Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік


Сұрақтар  мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата18.01.2017
өлшемі0,7 Mb.
#2152
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сұрақтар  мен тапсырмалар

 1) Еліктеу сөздер дегеніміз не 

 2) Еліктеу сөздердің қандай түрлері бар 



 3) Еліктеуіш сөздер дегеніміз не, олар қалай жасалады 

 4) Бейнелеуіш сөздер қалай жасалады



 5) Еліктеу сөздер морфологиялық құрамына қарай нешеге  бөлінеді

 6) Туынды еліктеу сөз жасайтын қандай жұрнақтар бар



 7) Күрделі еліктеу сөздер қалай жасалады

 8) Еліктеу сөздер дыбыстық ерекшеліктеріне қарай нешеге бөлінеді



 9) Еліктеу сөздер сөйлемде қандай синтаксистік қызмет   атқарады



Пайдаланылған əдебиеттер: 

 1. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы,  1995ж. 

 2. Исаев С. Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы.1992 

 3. Сарыбаев Ш. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. Алматы, 1990ж. 

 4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология 1992ж. 

 5. Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы, 1990ж 

 

КӨМЕКШІ СӨЗДЕР. ШЫЛАУЛАР 

Ж О С П А Р Ы : 

  1. Көмекші сөздердің жалпы сипаттамасы 

  2. Шылау жəне оның түрлері 

  3. Жалғаулықтар жəне оның түрлері 

  4. Септеуліктер 

  5. Демеуліктер 

  Тірек  сөздер:  көмекші  сөдер  мағыналы  сөздермен  тіркесіп  ғана  оларға 

жəрдемші  қызмет  атқаратын  сөздер,  шылаулар - өздерінің  бастапқы  шыққан 



 82

төркіндерінен    біржола  қол  үзіп,  өз  алдына  категория  болып  қалыптасқан, 

жалпы  көмекші  сөздер  тобына  ұйытқы  есебінде  жұмсалатын    сөздер, 

шылауларға жалғаулық, септеулік, демеуліктер жатады. Мысалы: жəне, əрі, да, 

та, мен, дейін, қарай, ма, ме,  т. б. 

     Көмекші  сөздер  деп  нақтылы  лексикалық  мағыналары  я  əр  түрлі  дəрежеде 

солғындап,  я  бүтіндей  жоғалып,  сөйлегенде  жеке-дара  тұлға  есебінде 

қолданылмай,  тек  мағыналы  сөздермен  тіркесіп  қана    жұмсалып,  оларға 

жəрдемші  болып  қызмет  атқаратын  сөздерді  айтамыз.  Ө:з  алдына  жұмсалмай, 

өзге сөздермен тіркесіп ғана қолданылатындықтан, көмекші сөздер тек атаушы 

сөздермен салыстыру арқасында  ғана жеке - дара сөз есебінде  бөліне алынады. 

Мысалы: Бақанас өзені мен Жəнібек екі арасы тай шаптырымдай-ақ жер деген 

сөйлемдегі  мен, -ақ  сөздері  лексикалық    мағыналары  жағынан  да, 

грамматикалық қызметтері жағынан да атаушы сөздерден өзгеше. 

     Көмекші сөздер ең алдымен атаушы көмекшілер жəне шылаулы көмекшілер 

деген екі топқа бөлінеді. Атаушы көмекшілер өздері тіркесетін атаушы сөздерге 

қосымша лексика - грамматикалық мағына үстейді. Мысалы: үй іші, тау асты, 

оқып  бер  деген  күрделі  формалардың  əрқайсысының  соңғы  компоненттері 

алғашқы  компоненттерінен  қосымша  лексика-грамматикалық  мағына  жамап 

тұр.  Бұл  күрделі  формалардың  құрамдарындағы  көмекші  сөздері  əрине, 

біркелкі емес. Өйткені олардың алғашқы екуінің құрамындағы іші, асты сөздері 

лексикалық  мағыналары  тек  солғындаған  көмекші  есімдер  болады  да,  олар 

семантикасы  жағынан  да,  түрлену  үлгісі  жағынан  да,  қызметі  жағынан  да  зат 

есімдерге  əрі  ұқсас,  əрі  жақын  болумен  қатар,  үнемі  сол  есімдермен  тіркесіп 

жұмсалады.  Ал  бер,  ал  сөздері  лексикалық  мағыналары  солғындаған  көмекші 

етістіктер  болғандықтан,  семантикасы  жағынан  да,  түрлені  үлгісі  жағынан  да, 

қызметі  жағынан  да,  негізгі  етістіктерге  əрі  ұқсас,  əрі  жақын  болумен  бірге, 

үнемі сол етістіктермен тіркесіп қолданылады.  Осыған 

орай, 

көмекші 


сөздердің  бұл  тобы  іштей  көмекші  есімдер  жəне  көмекші  етістіктер  деген  екі 

салаға бөлінеді. 

Шылау сөздер дегеніміз-ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары 

жағынан  да,  сондай-ақ  қызметтері  жағынан  да  өздерінің  бастапқы  шыққан 

төркіндерінен  біржола  қол  үзіп,  əрі  осы  аталған  негізгі  үш  белгі  жөнінен    де 

дербестіктерінен  айрылып,  өз  алдына  категория  болып  қалыптасқан  жəне 

жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер. 

  Шылау  сөздер  өздері  тіркескен  негізгі  сөздердің  мағыналарын  я 

толықтырып,  я  анықтап,  оларға  əр  қилы  реңктер  жамап,  айқындай  түсіп 

отырады.  Шылаулар - сөз  бен  сөздің  немесе  сөйлем  мен  сөйлемнің  араларын 

байланыстыру,  құрастыру  үшін  қолданылатын  өздері  тіркескен  сөздерінің 

ұғымдарына  əр  қилы  реңктер  үстеп,  оларға  ортақтасып  тұлға  жағынан 

тиянақталған  лексика - грамматикалық  мағынасы  бар  сөздер.  Шылаулардың 

бойындағы қалыптасқан  негізгі қасиеті - грамматикалық мағынасы бар сөздер. 

Шылаулардың  бойындағы  қалыптасқан  негізгі  қасиеті - грамматикалық 

мағыналар.  Ө:йткені  шылаулардың  грамматикалық  мағыналары  лексикалық 

мағыналарына  қарағанда  əлдеқайда  басым  болады.  Тіліміздегі  шылаулардың 

бəрінің де атқаратын қызметтері бірдей емес. Олардың бірқатары сөз бен сөздің 

арасындағы  грамматикалық  байланыстарды  айқындау  үшін  қызмет  етсе, 

бірсыпыра шылаулар сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасындағы байланысты 



 83

айқындау  үшін  дəнекер  болады.  Ал  кейбіреулері  жеке  сөздер  мен  сөз 

тіркестерін немесе  сөйлемдерді анықтау, толықтау үшін  я қосымша реңк беру 

т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Міне осындай грамматикалық қызметтеріне 

қарай шылаулар үш топқа бөлінеді: септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер. 

  Жалғаулықтар  дербес  лексикалық  мағыналыр  дерексізденген,  бірақ 

өздеріне  тəн  ерекше  семантикалық  мағыналары  мен  абстракт  грамматикалық 

қызметтері  бар  шылау  сөздер.  Жалғаулықтар  өзара  тең  бірыңғай  сөздердің, 

бірыңғай сөз тікр естерінің жəне бірыңғай сөйлемдердің араларындағы əр қилы 

қатынастарды  білдіреді.  Жалғаулықтар  ең  кемі  өзара  тең  екі  сөзге  не  екі  сөз 

тіркестерінен бірдей қатысты болады. Мысалы: қыс пенен жаз, күн менен түн, 

тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық болды сегіз. 

Қазақ тіліндегі жалғаулықтардың табиғатына көз жіберсек олардың жалпы 

даму  жолы  төмендегі  бағытта  болғанын  бағдарлауға  болады. 1) Дербес 

мағыналы  атаушы  сөздер  негізгі  мағыналарынан  айрылып,  сөз  бен  сөзді,  сөз 

тікрестерін не бірыңғай жай сөйлемдердің байланысу жолы мен арақатынасын 

білдіретіндей болып десемантикаланады. Мысалы,  Ақырған соң байғұстар əрі 

тұрды,  қалтасына  қолын  салып  мойын  бұрды. 2) Кейбір  жалғаулықтар  белгілі 

бір  түбір  сөздерге  қосылып  қолданылатын  əр  қилы  қосымшалармен  үнемі 

жұмсала - жұмсала  келіп  сол  формаларда  əбден  тұрақталып  көнелену  арқылы 

əрі  тұлғасы  өзгермейтіндей  халге  жетіп,  əрі  мағынасы  солғындап 

делексикаланып, бірте-бірте жалғаулықтарға айналған. 

       Жеке  сөздер  мен  сөйлемдерді  байланыстыру  қабілеті  жағынан 

жалғаулықтар:  салаластырғыш,  сабақтастырғыш  болып  екі  топқа  бөлінеді.

 

а)Салаластырғыш  жалғаулықтар  бірыңғай  жеке  сөздер  мен  сөз 



тіркестерін  жəне  бірыңғай  сөйлемдерді  байланыстарады  да,  солардың  өзара 

байланысу 

жолдары 

мен 


қатынастарын 

көрсететін 

салаластырушы 

жалғаулықтар іштей ыңғайластық жəне талғаулықты болып екі салаға бөлінеді. 

 1.Ыңғайластық  жалғаулықтар  өзара  ыңғайласып  құралатын,  тең 

дəрежедегі  сөздер  мен  сөз  тірестерін  жалғастырды  да,  солардың  ыңғайласқан 

қатынасын білдіреді. 

  а) Мен (бен, пен, менен, бенен, пенен) жалғаулығы негізінде байланысқан 

есім  сөздерді,  қимыл  атауларын  жəне  кейбір  субстантивтенген  сөздерді  бір-

бірімен байланыстырады. 

  ə) Жəне жалғаулығы да бір түрлі формадағы жалаң я күрделі зат есім, сын 

есім, есімдік, етістік сияқты атаушы сөздерді ыңғайластыра байланыстырады. 

  б) Əрі жалғаулығы белгілі бір заттың я құбылыстың бойында болатын əр 

түрлі  қасиеттер  мен  солардың  əр  алуан  іс-əрекеттерін  ыңғайластыра 

байланыстыру үшін жұмсалады. 

  в)  Да,  де,  та,  те  шылауы  əрі  жалғаулық,  əрі  демеулік  есебінде 

қолданылады.  Жалғаулық  ретінде  қолданылған  да  өзара  бір-бірімен 

ыңғайласатын  екі  сөздің  не  сөз  тіркестерінің,  сондай-ақ,  салалас  я  сабақтас 

құрмаластардың 

құрамдарындағы 

жеке 

сөйлемдердің 



байланысуына, 

жалғасуына дəнекер болып қызмет етеді. 

 2. Талғаулықты  жалғаулықтар  сөйлемде  зат  есім,  сын  есім,  етістік  жəне 

басқа атаушы сөздер арқылы жасалып, салаласа жалғасқан мүшелердің бірінен 

соң бірін я талғап, я таңдап,  кезектестіріп, я біріне-бірін қарама-қарсы қойып 

айту үшін қолданылады. 



 84

  ə)  Сабақтастырғыш  жалғаулықтар.  Сабақтастырғыш  жалғаулықтар  тек 

құрмалас  сөйлемдердің  құрамдарындағы  жай  сөйлемдерді  бір-бірімен 

жалғастырып байланыстырып, солардың ара-қатынасын анықтап көрсету үшін 

жұмсалады. 

 1) Қарсылықты жалғаулықтар негізінде бұрынғы сөйлемде айтылған ойға, 

соңғы  сөйлемдегі  ойдың  мағына  жағынан  қарама-қарсы  екенін  аңғартуға 

дəнекер болады. Оларға бірақ, алайда, əйтсе де, əйткенмен, сүйтсе де, сонда да 

т.б. сияқты қарсылық мəнді жалғаулықтар жатады. Мысалы: Өзі де білуге тиіс, 

дегенмен сіз ескерте салыңыз. 

 2)  Себептік 

жалғаулықтар 

салалас 

құрмалас 

сөйлемдердің 

құрамдарындағы  соңғы  жай  сөйлем  бұрынғы  сөйлемдегі  айтылатын  ойдың 

себебін білдіру үшін арнаулы дəнекерлер есебінде қызмет етеді. 

 3)  Салдарлық 

жалғаулықтар 

салалас 


құрмалас 

сөйлемдердің 

арақатынасын  білдіру  үшін,  яғни  басыңқы  сөйлемде  айтылатын  іс-əрекеттің, 

амалдың  нəтижесі  я  салдары  екенін  білдіретін  дəнекер  есебінде  жұмсалады. 

Оларға  сол  себепті,  сондықтан  шылауы  жатады.  Мысалы,  Ербол  əннің  сөзін 

ұнатты, сондықтан кейде əнге қосылып кетеді. 

 4) Шарттық  жалғаулықтар  басыңқы  жəне  бағыныңқы  сөйлемдердің  бір-

біріне  жалғасуына  дəнекер  есебінде  қолданылады. (егер,  егерде,  алда-жалда) 

Мысалы: Егер Айбол болмаса, Мүсəпір үй болудан қалған болған еді. 

 5) Айқындағыш жалғаулықтарға яғни, демек шылаулары жатады. Олар я 

жеке сөздерді я сөз тіркестерін, я жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырады 

да, алдыңғы сөз тіркес не сөйлем арқылы айтылатын ойды кейінгі сөз, тіркес не 

сөйлем  арқылы  не  баяндауға,  не  айқындауға  дəнекер  сөздер  есебінде  қызмет 

етеді. Мен Магниткаға өткен кезде, яғни Талғатбектен бір жыл кейін келдім. 

 6) Ұштастырғыш  жалғаулықтарға  ал,  ендеше,  ал  ендеше,  олай  болса 

шылаулары  жатады.  Мұндай  жалғаулықтар  мағына  жағынан  біріне-бірі  орай 

қолданылатын  екі  жай  сөйлемді  ұштастырып  байланыстыру  үшін  жұмсалады 

да, бірінші сөйлемнен кейін іле екінші сөйлемде айтылатын ойды бастау үшін 

дəнекер есебінде қызмет етеді. Мысалы: Мал-дүниенің иесі осы кісі. 

  Септеуліктер.  Септеуліктер  деп  обьекті  мен  обьектінің  не  предикаттың 

арасындағы  түрлі  грамматикалық  қатынастарды  білдіру  үшін  қолданылып, 

белгілі бір жақсы септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз. 

Септеуліктер  өздері  тіркесетін  есімдерге,  субстантивтенген  өзге  де  атаушы 

сөздерге  себептік,  бағыттық,  мақсаттық,  көмектік,  қайталау,  талғау,  ұқсату 

сияқты  əр  қилы  грамматикалық  мағыналарды  жамап  тыңғылықтандырып 

отырады. 

 1) Атау септікті меңгеретін септеуліктер а) үшін септеулігі негізінде атау 

септік формасындағы зат есімдер мен есімдіктер мен -с, -ыс, -у формалы қимыл 

атауларымен, -мақ, -мек, -ған  формалы  есімшелермен  тіркесіп  жұмсалады  да, 

оларға  көбінесе  себеп,  мақсат,  арнау  мағыналарын  жамайды.  Мысалы:  Сатай 

ылғи ас берген ауылда даяшы болу үшін туғандай еді. 

  ə)  Сайын  септеулігі  зат  есімдермен  өте-мөте  мезгіл  атауларымен  жəне  -

ған  формалы  есімшелермен  тіркескенде  ол  сөздерге  даралау,  саралау 

мағынасын  үстейді.  Мысалы,  Басқалар  бізден  үлгі  алсын  деп  жиналыс  сайын 

қанша қақсадым. 


 85

  б)  Сияқты  септеулігі  сөйлемде  зат  есімнен,  есімдікпен,  қимыл 

атауларымен,  тұйық  етістікпен  жəне  -ған, -атын  формалы  есімшелермен 

тіркесіп  қолданылады  да,  негізінде  ұқсату  мағынасын  білдіреді.  Мысалы, 

Украина жырлары да қазақ жырлары сияқты арнаулы əнмен айтылады.  

  в) Туралы септеулігі көбінесе зат есімнен, есімдік жəне қимыл атаулымен 

тіркесте  белгілі  бір  хабар,  ой,  пікір  зат  я  іс-əрекет  жөнінде  айтылатынын 

аңғартады. Мысалы: Десятник Гаврилов туралы сенімен ақылдасайын деп едім. 

  г)  Арқылы  септеулігі  зат  есіммен,  есімдікпен  жəне  қимыл  атауымен 

тіркесіп,  оларға  «көмегімен» «жəрдемімен»деген  сияқты  қосымша  мағына 

үстеп, бүтіндей тіркес белгілі бір сатылық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Əуе 

труба арқылы келеді. 

 7)  Шамалы,  шақты,  қаралы  септеуліктері  негізінде  сан  есімдермен 

тіркесіп  қолданылады  да,  санның  негізгі  ұғымына  жуық,  тарта  деген  сияқты 

мөлшерлік мағына үстейді.Мс: Əскерше киінген он шақты адам топтала қалды. 

 2. Барыс септікті меңгеретін септеуліктер. 

  а)  Шейін  (дейін)  септеулігі  зат  есімге,  көбінесе  мезгілдік  ұғымдардың 

атауларына,  сан  есімге,  есімдікке  жəне  -қан, -ған  формалы  есімшелерге 

тіркесіп,  негізінде  мезгілдің  я  мекеннің  белгілі  бір  арлық  шегін  білдіреді. 

Мысалы: Жанар оны үйіне дейін шығарып салды. 

  ə)  Қарай,  таман  септеуліктері  барыс  септіктегі  зат  есімге,  соның  ішінде 

мезгіл  атауларына,  көмекші  есімдерге,  есімдіктерге  жəне  үстеу  сөздерге 

тіркесіп,  белгілі  бір  мекендік  бет  алыс  пен  бағытты  жəне  мезгілдік  орайды 

білдіреді.   Мысалы: Ол үйіне қарай жүрді. 

  б) Ө:зара мағыналас салым, тарта, жуық, таяу сияқты септеулік шылаулар 

да  өздері  тіркескен  негізгі  сөздердің  барыс  септік  формасында  тұруын  қажет 

етеді. Мыс: Күзге салым туған ауылды ойлады. 

 3) Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер. 

  а)  Гөрі  септеулігі  зат  есіммен,  есімдікпен,  кейде  -қан, -ған  формалы 

есімшелермен  тіркесе  қолданылып,  бір  затты  я  құбылысты  екінші  бір  затқа 

салыстырып, таңдау, талғау үшін жұмсалады. 

  ə)  Бері  септеулігі  негізінде  мезгілдік  шектің  басталуына,  кейде  тұтас 

қамтылуына  байланысты  ұғымды  білдіреді,  көбінесе  мезгіл  атауларына, 

есімдіктерге  жəне  -қан, -кен  формалы  есімшелерге  тіркесіп  уақыттың  я 

мерзімнің басталу шегін аңғартады. 

  б)  Кейін  септеулігі  зат  есімге  мезгіл  атауларына,  есімдіктерге,  қимыл 

атауларына  -ған, -қан  формалы  есімшелерге  тіркесіп  белгілі  бір  фактінің 

соңынан болатын мекендік я мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмет етеді жəне 

соң, артынан сөздерімен мағыналас болып келеді. 

 4. Көмектес  септікті  меңгеретін  септеуліктер  қатар,  бірге  шылаулары. 

Олар  өзара  мағыналас  септеуліктер.  Олар  белгілі  бір  іс-əрекеттің  басқа  бір 

əрекетпен  қабаттаса  жарыса  жасалуын  аңғартып  қоса  деген  сөз  бен  мəндес 

формада тудырады. 

  Демеуліктер.  Демеуліктер  деп  өздері  тіркесетін  сөздерге  əр  қилы 

қосымша  реңктер  жамайтын  сөздерді  айтамыз.  Лексика-граматикалық 

мағыналары  жағынан  демеулік  шылаулар  сұраулық,  шектік,  нақтылық, 

күшейткіш, болжалдық, болымсыздық, қомсыну демеуліктері болып бөлінеді. 


 86

  Сұраулық  демеуліктер  а) -ма, -ме,  ба, -бе,  па, -пе  демеулігі  зат  есіммен, 

сын есіммен, үстеумен, етістіктің бұйрық, ашық, шартты райлары жəне қимыл 

атауы,  есімше,  көсемше  формаларымен  тіркесіп  қолданылады.  Мысалы:  Ерте 

ме, кеш пе, пайдаға ма, зиянға ма сен де барыңды бересің. 

  Күшейткіш  демеуліктерге  ау,  ай,  ақ,  да,  те  шылаулары  жатады.  Олар 

сөйлемде  берілетін  ойға  не  ондағы  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің 

мағынасына  қосымша  күшейткіш  мəн  жамау  жұмсалады.  Мысалы:  Аяғын  бір 

сəнмен тым - ақ жеңіл басады. 

 3.Нақтылық  демеуліктерге  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің 

мағыналарын сөйлемде айтылатын ойды нақтыландыра, тұжырымдай түсу үшін 

қолданылатын (-қой, -ғой, -ды, -ді, -ты,-ті) демеуліктері жатады. 

 4. Шектік  демеуліктер  белгілі  бір  нəрсеге  іс - əрекетке,  амалға,  сын-

сипатқа,  мезгілге  т.б.  шек  қоя  тұжырымдап  айту  үшін  қолданылады.  Ондай 

демеуліктердің қатарына қана, ғана, -ақ шылаулары жатады. Мыс: Мыңнан аса 

жылқыны үш - ақ адам бағады. 

 5. Болжалдық  демеуліктерге  -мыс, -міс  жəне - ау  шылаулары  жатады. 

Мысалы: :йлесер едік деп айтады - мыс. 

 6. Болымсыздық демеуліктер. Түгіл демеулігі зат есім, сын есім, сан есім, 

есімдер  қимыл  атауларына  тіркесіп  болымсыздық  мағына  жамайды.  Мыс: 

Жазғы ауыл түгіл, қысқы қыстауды да бірге салдық. 

 7. Қомсыну  демеулігіне  екеш  шылау  ғана  жатады.  Ол  тіркесетін  сөзге 

қомсыну,  кемсіну  тіпті  кейде  мұқату  сияқты  мағыналық  реңктер  үстейді.  Бұл 

шылау  көбінесе  есім  сөздерге  тіркеседі  де,  олардан  үнемі  кейін  тұрады. 

Мысалы: Құс екеш құс та балапанын ұядан қияға ұшырып үйретеді. 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Көмекші сөздер дегеніміз не, оның қандай түрлері бар 

2. Шылау  сөздерге анықтама беріңдер, басқа сөздерден қандай  



   айырмашылықтар бар

3. Жалғаулықтарға қай сөздер жатады, қандай түрлері бар



4. Септеуліктер туралы не білесіз,  септіктерге қатысы   қандай

5. Демеулік шылауларға  қай сөздер жатады, қандай   түрлері  бар





 

Пайдаланылған əдебиеттер: 

1. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы,    1995ж. 

2. Исаев С. Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992ж 

3. Сарыбаев Ш. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. Алматы, 1990ж. 

4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология 1992ж. 

5. Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы, 1990ж 

6. Н. Оразақынова, Ж.Исаева, Г.Сулеева Қазақ тілі. Алматы. 2004 



 

ОДАҒАЙ ОДАҒАЙДЫҢ ТҮРЛЕРІ 

Ж О С П А Р Ы : 

   1. Одағай туралы жалпы сипаттама 

   2. Одағайдың құрамына жəне мағынасына қарай  түрлері 

   3. Одағайдың сөйлемдегі қызметі 



 87

  Тірек  сөздер:  одағайлар  басқа  сөз  таптарының  бірде-біріне  ұқсамайтын 

өзіндік ерекшелігі бар сөз табы, одағайлар құрамына қарай негізгі жəне туынды  

одағайлар болып екіге бөлінеді, негізгі одағайларға  а, о, а8а, ей, я, т. б. туынды 

одағайларғы мəссаған, астапыралла, жəракімалла, ойпырмай т.б cөздер жатады. 

  Одағай  сөздердің  мағыналық  жағынан  да,  морфологиялық  жағынан  да 

өздеріне тəн ерекшеліктері бар. Осымен байланысты одағайлардың жалпы сөз 

таптарының  ішінде  алатын  орны  айрықша.  Одағай  сөздер  мағына  жағынан  

заттың  өзі  туралы  да,  сыны,  саны,  қимылы  туралы  да,  қимылдың    жайы-күйі 

туралы да ұғым бермейді. Олай болса одағайлар мағына жағынан  зат есім, сын 

есім,  сан  есім,  есімдік,  етістік,  үстеу    сияқтанған  негізгі  сөз  таптарына    тəн 

сөздердің  бірде-біреуіне    ұқсамайды.  Осындай  ерекшеліктерімен  байланысты 

одағай  сөздер  сөйлемде  не  тұрлаулы,  не  тұрлаусыз    мүшелердің  қызметтерін 

атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен тікелей қарым-қатынасқа түспейді. 

   Сонымен  қатар,  одағай  сөздер  түрлі  шылау  сөздерге  де  ұқсамайды, 

өйткені шылау сөздердің  өздеріне тəн лексикалық мағыналары болмағанымен, 

сөйлемдегі 

басқа 


мағыналы 

сөздермен 

селбесіп, 

оларды 


өзара 

байланыстыратын грамматьикалық дəнекер болып қызмет атқарса, одағайларда 

бұл қасиет те жоқ. Одағайларға тəн ерекшеліктер мыналар: 1) Одағай сөздердің 

мағыналары  адамның  əр  түрлі  сезімімен  байланысты  шығатын  дыбыстық 

ишараттарлы  білдіреді.  Мысалы:  Мұны  бастап  жүрген  кім  екен,  ə?  Япырмау, 

жастық  деген  қандай  қызық!  дегендердегі  ə,  япырмау  деген  сөздер-одағайлар. 

Алғашқы  сөйлемдегі  ə  күдіктенгендікті  білдірсе,  соңғы  сөйлемдегі  япырмау 

деген сүйсіну, шаттану жайын байқатады. 

  Адамның  көңіл  күйі  құбылмалы  болатындықтан,  одағай  сөздердің 

көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып 

келеді.  Одағай  сөздің  дəл  мағынасы  сөйлемде  айтылатын  ойдың  жалпы 

сарынына  байланысты  болады.  Сөйлемде  айтылатын  ойдың  аңғарына  қарай, 

демек, бірде сүйсіну, бірде кею, бірде күдіктену, бірде өкіну сияқты алуан түрлі 

сезім  құбылыстарына  қарай,  одағай  сөздердің  айтылу  ырғақтары  да  құбылып 

отырады. Мысалы: Əй, кім, барсың? Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба? 

деген  сөйлемдердегі  айтылған  ойдың  мағыналарына,  қарай  одағай  сөздер  де, 

дауыс ырғағы арқылы, сөйлеуші адамның көңіл-күйін жарыстыра, қабаттастыра 

білдіріп тұр. 

 3. Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан 

байланыспайды, олай болса өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды. 

Одағайлар  өздері  жарыса,  қабаттаса  айтылатын  сөйлемнен  дауыс  ырғағы 

арқылы оқшауланып, бөлініп тұратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбектері 

далаға кетеді-ау! Бəсе, соны айтыңызшы. 

  Одағай  сөздер  көбінесе  адам  сезімінің  алуан  түрлі  күйін  білдіретін 

дыбыстар  сияқты  болып  келеді.  Бірақ  олар  жай  ғана  дыбыстар  емес, 

жұртшылыққа  əбден  түсінікті  болып,  белгілі  дағды  бойынша    сөз  ретінде 

пайдаланылатын 

дыбыстар. 

Олар 

жұртшылыққа 



түсінікті 

болып 


қалыптасқандықтан  жай  ғана  дыбыстардың  қатарынан  шығып  белгілі  сөзге 

айналған. Мысалы, Түу, қандай тымырсық түн.  

  Одағайлар  негізгі  жəне    туынды  болып  екіге  бөлінеді.  Негізгі 

одағайларға: ау, па, ей, əй, я, уа, уау,  уай, я, пай, ə, о, о8о, ой, əй, ие, а8а, ау, беу 



 88

дегендер  жатады.  Бұл  одағайлар  қайталанып  та  қолданылады.  Туынды 

одағайларға:  мəссаған,  бəрекелді,  əттеген-ай,  жəрекімалла,  масқарай,  о  тоба, 

астапыралла,  япырмай,  ойпырмай,  о  дариға  сияқтанғандар  жатады.  Олар  əуел 

бастағы  мағыналы  сөздерден  я  сөз  тіркестерінен  бірігіп  одағай  сөздерге 

айналған.  Мысалы:  мəссаған  деген  одағайдың  бастапқы  төркіні  -мə,  саған, 

бəрекелді дегеннің төркіні дегеннен шыққан. Сөйтіп, одағайлар тек көңіл-күйін 

білдіретін күрделі дыбыстардан ғана емес, бастапқы кезде ақиқаттық мағынасы 

бар  сөздерден  де  шығады.  Одағайлардың  дəлді  мағынасы  нақтылы  сөйлей 

жағдайларымен байланысты контексте айқындалады, өйткені бір одағай сөздің 

өзі, қолданылу ерекшелігіне қарай əр сөйлемде əр түрлі мағына береді. Демек 

бір  одағайдың  өзі  бірде  таңырқау,  бірде  сүйсіну,  бірде  ызалану,  бірде  ұнату, 

бірде ұнатпау сияқты жай-күйлерді білдіріп ауысып отырады. Мысалы: Əй сол 

ма,  тəйірі,  Əй  байғұсым-ай,  басын  бастаса  түсіне  кетесің-ау.  Сөйтіп  көңіл-

күйіне  байланысты  жоғарыдағы  сияқты    одағайлардың  өздері  əлденеше  түрге 

бөлінеді.  Бірақ  мағыналарының  соншалық  ауысып  отырғандығынан    оларды 

жіктеу  тіпті  қиын.  Бұлардан  басқа  тілімізде  адамға  арнай  айтылатын:  кəне, 

міне,  əні,  мə,  жə,  əйда,  əй,  тек,  тəйт  сияқты  одағайлар  да  бар.  Бұлардың 

мағыналары  жоғарыдағы  одағайлардан  гөрі  басқашалау.  Демек,  олардың 

кейбіреулері  көрсету  я  тұсқау  (кəні,  міне,  əні),  кейбіреулері  ұсыну  (мə,  айда), 

кейбіреулері тыю (жəй, тəй, тек, тəйт) мағыналарын білдіреді: бұларды ишарат 

одағайлары  деген    дұрыс.  Одағайлар  ойды  көріктендіріп,  ырғақпен 

(интонациямен)  айтылатын  сөйлем  емес,  бірақ  сөйлемге  балама  ретінде 

қолданылатын  сөздер.  Бірақ  сөздер  іштей  мүшеленбейтін,  синтаксистік 

жағынан  басқа  грамматикалық  категориялардан  оқшау  тұратын,  əлеуметтік 

қызметі  мен  мəні  əбден  түсінікті  болып  қалыптасқан  сөздер.  Осы 

ерекшеліктеріне қарай, одағайлар адамның көңіл-күйлерімен байланысты алуан 

түрлі  сезімдерді  білдіретін  лепті,  сұраулы  сөйлемдер  ретінде  қолданылады. 

Мысалы:  қане!  деген  одағай  келіңдер!  іске  кірістік  я  іске  кірісіңдер!  деген 

ишаратты білдірсе, міне!  деген одағай  көрдіңдер ме, айтқаным осы еді не осы 

сияқтанған  басқа  мағынада  қолданыла  береді.  Ауызекі  тілде  қане!  міне!  

дегендердің  орнына  сыпайырақ  қанікиіңіз,  мінікиіңіз  деп,  мə!   Жə!  деудің 

орнына мəңіз!  Жəңіз! деп те айтылады. 

  Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады. 

1.  Одағайлар  кейбір  көмекші  етістіктермен  тіркесіп  күрделі  мүшенің 

құрамына  кіреді.  Мұндай  да  көмекші  етістік  одағайды  басқа  сөздермен 

грамматикалық  байланысқа  түсіретін  дəнекер  болып  қызмет  атқарады. 

Мысалы: Ə-т-те-ге-не-ай!  деді ол таңдайын қағып Құқұр...р.р. Əй, Əй! десті үй 

ішінен екі дауыс дегендердегі одағайлар де етістігінің дəнекерленуімен, қайтті

?  


не деді

? қайтіп? деген сұрауларға жауап беріп, сөйлемнің мүшесі бола алады. 

 2. Одағай сөздер субстантивтеніп, түрлі қосымшалар қабылдап, сөйлемнің 

қалыпты мүшесі болады. Мысалы: Аллаңнан ойбайым тыныш. 



Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Одағай сөздер дегеніміз не

2. Оның басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері неде



3. Одағайлар морфологиялық құрамына қарай неше топқа бөлінеді,   

олардың түрлеріне мысалдар келтірің. 


 89

4. Одағайлар мағыналарына қарай қалай топтастырылады

5. Одағайлар сөйлемде қандай қызмет атқарады





Пайдаланылған əдебиеттер: 

1. А.Ысқақов. Қазіргі ана тілі. Морфология. Алматы, Ана тілі. 1992ж. 

2. Ə.Төлеуов.  Cөз таптары. Алматы, 1992ж. 

3. К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1978ж. 

4. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. 1978ж. 

5. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. 1997ж. 

6.  Н.  Оразақынова,  Ж.Исаева,  Г.Сулеева  Қазақ  тілі. (Сөзжасам, 

морфология. Алматы. 2004 

7. Н.Оралбай Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.Алматы. 2007. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 90

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 91

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 92

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 93

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет