңдаушы  жəне  бөгде  кісі  деген 

ұғымдармен байланысты қолданылады. 

  Жіктеу  есімдіктерінің  Ш  жағы  əдетте,  сілтеу  есімдігімен  ортақ  болып  

келеді. Қазақ тіліндегі жіктеу есімдігінің III жағы деп есептелетін ол деген сөз 

кейде сілтеу есімдігі ретінде жұмсалады. 


 54

  Жіктеу  есімдіктерінің    белгілі  бір  жақты  нақтыетіп  көрсетуі  əрқашан 

сөйлеуші  адаммен    таығыз  байланысты  болады,  демек,  сөйлеушінің  өзге 

адамдарға  қатынасы қай дəрежеде болатындғығына орай жəне соған лайықты 

анықталыр отырылады. Мысалы, екі кісі өзара əңгімелесіп отыратын жағдайда 

олардың  қайсысы  сөйлеуіне  байланысты  жақтық  ұғым  да  ауысып  отырады. 

Яғни, сөйлеуші адам қолданатын «мен» I жақ, екінші адам сөйлегенде «сен» II 

жақ  болып кетеді «керісінше, алғашқы тыңдаушы екінші кісі қолданған «сен» 

II жақ деген ұғым ауысып I жаққа «менге» айналады. 

  Есімдіктердің  де  септелу  жүйесі  басқа  есімдермен  негізінде  бір  ізді 

болғанымен, олардың əр тобына тəн кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы 

жіктеу есімдіктерінің  жекеше түрлері төмендегіше септеледі:  

Атау: мен,  сен, ол, 

      Ілік:  менің,  сенің,  оның, 

      Барыс: маған,  саған,  оған, 

      Табыс: мені, сені, оны, 

      Жатыс: менде, сенде, онда, 

      Шығыс:  менен, сенен, онан, 

      Көмектес: менімен, сенімен, онымен. 

  Жіктеу  есімдіктерінің  жіктелуінде  де  ерекшелік  бар.  Оларға  жіктік 

жалғаудың 

барлық 


жақтарының 

қосымшалары 

қосыла 

бермейді. 



Баяндауыштың  (жіктік)  жалғау  жіктеу  есімдіктері  баяндауыш  қызметінде 

жұмсалғанда,  бастауыштың  жақтық  мағынасын  қармастан  баяндауыштың 

жақтық  мағынасына  қарай  жалғанады.  Мысалы:  Оқушы  менмін,  тыңдаушы 

сенсің  дегенде  грамматикалық  бастауыштар III жақта  да,  баяндауыштар I, II 

жақтарда  айтылған. I, II жақ  жіктеу  есімдіктері  ерекше  бір  жағдайда  болмаса 

тəуелденбейді,  тек III жақтық  есімдік  ғана  тəуелденеді.  Мысалы,  ол - олым, 

оныңыз, онысы. 

  Сілтеу есімдіктері. Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, 

осынау, ана, мына, сонау деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда 

сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты шарттарды білдіріп, қай, қайсы деген сұрақтарға 

жауап  беретін  аттрибутивтік  сөздер.  Дегенмен  сілтеу  есімдіктерінің 

барлығының  мағыналары  бірдей  бір  дəрежеде  бола  бермейді.  Сілтеу 

есімдіктерінің мағыналарын екі тұрғыдан қараған жөн. 1. Сілтеу есімдіктерінің 

мағыналарын  кеңсітік  аралықты  я  топографиялық  кеңістікті  білдіру 

тұрғысынан қарау, 2. Олардың мағыналарын уақыт аралығын я хронологиялық 

мерзімді білдіру тұрғысынан қарау қажет. 

  Топографиялық  кеңістікті  білдіру  тұрғысынан  қарағанда  жіктеу 

есімдіктері мынадай екі түрлі жікке бөлінеді: Осы, бұл, мына, мынау, осынау, 

міне есімдіктері жақындағы затқа я құбылысқа нұсқау үшін қолданылады да ол, 

сол, сонау, түу есімдіктері сəл де болса алысырақтағы заттар мен құбылыстарға 

нұсқау үшін қолданылады. 

  Сілтеу  есімдіктерін  хронолоиялық  тұрғыдан  қарағанда  бірде  нұсқай 

айтылатын  заттар  мен  құбылыстарға  сөйлеу  кезеңінен  бұрын  белгілі  болып 

ескертілген,  соларқылы  сөйлеуші  мен  тыңдаушыға  белгілі  болған  жағдайда 

қолданылса,  бірде  өзінен  кейінгі  сөздермен  түсіндірілетін  яғни  кейінірек 

баяндалып сыры ашылатын мəнде қолданылады. 



 55

  Сілтеу  есімдіктері  таза  аттрибутивтік  күйде  тұрғанда  ешуақытта 

септелмейді,  көптелінбейді  жəне  тəуелденбейді.  Олар  заттық  ұғым  беріп 

субстантивтенгенде  ғана  септік,  тəуелдік  жəне  көптік  жалғауларды 

қабылдайды. Бұлардың септелуі жіктеу есімдіктеріне ұқсас болады. 

  Сұрау  есімдіктері.  Сұрау  есімдіктері  мыналар:  кім

?  не?    неше?    қай?  

қандай


?   қанша?  қалай?  қашан?  Бұлардан басқа да бірнеше сүрау есімдіктері 

бар.  Бірақ  олар  белгілі  жолдармен  жоғарыда  көрсетілген  негізгі  сұрау 

есімдіктерінен  жасалған  есімдіктер.  Мысалы  нешеу

?  нешінші?  деген  сұрау 

есімдіктері сан есімдердің морфологиялық формаларына сəйкестеніп, демек сан 

есімнің  қосымшалары арқылы неше деген негізгі сұрау есімдігінен жасалған. 

  Қайсы

?  қайдан?  қайда?-сияқтылар  қай?  деген  негізгі  сұрау  есімдігінен 



туған.  Қалай  есімдігіндегі    жұрнақ  -лай  (осылай,  солай)  қосымшасымен 

байланысты,  сонымен  қай

?  қайсы?  қайда?  қайдағы?  қандай?  қанша?    қалай? 

қашан


?  қашаннан? қашанғы? деген есімдіктер қай, қан, қа деген бір төркіннен 

туып  көнеленіп  қалыптасқан  сөздер.  Морфологиялық  жағынан  сұрау 

есімдіктерінің  ішінен  кім

?  не?  қайсы?  нешеу?  сияқтылар  септеліп  те, 

тəуелденіп  те,  жіктеліп  те  қолданыла  береді.  Сұрау  есімдіктерінің  бəрі  көпше 

түрде  өзгермейді,  тек  кім

?  не?  неше?  дегендер  ғана    көптеледі.  Сұрау 

есімдіктерінен кім

? не? қандай? қанша? қалай дегендер жіктеледі. 

  Өздік  есімдік.  Қазақ  тілінде  өздік  есімдікке  жалғыз  ғана  өз  сөзі  жатады. 

Бұл есімдік  көбінесе өзім, өзі, өзіңіз деген сияқты оңаша жəне ортақ тəуелдеулі 

түрде  қолданылады.  Мысалы:  Өзің  жүрген  жақтан  өзің  тауып  келген  жол  бар 

ма

?  Өздік  есімдіктің  тəуелдеулі  формада  қолданылуында  мынадай  екі  түрлі 



ерекшелік  бар. 1. Жіктеу  есімдіктері  қабаттасып  та,  қабаттаспай  да 

қолданылады.  Ө:здік  есімдік  тəуелдіктің  қай  жағында  тұрса  қабаттасатын 

жіктеу есімдігі де сол жақта қолданылады. Мысалы, Мен өзім, сіз өзіңіз, олар 

өздері. 2. Тəуелдеулі  өздік  есімдік  сөйлемде  бастауыш  болса  жақ  жағынан 

жіктік  жалғауды  тікелей  өзіне  бағындырады,  демек  бастауыш  болатын  өздік 

есімдік  тəуелдіктің  қай  жағында  тұрса  баяндауыш  та  жіктіктің  сол  жағында 

тұрады,  ал  тəуелдеулі  зат  есімдерде  ондай  қасиет  жоқ.  Мысалы:  Өзім  келдім, 

досым келді. 

  Өздік  есімдік  зат  есімнен  бұрын  айтылғанда  ілік  жалғаулары  түсіріліп 

қолданылып  үнемі  анықтауыштық  қызмет  атқарады.  Мысалы,  өз  кітабым,  өз 

кітабың. 

  Белгісіздік  есімдіктер.  Белгісіздік  есімдіктердің  жасалуына  əр,  бір,  əлде 

деген  үш  сөз  ұйытқы  болып  қызмет  атқарады,  белгісіздік  есімдіктер  осы 

сөздердің  кейбір  басқа  есімдіктермен  бірігуі  арқылы  жасалады.  Мысалы: 1. 

біреу,  кейбіреу,  қайсыбір,  əрбір,  бірнеше,  бірдеме 2. əркім,  əрне,  əрқайсы, 

əрқалай, 3. əлдекім, əлдене, əлдеғайдан, əлдеқашан. 

  Белгісіздік  есімдіктер  деп  мағыналары  жағынан    заттар  мен 

құбылыстарды  нақтылы  түрде  білдірмей  белгісіз  мəнде  айтылатын  сөздерді 

айтамыз. Мысалы: Қыр жолаушысы сиқтанған біреу кіріп келді дегенде кімнің 

келгені белгісіз. 

  Белгісіздік  есімдіктерінің  бір,  біреу,  кей  дегендері  басқа  сөз  таптарынан 

лексикалық  жолмен  ауысқан:  əр,  əлде,  бірдеңе,  бірнеше,  кейбір,  əлдекім, 

əлденеше, əркім, əрне, əрқайсы, əрбір т.б. құрылымы жағынан морфологиялық 


 56

жолмен  жасалған  күрделі  есімдіктер.  Бұл  есімдіктер  заттық  ұғымды  білдіреді 

де зат есімше өзгереді, мысалы, əркім, əрне, біреу, кейбіреу, бірдеме дегендер 

сөйлемде  субстанциялық  (бастауыш,  толықтауыш)  қызмет  атқара  алады.  Ал 

кейбіреулері  затты  анықтайды  (кейбір,  қайбір,  қайсыбір,  əлденеше,  бірнеше), 

енді  біреулері  пысықтауыш  мүше  болып  (əлдеқалай,  əлдеқашан)  қызмет 

атқарады. 

  Болымсыздық  есімдіктері.  Болымсыздық  есімдіктер  негізінен  еш  деген 

сөзбен  кейбір  есімдіктердің  бірігуі  арқылы  жасалады.  Мысалы,  еш,  ешкім, 

ешбір,  ештеңе,  дəнеңе,  ешқашан,  ешқандай.  Болымсыздық  сөйлемде 

болымсыздық  мағына  тудыратын  емес,  жоқ  деген  сөздермен  жəне  етістіктің 

болымсыз  түрімен  байланысты  қолданылады.  Бұлардың  ішінен  заттық  ұғым 

білдіретіндері  ешкім,  ештеме,  ештеңе,  ешқайсы  дегендер.  Ешбір,  ешқандай 

дегендер - аттрибутивтік ұғымдағы сөздер. 

  Болымсыз  есімдіктер  жіктік  жалғауын  қабылдамайды.  Көптік  жалғау 

тəуелдік жалғауларымен қоса-қабат ештемелері, дəнеңелері деген сияқты түрде 

ғана  жалғанады.  Сол  сияқты  болымсыз  есімдіктерінің  тəуелденуі  мен  септелу 

жүйелері де біркелкі болып келмейді. 

  Жалпылау есімдіктері. Жалпылау есімдіктеріне бəрі, барлық, барша, бар, 

күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады. Жалпылау есімдіктері деп мағына 

жағынан кем дегенде екі я одан да көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау 

үшін  қолданылатын  сөздерді  айтамыз.  Жалпылау  есімдіктерінің  ішінен  бəрі 

деген атау формада субстанциялық ұғымды білдіреді де,басқалар атау формада 

аттрибутивтік ұғымдарды білдіреді. Жалпылау есімдіктерінің ішінен бар, бүкіл, 

күллі  сөздері  лексикалық  жолмен  өзге  сөз  таптарынан  ауысқан,  бəрі  барлық, 

барша сөздері морфологиялық тəсіл арқылы бар есімдігінен жасалған. Бірақ бұл 

сөз де əуелдегі бар (жоқ деген сөздің антонимі) деген есімнен прономиналдану 

негізінде пайда болған. Бар, барлық, барша есімдіктеріне тəуелдік жалғаулары 

оңаша  жəне  ортақ  түрінде  жалғана  береді  де,  бүкіл,  күллі,  бүтін  есімдіктеріне 

ешқашан  да  жалғанбайды.  Жіктік  жалғаулары  да  жалпылау  есімдіктерінің 

ешбіріне  жалғанбайды.  Жалпылау  есімдіктерінің  ішінде  тек  субстантивтенген 

түрлері тəуелденіп барып ғана септеле алады. 

  Жалпылау  есімдіктері  негізінен  алғанда  сөйлемде  анықтауыш    болып 

қызмет  атқарады.  Бірақ  оның  өзі  де  жалпылау  есімдіктерінің  бəріне  бірдей 

қызмет  емес.  Ө:йткені  олар  ретіне  қарай,  толықтауыш  мүше  болып  та 

жұмсалады,  бірақ  ешуақытта  да  пысықтауыш  болып  қызмет  атқармайды. 

Мысалы  Барлық  көш  иесіз  тұл  кетіп  бара  жатқан  анау  қаралы  киім,  тұл  ат-

баршасы осы барлық қауымның қайғысын Абайға өзгеше терең түсіндірді.      

 

                      Сұрақтар мен тапсырмалар: 



1. Есімдіктерге жалпы сипаттама берің. 

2. Есімдіктердің есім сөздерге бірлестік қатысы қандай

3. Есімдіктер шығу төркіні жағынан неше топқа бөлінеді



4. Байырғы есімдіктерге қайсы есімдіктер жатады

5. Қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктер қандай тəсілдер арқылы   жасалады



6. Есімдіктер мағыналарына қарай  неше топқа жіктеледі

7. Жіктеу есімдіктеріне қай есімдіктер жатады





 57

8. Жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдіктеріне  ортақ қай есімдік

9. Cұрау есімдіктерінің жасалуына қай есімдіктер негіз болған



10. Белгісіздік есімдіктері  қай сөздердің негізінде жасалады

11. Болымсыздық есімдіктеріне қай есімдіктер жатады



12. Жалпылау есімдіктерінің  негізгі ерекшеліктері қандай

 

 



 

Пайдаланылған əдебиеттер: 

1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, Рауан,1992ж. 

2.Н. Оразақынова, Ж.Исаева, Г.Сулеева Қазақ тілі. (Сөзжасам,  

морфология.Алматы. 2004 

3. А.Ибатов. Қазақ тілі морфологиясының тарихы. 1997 ж. 

4. Ə.Төлеуов. Қазақ тіліндегі есімдер. Алматы, 1996 ж. 

5. Ы.Маманов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1990. 

 

 

ЕТІСТІК. ЛЕКСИКА- СЕМАНТИКАЛЫҚ, МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 

СИПАТЫ 

Ж О С П А Р Ы: 

  1. Етістік туралы жалпы сипаттама 

 2. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты 

 3. Түбір етістіктер 

 4. Туынды етістіктің морфологиялық сипаты 

 5. Күрделі етістіктер жəне олардың жүйесі 

  Тірек  сөздер:  Етістіктер  қазақ  тіліндегі  сөз  таптарының  ішіндегі  ең 

күрделісі,  ол  неше  түрлі  амал,  əрекет,  іс,  қимыл,  қозғалыс,  жай,  күй  сияқты 

процестерді білдіреді, морфологиялық құрылымы жағынан түбір етістіктер (ал, 

жүр,  аш,  бар),туынды  етістіктер  (тазала,  көңілден,  бақырай,  сына),  күрделі 

етістіктер(жəрдем ет, барып кел, бетке шіркеу түсіре көрме) болып бөлінеді. 

  Етістік  тіліміздегі  сөз  таптарының    ішіндегі  ең  күрделі  грамматикалық 

категория.  Етістіктің  күрделілігі  мен  қарымдылығы  оның  аса  өрісті  лексика-

семантикалық сипатымен, кең синтаксистік қызметімен тығыз байланысты. 

  Етістіктің  лексика-семантикалық  сипатының  мейлінше  өрісті  болатын 

себебі-ол  семантика  тек  субьектінің  іс-əрекетін  ғана  емес,  табиғат  ауқамында, 

қоғам  өмірінде  ұшырасатын,  адамның  абстракт  ойы  мен  санасы  арқасында 

туатын  неше  алуан  амал,  əрекет,  іс,  қимыл,  қозғалыс,  жай,  күй  сияқты 

процестерге  қатысты  ұғымдарды  түгел  қамтиды.  Етістіктің  осы  бай 

семантикасы,  оның  түр-түрі,  қашан  да  болсын,  мезгіл  я  шақ  ұғымымен  ұштас 

болады. 


  Етістіктің лексика-грамматикалық формаларының бай болатын себебі-ол 

формалар  амал-əрекеттің  болу  мезгілін,  жүзеге  асу  кезеңін  жəне  олардың  өту 

сипатын яғни бағыты, қарқыны, тынуы тəрізді жайларды бағдарлатады, демек, 

етістік  формалары  осы  жəне  олардан  өзге  əр  түрлі  құбылыстардың 

көрсеткіштері  есебінде  қызмет  етеді.  Бұлардың  үстіне  етістіктен  етістік 

тудыратын, есімнен етістік тудыратын синтетикалық, аналитикалық тəсілдердің 



 58

жүйелерін, олардың нақтылы үлгі нұсқаларын қоссақ, етістік  деп аталатын сөз 

табы  форма  жағынан  орасан  бай  категория  екені  ашыла  түседі.  Шынында  да, 

форма  байлығы  жағынан  етістікке  өзге  бірде  -бір  сөз  табы,  солардың  ішінде 

формасы ең бай саналатын зат есімнің өзі бара-бар түсе алмайды. 

  Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы мен формаларының байлығы 

оның  өзіне  тəн  əр  алуан  лексика-семантикалық,  лексика-грамматикалық 

категорияларынан  тіпті  айқын  көрінеді.  Мысалы,  етістіктің  өзіне  лайық  сөз 

тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы формаларымен қатар өзіне ғана тəн сөз 

түрлендіретін де формалары бар. Ал, шақ, рай, етіс амалдың жүзеге асу сипаты 

сияқты  жүйе-жүйе  категориялар-етістіктің  семантика  жағынан  ең  бай 

формалары,  сондай-ақ  етістіктің  өзге  семантикалық  жəне  морфологиялық 

формаларынан мазмұндары да, тұрпат түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп 

аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан 

ерекшелендіретін  формалар  болса,  екіншіден,  солармен  ұштастыратын 

айрықша функциялары бар категориялар.  

  Етістіктің  лексикалық  құрамында  қанша  сөз  болса,  солардың 

əрқайсысының  өзіне  тəн  лексикалық  мағынасы  болады.  Солай  бола  тұра  лек 

сикалық 

мағыналары 

қаншалықты 

басқа-басқа 

болғандарымен, 

сол 


етістіктердің бəрі де, ең алдымен, өздерінің мазмұнындағы барлығына да ортақ 

сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз тобына 

телінеді.  Дегенмен  де,  лексика-грамматикалық  белгілері  бірыңғай  жеке  сөз 

табы  саналатын  етістіктердің  өздерін  іштей  бір-біріне  мағына  жағынан 

жақындықтарына, өзара функция жағынан  орайластықтарына қарай топ-топқа 

бөлуге  болады.  Мысалы,  оларды  осы  тұрғыдан  алып,  іштей  амал-əрекет 

етістіктері  (босат,  көтер,  көтер  т.б.)  қимыл-қозғалыс  етістіктері  (ауна,  аудар, 

домала  т.б)  қалып-сапа  етістіктері  (жат,  жантай,  тұр,  тос  т.б.)  ойлау-сөйлеу 

етістіктері  (айт,  сөйле,  ескер  т.б.)  өсу-өну  етістіктері  (балала,  гүлде,  өс  т.б.) 

бағыт-бағдар  етістіктері  (бар,  кел,  кет,  əпер  т.б.)  көңіл-күй  етістіктері  (жыла, 

қайғыр, күл т.б.) бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, тарсылда т.б) 

дыбыс-сес  етістіктері,  көру-есту  етістіктері,  мінез-құлық  етістіктері  деген 

сияқты əлденеше топқа бөліп, саралауға болады.  

Етістіктерді 

мағынасы 

қарай  топтастыру  мəселесі  де,  басқа  сөз  таптары  сияқты,  белгілі  мақсатқа  я 

нысанаға  орайлас  құрылуы  қажет.  Етістіктің  грамматикалық  формалары  мен 

қызм  еттерін  дұрыс  айқындау  үшін  оларды  түбір  формалардың,  туынды 

синтетикалық жəне аналитикалық формалардың семантикалық құрылымдарына 

орай  жіктеп,  сырын  ашу-олардың  формалары  мен  мазмұндарының  ара 

қатынастарын анықтауға тиімді де, қонымды да болмақ.  

  Есімдерге  жəне  басқа  сөз  топтарына  қатысты  сөздерден  жұрнақтар 

арқылы  туған  жалаң  етістіктер  де,  кемі  екі  сөзден  құралып  жасалған  күрделі 

етістіктер  де  барлығы  тіліміздегі  ежелгі  түбір  етістіктердің  семантикалық 

жүйесіне,  морфологиялық  формасына  жəне  синтаксистік  функциясына  орай 

құралып,  солардың  негізгі  заңдарына  лайық  қалыптасып  отырған.  Байырғы 

түбір  етістіктерді  грамматикалық  семантикасына,  соған  сəйкес  қалыптасқан 

негізгі функциясына қарай төмендегідей үш салаға  бөлуге болады. 

  Бірінші сала. Бұларға өздеріне тəн негізгі лексикалық мағыналарын дəйім 

толық  сақтап  отыратын,  соған  орай,  дербес,  грамматикалық  қызметтерін 

түгелімен  атқарып  отыратын  түбір  етістіктер  жатады.  Бұл  етістіктер  өздерінің 


 59

негізгі  мағыналарын  ұдайы  сақтап  отырады  да,  үнемі  жетекшілік  қызметінде 

жұмсалады.  Түбір  етістіктердің  негізгі  көпшілігі  осы  топқа  жатады.  Мысалы: 

аз, айт, ас, аш, бақ, жар, жақ т.б. 

  Екінші  сала.  Бұл  топқа  өздеріне  тəн  негізгі  лексикалық  мағыналарын 

толық  сақтап,  сөйлемде  дербес  мүше  болумен  қатар,  басқа  бір  жетекші 

етістікпен  тіркескенде,  лексикалық  мағыналарын  не  жартылай,  не  бүтіндей 

жоғалтып, оған қосымша грамматикалық мағына ғана үстеп, жəрдемші ретінде 

де қызмет атқаратын түбір етістіктер жатады. Бұл етістіктер сөйтіп, əрі негізгі, 

əрі жəрдемші етістіктер есебінде жұмсалады. Оларға, мысалы, мына етістіктер 

жатады: ал, бар, бақ, бер, бол, біл т.б. 

  :шінші сала. Бұл топқа енетін етістік саны аз. Оларға өздеріне тəн əуелгі 

лексикалық  мағыналарын  я  жартылай,  я  бүтіндей  жоғалтып,  тек  қана 

грамматикалық  мағына  жамап,  грамматикалық  формаға  лекер  болып  қызмет 

ететін  яғни  бірыңғай  көмекші  есебінде  ғана  жұмсалатын  е,  еді,  екен,  жазда 

етістіктері ғана жатады. 

  Морфологиялық  құрылымы  жағынан  етістіктер  жалаң  жəне  күрделі 

болып  екі  салаға  бөлінеді.  Жалаң  етістіктерге  түбір  етістіктер  жəне  жұрнақ 

арқылы  жасалған  туынды  етістіктер  жатады.  Жалаң  етістіктер  құрылымына 

қарай түбір жəне туынды етістіктер болып екіге бөлінеді. 

  Түбір  етістіктер  деп  арнаулы  морфологиялық  бөлшектері  жоқ,  демек, 

қазіргі  кезде  морфологиялық  жағынан  түбір  жəне  жұрнақ  деп  бөлшектеуге 

болмайтындай етістік формалары аталады. Мыс: аз, ал, айт, алда, бат, бер т.б. 

  Сонымен,  қазіргі  тіліміздегі  етістік  түбірі  неше  қилы  формалар  (есімше, 

көсемше,  рай,  етіс,  шақ  т.б)  тудыратын  қосымшалардың  барлығын  алып 

тастағанда,  сақталатын,  яғни  əрі  қарай  тағы  да  бөлшектеуге  болмайтын  түпкі 

бөлшек  болады.  Мысалы:  берілген,  берілсе,  бергіздіртіпті,  бергізіліпті  деген 

формалардың бəріне де ортақ түпкі бөлшек бер бөлшегі түбір саналады. 

  Туынды  етістіктерге,  əдетте,  түбірлерден  арнаулы  жұрнақтар  арқылы 

жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге  жəне жұрнаққа 

бөлшектеуге  болады,  бірақ  ол  туынды  тұлға  есебінде  қолданыла  береді. 

Мысалы: ой-ла, той-ла, тер-ле, сүр-ле, ем-де, тоқпақ-та т.б. 

  Жұрнақ арқылы жасалатын əрбір туынды етістіктің семантикасы, əдетте, 

оның  құрамына  енетін  түбір  мен  қосылатын  жұрнақтың  мағыналарынан 

құралады.  Мыс,  тұзда,  үтікте,  шегеле,  емде  сияқты  туынды  етістіктерді  алсақ, 

бұларға тұз, үтік, шеге деген зат есімдердің түпкі мағыналары негіз болған да, 

оларға қосылған-да, а (-е) жұрнақтары бұл зат есімдерді етістікке айналдырған. 

  Жұрнақ  арқылы  жасалатын  туынды  етістіктердің  мағыналары,  негізінен 

алғанда құрамындағы екі компоненттің мағыналарынан құралса да, ол екеуінің 

құрылымы  бір-бірімен  ажырамайтындай  болып  бірігеді  де,  туынды  форма  бір 

бүтін  тұлға  есебінде  тұтасады.  Осы  себептен  кейбір  туынды  етістіктер 

бөлшектенбейтіндей болып, түбір сөз қалпына көшеді. 

  Туынды  етістіктің  семантикалық  құрылымына  оған  негіз  болатын  есім 

сөздің  мағынасы  үлкен  əсер  етеді.  Өйткені  (есім  сөздің  мағынасы  үлкен  əсер 

етеді) қызметі неғұрлым саяз я шағын болса, етістіктің мағынасы да соғұрлым 

тайыз я тар болады (бұрғы-ла, асфальт-та), керісінше есім сөздің қызметі кең я 

өрісті болса, етістік те соншалықты көп мағыналы болады. (қолда, көзде). 


 60

  Түбірлерден  немесе  негіздерден  жұрнақ  арқылы  жасалатын  туынды 

сөздердің белгілі морфологиялық құрылымы болады. Əдетте, сол құрылымның 

бір компоненті жаңа форма жасауға негіз болатын дербес мағыналы сөз болса, 

екінші  компоненті-сол  бірінші  компоненті  белгілі  бір  табына  айналдыратын 

жұрнақ  болады.  Туынды  етістіктер  тіліміздегі  негізгі  сөз  топтарының 

қайсысынан  болса  да,  жасала  беретіні  айқын  көрінеді.  Осыған  орай,  туынды 

етістіктер  жасалатын  енгіздеріне  қарай,  есімдерден  жасалған  етістіктер  жəне 

етістіктен жасалған етістіктер деген екі салаға бөлінеді. 

  Есім  негізгі  етістіктерге  етістіктерден  өзге  сөз  таптарынан  жасалатын 

етістіктер  жатады,  олар  арнаулы  жұрнақтар  арқылы  көбінесе  зат  есмнен,  сын 

есімнен, үстеуден, еліктеуіш сөзден, əредік одағайдан жасалады. 

  Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар: 

 1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнағы арқылы дене мүшелері атауларынан 

көп етістік жасалады: төбеле, өкпеле. 

 2. -лан, -дан, -тан  жұрнағы  -ла  жəне  -н  қосымшаларынан  пайда  болған 

құранды  қосымша.  Осы  себептен  бұл  жұрнақ  алды-алдына  жұмсалып,  жеке-

жеке  қосымша  ретінде  қызмет  етіп,  сараланатын  бастапқы-ла  жұрнағы  жəне 

өздік я ырықсыз етіс тұлғасын жасайтын-н жұрнағы тіркесімен түрлес те, азды 

көпті мағыналас та келеді. 

 3. -а, -е жұрнағы -көне қосымшаның бірі. Əуелгі баста есім сөзді етістікке 

айналдыратын өнімді қосымша болғанымен, бірте-бірте кнеленіп  тек бұрынғы 

кезде жалғанған сөздерінің аясында ғана қалып қойған. Мысалы: ата, аса, өрте, 

тіле, т.б. 

 4. -ырай, -ірей жұрнағы-əуелгі -ыр жəне -ай формаларынан құралған көне 

қосымша. Бұл жұрнақ көбінесе сын есімдерге, бейнелеуіш сөздерге жалғанып, 

олардан  сыртқы,  ішкі  бейне,  кескін,  келбет,  мүсін  тəрізді  көріністер  мен 

құбылыстарды  білдіретін  туынды  етістік  жасайды.  Мысалы:  кішірей,  тікірей, 

бақырай. 

  Қазақ  тілінде  кемі  екі  я  одан  да  көп  компоненттерден  құралып,  сөйлеу 

тілінде  де,  жазба  тілде  де  бірдей  қолданыла  беретін    етістік  тіркестері    мен 

етістікті  тіркестер  тіпті  көп.  Мысалы:  жəрдем  ет,  көмек  көрсете  көр,  жəрдем 

беретін  бол,  қол  ұшын  жалғап  жібере  ғой,  ала  келсе  игі  еді,  лақтырып  тастай 

салғысы келіп отыр екен. Құрамы мен құрылысы  жағынан əр түрлі бола тұрса 

да    осындай  есімді  тіркестер  мен    етістікті  тіркестердің    бəрі  де  қазақ  тілінде  

бір  категория    ретінде  қаралып    күрделі  етістік  деген  терминмен  аталып  жүр. 

Осы күнгі күрделі етістіктер  əуелгі жай тіркестерден туған. 

Күрделі  етістіктердің  түрлері  жəне  олардың  қысқаша  сипаттамалары 

мынадай: 1.....жəрдем  ет,  əн  сал  деген  күрделі  етістіктер    (есім  мен  көмекші 

етістік) 

тек 

семантика 



жағынан 

ғана 


емес, 

күрделі 


етістіктің  

грамматикалануына  таяныш болады (жəрдем етеді, жəрдем етті,  жəрдем етсе 

игі еді, жəрдем еткен адам т.б.) Бұл үлгі бойынша жасалатын күрделі етістіктің  

лексикалық  мағынасына  бірінші  компонент  (есім)  негіз  болса,  екінші 

компонент    сол  есім  сөзді  етістікке  айналдыратын    дəнекер  есебінде  қызмет 

етеді,  бірақ  көмекші  етістік    қызмет  жағынан  жұрнаққа  ұқсас  болғанымен, 

формасы  мен  мағынасы  жағынан    ешуақытта  да  онымен  тең    түсе  алмайды. 

Сөйтіп  күрделі  етістіктің  бұл  формасы  сыртқы  тұрпаты  жағынан  да,ішкі 

мазмұны  жағынан  да  кұранды  болып  келеді.  Осы  себептен  бұл  үлгі  бойынша 


 61

жасалған    етістіктер  күрделі  құранды  етістіктер  деп  аталады  (ағалық  ет,  үлгі 

қыл  қабыл ал, бас қатыр т.б.). 

2....  алып  кел,  барып  кел,  ала  кел,  келе  кет,  сұрап  ал    тəрізді  жеке-жеке 

тіркестерді алсақ, олардың əрбір компонентінде өзді-өзінше дербес лексикалық 

мағына  бар  жəне    əрқайсысының    осы  мағыналары  бір-бірінен  кем  емес,  бір-

бірімен тең түседі. Күрделі етістіктің бұл түріне тəн  əрбір тіркестің лексикалық 

мағынасы құрамындағы  екі компоненттің  мағыналарынан құралады. Мысалы 

алып  кел,  келіп  кет  деген  күрделі  етістіктерді  талдап  қарасақ,  дəлме-дəл 

болмағанымен  шамамен айқындағанда біріншісі ал да кел, екіншісісі кел де кет 

деген  ұғымдарды  білдіреді.  Күрделі  етістіткредің  өзге  топтарынан  ажырату  

үшін  бұл  топты  шартты  түрде    құрама  күрделі  етістік    не  жай  күрделі  етістік 

деп атауға болады. 

3. ....бетке шіркеу сала көрме, бойын аулаққа сала берді, місе тұтса игі еді, 

жігері  құм  бола  жаздады....  деген  күрделі  етістіктер-тұрақты  тіркестер,  яғни 

идиомаланған  тіркестер.  Бұлар  грамматикалық  жағынан  бөлшектенбейтіндей  

болып, лексика-семантикалық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіретіндей 

болып  орныққан  бір  бүтін  тұлға  есебінде  қолданылатын  тұрақты  тіркестер, 

күрделі  етістіктер  еркін  жұмсала  беретіндіктен,  күрделі  етістіктердің  жүйесі 

мен  құрамы  идиомаланған,  лексикаланған  күрделі  тобы  деген  атпен  арнайы 

қаралады.  Мысалы:  опық  жеді,  ауыз  жаласты,  арамтер  болды,  жан  алқымға 

алды, жек көрді т.б. 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Етістіктерге жалпы сипаттама берің 

2. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты қандай

3. Түбір етістіктер грамматикалық семантикасына қарай   неше    топқа  



бөлінеді 

4. Туынды етістіктер жасайтын жұрнақтарға сипаттама берің 



5. Күрделі етістіктер неше топқа бөлінеді,  сипаттама  берің 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет