Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Етістіктің қандай грамматикалық категориялары бар
?
2. Етістік негізі дегеніміз не
?
3. Етістіктің салттылық жəне сабақтылық категориясы қалай жасалады
?
4. Етіс категориясының қандай түрлері бар, мысалдар келтірің.
5. Болымдылық жəне болымсыздың категориялары қалай жасалады
?
6. Етістіктің қимыл атауы категориясының қызметі қандай
?
7. Етістіктің рай категориясына сипаттама берің.
8. Рай категориясының түрлері қандай
?
9. Ашық рай дегеніміз, олар қалай жасалады
?
10. Неғайбыл райдың қандай түрлері бар, олардың жасалу жолдары
қандай
?
11. Шақ категориясы дегеніміз не, оның рай категориясына қатысы қандай
?
74
12. Қазіргі қазақ тілінде шақтың неше түрі бар, олар қалай жасалады,
қандай қызмет атқарады
?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1992ж
2. Ə. Төлеуов. Сөз таптары. Алматы 1990ж.
3. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Алматы.
4. Иасев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. 1992ж.
5. Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. Алматы, 1996ж
6. Н. Оразақынова, Ж.Исаева, Г.Сулеева Қазақ тілі. 2004
7. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы Алматы 2007.
ҮСТЕУ. МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ
ЖОСПАРЫ:
1. Үстеу сөздер туралы түсінік
2. Үстеулердің морфологиялық құрамына қарай түрлері
3. Үстеудің мағыналық топтары
Тірек сөздер: Үстеулер заттың əр қилы қимылы мен ісінің əр түрлі
сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, мөлшерлік, шарттық күй-жайларын
білдіретін сөздер, көнелену тəсілі арқылы жасалған үстеулер зорға, текке,
абайсызда, құрамына қарай жалаң жəне күрделі болып бөлінеді, мағыналарына
қарай сегіз топқа бөлінеді.
Үстеу сөздер заттың əр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) əр түрлі
сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй жайларын жəне
сынның белгісін білдіреді. Ал қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде
қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер)
арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет
атқаратын ондай есім сөздер мен етістік формалары өздерінің бастапқы
қасиеттерін жоймайды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған сөздердің
барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес. Ол осы үйде тұрады жəне Мен мынау
ауылдан пана таптым, енді орным осында деген сөйлемдерді алсақ, бірінші
сөйлемдегі пысықтауыш үйде деген сөз болса, екінші сөйлемдегі пысықтауыш-
осында деген сөз. Бірақ мағына жағынан бұл екі пысықтауыштың арасында
елеулі айырмашылық бар: жатыс септігінде қолданылып пысықтауыш болып
тұрған үйде деген зат есім тұрушының мекенін білдірсе, осында деген
пысықтауыш жалпы түрде ғана хабарлап тұр. 2) үй деген зат есім жатыс
септікте тұрып пысықтауыш болса, осында пысықтауышының бастапқы түбірі
75
осы есімдігі болғанымен-нда қосымшасы оның табиғи бөлшегі болып
тұрақталып, көнеленіп қалған.
Үстеулер де сөйлемдегі өзге сөздермен белгілі қарым-қатнасқа түсіп,
қызмет атқарады. Олардың өздеріне тəн тиісті синтаксистік қызметтерін тану
үшін, біріншіден, үстеулердің сөйлемде қандай мүше болатындығын,
екіншіден, үстеулердің қандай сөз таптарымен тіркесетінін, үшіншіден,
үстеулердің сөйлемдегі орнын білу қажет.
Үстеу сөздерді морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа
бөлуге болады: 1) Негізгі үстеулер. 2) Туынды үстеулер.
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін,
тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.
Негізгі үстеулерге мынадай сөздер жатады: əрең, азар, əдейі, жорта,
қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шап-шаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы,
төмен, əрі, бері, кері, əрмен, бермен, ерекше, орасан т.б.
Сонымен, негізгі үстеулердің көпшілігі тарихи жағынан ерте кездерде əр
түрлі формаларда көнеленіп қалыптасқан туынды сөздер болған. Негізгі
үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:
1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. демек,
оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан шырай туғызатын
өте, аса, тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейіткішүстеулер қолданылады.
Мысалы: бұрын, бұрынырақ, бұрындау, тым бұрын, кейін, кейінірек, кейіндеу,
өте кейін, əрменірек, тіпті əрмен.
2. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен
қабаттасады да қолданылады. Мысалы: құр босқа, текке, босқа, бос бекерге, құр
бекер, бекерден-бекер, бостан-бос, құрдан-құр т.б.
3. Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қосарлану арқылы да,
басқа сөздер мен тіркесіп те, туынды үстеулер жұмсала береді. Мысалы: əрең,
əрең-əрең, азар-азар, азар деп, əдейілеп, ұдайылап, əрі-бері, бұрынды-соңды,
ілгері-кейін, енді-енді, кейінде, ендігəрі т.б.
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы,
сөздердің бірігу жəне қосарлану тіркесу тəсілдері арқылы сондай-ақ, кейбір сөз
тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді
айтамыз.
Құрылысы мен құрамы жағынан туынды үстеулер екі топқа бөлінеді:
а) жалаң туынды үстеулер
ə) күрделі туынды үстеулер
1. Жалаң туынды үстеулер. Түрлі қосымшалар арқылы жасалған
үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Олар қандай қосымшалар қосылса
да, сыртқы формасы жағынан бір сөз болып келеді. Бірақ жалаң туынды
үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтар
арқылы жасалады да, біреулері əр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы
үстеуге айналады. Жеке-жеке қарағанда олар төмендегідей:
Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер. Бұлар арнаулы жұрнақтар
арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнақтар мыналар:
1. -ша, -ше жұрнағы үстеу тудыратын əрі ең негізгі, əрі аса өнімді жұрнақ
болып қызмет атқарады. Осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу мағына жағынан
негізінде амалдың қалай я қалайша істелетіндігінің бейнесін білдіреді.
76
Күшейту (я ұлғайту) үстеулері заттың сынын, қимылдың өзін немесе
түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді де, қалай
?
қандай
? деген сұрауларға жауап береді Бұл топқа мына үстеулер жатады: ең?
əбден
? ылғи, кілең, сəл, өңкей, тіпті,тым, нақ, нағыз, нық, əнтек, мүлдем, дəл,
керемет, өрен, аса, өте т.б.
Мақсат үстеулері қимылдың мақсатын білдіреді. Мақсат үстеулері өзге
топтарға қарағанда сан жағынан аз топтың бірі. Мысалы, бұларға мынадай
сөздер жатады: əдейі, əдейілеп, жорта, қасақана. Бұлардан басқа мақсат
үстеулері көбінесе аналитикалық тəсіл арқылы жасалады. Мысалы: кітапқа
бола, оқуға бола т.б.
Себеп-салдар үстеулері амалдың себебін я салдарын (нəтижесін)
білдіреді. Оларға мынадай үстеулер жатады: жоққа, босқа, құр босқа, бекерге,
амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан. Бұлардан басқа көсемшелердің
қайталануы арқылы жасалатын сөйлей-сөйлей, көре-көре, оқи-оқи т.б. үстеулер
көбінесе осы топқа жатады.
Топтау (я саралау) үстеулері амалдың жəне басқа қарым-қатынастың
бірігу арқылы істелгенін немесе, керісінше, жекеленіп істелетіндігін білдіреді.
Бұл үстеулер нешеден
? қаншадан? нешеуден? қалай-қалай сияқты сұрауларға
жауап береді. Мысалы: екеулеп, үшеулеп, он-оннан, аз-аздан, көп-көптен, топ-
тобымен т.б.
Сөйтіп, үстеулердің ішіндегі сан жағынан ең көбі сын я бейне үстеулері,
онан кейінгісі мезгіл, мөлшер, мекен, күшейту үстеулері. Ал өзге топтанмен
салыстырғанда мақсат үстеулері мен себеп-салдар үстеулері анағұрлым аз.
2. Үстеулер, осы жоғарыдағы сияқты, етістіктен болған басқа мүшелерді
де пысықтайды.
3. Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысықтайды, мысалы:
Бозбаламын мен енді. Бүгінгі колхозшылар шетінен сауатты деген сөйлемдерде
енді үстеуі бозбаламын деген баяндауышты, шетінен үстеуі сауатты деген
баяндауышты пысықтап тұр.
4. Сөйлемде үстеулер қашан да болсын өздерінің пысықтайтын
айқындайтын сөздерінен бұрын тұрады. Бірақ үстеулердің ішінен орын
талғамайтыны-мезгіл үстеулер. егер олар баяндауыштан басқа мүшелердің
біреуін пысықтаса, тікелей сол пысықтайтын мүшенің алдынан тұрады. Ал
баяндауышты пысықтаса, баяндауыштан алшақ та тұра береді.
:стеулердің басқа топтары өздерінің пысықтайтын мүшелерінің тікелей
қасында тұрады. Егер бірнеше үстеу қоса-қабаттаса қолданылса да, ең əуелгі
орында мезгіл үстеуі, одан кейін-мекен үстеуі, одан кейін мақсат, себеп, сын
үстеулері тұрады.
:стеулердің мағыналары да түрлі-түрлі болады. Кейбір үстеу сөздер
сөйлемде қолданылу ерекшелігіне қарай, əлденеше мағынаны білдіреді. :стеу
сөздер мағынасына қарай топтастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.
1) Мезгіл үстеулер. 2) Мекен үстеулер. 3) Мөлшер үстеулер. 4) Сын (я
бейне) үстеулері. 5) Күшейту (я ұлғайту) үстеулері. 6) Мақсат үстеулері. 7)
Себеп-салдар үстеулері. 8) Топтау (я бөлу) үстеулері.
Мезгіл үстеулері қимылдың, қозғалыстың, жалпы мезгілін жəне дəл
уақыт мерзімін білдіре келіп, қашан
? қай уақытта? қашаннан? деген сұрауларға
77
жауап беріп, істің не болатынын, не болып жатқанын көрсетеді: бүгін, былтыр,
биыл, ертең, таңертең, кеше, күндіз, күндізгі, күні-түні, қысы-жазы, анда-санда,
оқта-текте, енді-енді, ала жаздай т.б.
Мезгілдік үстеулер тұлғасына қарай негізгі түбірлі, туынды түбірлі,
біріккен түбірлі, қос сөзден жəне сөз тіркестерінен жасалады. Мысалы: жаңа,
кеше, бүгін, қысы-жазы, күні бүгін.
Мекендік үстеу қимылдың мекенін, орнын, бағытын білдіреді. Қайда
?
қайдан
? қалай? деген сұрауларға жауап береді: ілгері, кейінде, əрмен, бері, асқа,
үске, сонда, былай, алда т.б.
Мөлшер үстеулері түрлі қатынасты я жалпылап, я мөлшерлеп немесе
қимылдың жəне сынның я теңдік, я кемдік дəрежесін білдіреді де қанша
?
қаншалық
? нешелеп? қаншалап? сияқты ғана сұрақтарға жауап береді. Мөлшер
үстеулеріне мынадай сөздер жатады: оншама, мұншама, бірталай, сондайлық,
сонша, бірен-саран т.б.
Сын (бейне) үстеулері қимылдың алуан түрлі сапасын, тəсілін (істелу
жолын), бейнесін білдіреді де қалай
? қайтіп? қалайша? кімше? неше? (не
сияқты
?) тəрізді сұрауларға жауап береді. Бұл бай топқа мынадай үстеулер
жатады: осылай, осылайша, бірте-бірте, ойша, бұрынғыша, өзінше, кезек-кезек,
əрең-əрең, келе сала, билеп-төстеп т.б
Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер. Оларға бір
алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында əбден қалыптасып, бір-
бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленген
қосымшалар төркіндері септік жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы
жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас келеді.
Септелу қашан да болсын есімдерге тəн қасиет болғандықтан, мұндай
үстеулер кейбір септік жалғауларының көнеленуінің нəтижесінде көбінесе
есімдерден туады.
а) Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке,
жатқа, бекерге, əреңге, алға, артқа, бірге, кешке, ертеңіне т.б.
ə) Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте,
кейде, қапыда, күнде, лезде т.б.
б) Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, етпетінен,
төтеден, кеңінен, қырынан, келтесінен, басынан, əуелден т.б.
в) Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: кезекпен, шынымен,
қалпымен, жайымен, ретімен.
II. Күрделі туынды үстеулер. Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден
бірігіп, я қосарланып жасалған немесе кемі екі я оннан да көп сөздерден
тіркесіп тұрақтанған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды
үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.
1) Басқа сөз таптарына тəн сөздер бірігудің нəтижесінде үстеулерге
айналады. Ондай үстеулер мыналар: бүгін, биыл, иаңертең, жаздыгүні,
əрқашан, бірқатар т.б.
2) Сөздердің қосарлануы арқылы туған үстеулер мынадай: əрең-əрең, енді-
енді, зорға-зорға, қолма-қол, көре-көре, анда-санда, оқтын-оқтын, сөйлей-
сөйлей т.б.
78
3) Жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде
қолданылатын грамматикаланған жəне идиомаланған тұрақты тіркестер-оларды
екі салаға бөлуге болады. Грамматикаланған жəне лексикаланған тіркестер:
күні кеше, күні бүгін, ілгері, ала жаздай, алдын ала, соңын ала, келе сала, алдын
ала, кітапқа бола т.б. Идиомаланған тұрақты тіркестер: қас пен көздің арасында,
аяқ астынан, түн баласында, елден ала бөтен т.б.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Үстеу сөздерге жалпы сипаттама берің.
2. Көнелену тəсілі арқылы қайсы үстеулер жасалған, мысалдар
келтірің.
3. Үстеулер құрамына қарай неше топқа бөлінеді
?
4. Үстеудің мағыналық топтарына сипаттама берің.
5. Үстеулер сөйлемде қандай синтаксистік қызмет атқарады
?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1995ж.
2. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. 1992ж.
3. Ə.Төлеуов. Сөз таптары. Алматы, 1990ж
4. Хасенов А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты Алматы.1997ж.
5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.
Алматы, Ана тілі. 1992ж.
6. Н. Оразақынова, Ж.Исаева, Г.Сулеева Қазақ тілі. Сөзжасам 2004
ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР
Ж О С П А Р Ы :
1. Еліктеу сөздер олардың түрлері
2. Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері
3. Еліктеу сөздердің құрамына қарай түрлері
4. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі
Тірек сөздер: өз алдына дербес сөз табы, түрлері: еліктеуіш, бейнелеуіш,
сарт, тарс, елең, жалт, жұрнақтары: -ың, -аң, -ең, -лаң, -елең, арбаң - ербең ,
қиқаң - сиқаң, тарсыл - дүрсіл, сөйлемде пысықтауыш қызмет атқарады.
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-
сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз
таптарынан оқшауланып тұратын, соған сəйкес өз алдына дербес сөз табы
ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Еліктеу сөздер
семантикалық жағынан алғанда, біріншіден табиғатта ұшырайтын сан алуан
құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын,
əр қилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден
сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың жəне неше
түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын сипаты мен қимыл-əрекеттерінің де
қилы-қилы көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Мысалы: арс,
гүрс, дүрс, қорс, тарс, ырс, барқ, арбаң - арбаң, бүгжең - бүгжең, арсалаң-
арсалаң, ыржың - тыржың, т.б. Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалық
мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын əр алуан дыбыстармен
79
байланысты болса, екінші тобының семантиаклық мағыналары сол табиғаттағы
əр қилы көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл себептен
іштей екі салаға бөлінеді, бір тобы еліктеуіш сөздер деп, екінші саласы
бейнелеуіш сөздер деп аталады.
Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен
заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды,
сондай-ақ жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын əр түрлі
дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан
болған жəне сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді
айтамыз. Мысалы: мылтық тарс етті, қарға қарқ етті деген сөйлемдерді алсақ,
ондағы тарс деген сөз имылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе,
қарқ деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен шыққан дыбыстың атын
білдіреді. Демек бұл екі сөзге де жанды жəне жансыз заттардан шыққан
дыбыстар негіз болған.
Еліктеуіш сөздер дегеніміз-өзіне тəн лексика-семантикалық мағынасы
морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне
де көптік, тəуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде
əрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын жəне бастапқы түбірлерінен
жұрнақтар арқылы туынды есімдер жəне етістіктер жасалатын сөздер.
Бейнелеуіш
сөздер
табиғатта
кездесетін
белгілі-белгілі
емес,
құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын
білдіреді. Мысалы: Ырғалып қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті деген
сөйлемдерді алайық. Мұндағы қарқ деген сөз қарғаның дауыстауынан естілген
дыбыстың атын аңғартатыны, соған сəйкес еліктеуіш сөз сол түсініктің атын
аңғартатыны, яғни атауы болатыны белгілі. Ал осы салалас сөйлемнің екінші
жартысындағы салп деген сөз дыбысты емес, қарғаның аузынан ірімшіктің
жерге қарай түсіп бара жатқан ятүскен кезіндегі көрініс елесін, сол көріністің
бейнесін білдіреді. Екінші бір мысал алайық: Кенеттен шыққан дауысқа
Ботакөз «ə»деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады дегендегі кілт
жəне жалт деген сөздер де қалай тоқтағандықтың жəне қалай қарағандықтың
бейнесін көрсетеді.
Сөйтіп, бейнелеуіш сөздер деп табиғаттағы құбылыстар мен заттардың
жəне неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сыр-сипаттары мен əрекет-
қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылданған бейне көріністердің
атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз.
Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі
мəселе ескерілуге тиісті: 1) Дыбыстық құрамы, 2) Буын жігі, 3) Айтылу ырғағы.
Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек олардың дыбыстарының
тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан əрі орнықты, əрі жүйелі заң бар
деуге болады. Оған еліктеу сөздердің мысалы мынадай үлгілері айғақ.
1. Арс, борс, гүрс, дүрс, мырс, тарс, тырс
2. Борт, бырт, күрт, кірт, морт, сарт, сырт, шарт
3. Жап, жып, лап, лып, сап, сып, тап, топ, шап
4. Барқ, бырқ, жарқ, зырқ, зірк, күрк, қорқ, ірк
5. Аңқ, еңк, дүңк, діңк, күңк, қаңқ, қоңқ, саңқ
6. Былқ, кілк, қолқ, қылқ, солқ, селк
7. Балп, болп, былп, елп, жылп, жалп, желп
80
8. Жамп, күмп, томп, қомп, сымп, тымп
9. Даң, дұң, тың, таң, құң, маң, шаң, шұң, шың
10. Ар, быр, дар, дір, күр, қыр, сыр, шар, қор.
Бұл үлгілерде көрсетілген еліктеу сөздер əрине негізгі түбір форма.
Бұлардан басқа да формалар да бар. Мысалы: гу, ду, зу, тарп, тырп, ызың,
былш, қалш, ыз, тыз, пыс, тыс тəрізді сөздер сан жағынан аз болғанымен де
көптеген туынды сөздердің жасалуына негіз болған.
Еліктеу сөздер сыртқы морфологиялық құрылысына қарай жалаң да,
күрделі де болады. Жалаң еліктеу сөздер негізгі жəне туынды болып екі салаға
бөлінеді. Негізгі еліктеу сөздер деп айналадағы табиғат құбылыстарын
құлақпен есту арқылы қабылданған дыбыстардан жəне көзбен көру арқылы
қабылданған елес - көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің
атаулары демек сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет
ететін түбір сөздерді айтамыз. Мұндай негізгі еліктеу сөздер практикалық
тұрғыдан алғанда, қазіргі кезде тиісті морфологиялық бөлшектерге
сараланбайтын бір тұтас тұлға сияқтанып келеді. Оларға жоғарыдан
көрсетілген формалар жəне олардан өзге де бір алуан формалар жатады.
Мысалы: ар, ыр, ырс, борс, былқ, дүңк, гүрс, морт, мырс, мүлт, мыңқ, саңқ,
сыңқ жəне т.б. Туынды еліктеу сөздер деп негізгі еліктеу сөздерден жəне басқа
атуыш сөздерден тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз.
Мысалы: алшаң, арбаң, арсалаң, ағараң, болпаң, дікең, елпең, жалтаң, ирелең,
көлбең, кірбең, қоржаң, қызараң, қылмаң, салбаң, салтаң, сылтаң, тарбаң,
ыржаң. Сөйтіп, туынды еліктеу сөздер түбір еліктеу сөздерден де, өзге атауыш
сөздерден де жасалады.
Туынды еліктеуіш сөздер жасайтын жұрнақтар мыналар: 1)-ың, -ің, -аң, -
ең жұрнағы. Мысалы: арсаң, ырсың, борсың, борпаң, кілтің, мырсың, қалтаң,
қорсаң. 1) -лаң, -лең, -алаң, -елең жұрнақтары кейбір етістіктерге жалғанып ,
туынды еліктеу сөздер жасайды. Мыс, бұралаң, иірелең, созалаң, шұбалаң, т.б.
Күрделі еліктеу сөз деп жалаң еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды
формаларының не қайталануы не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін
айтамыз. Күрделі еліктеу сөздер компоненттерінің формаларына қарай оларды
мынадай негізгі төрт топқа бөлуге болады:
1. Арс - арс, быж - быж, гүр - гүр, дір - дір.
2. Арс - ұрс, шарт - шұрт, шалп - шұлп.
3. Арбаң - арбаң, алшаң - алшаң, ербең - ербең.
4. Арбаң - ербең, арбаң - тарбаң, адыраң - едірең.
Еліктеу сөздерден өзге сөз таптарына тəн басқа да жаңа сөздер жасалады.
Мысалы: тарсыл - дүрсіл, күрсіл сияқты зат есімдер -ыл, -іл жұрнағы арқылы
тарс, дүрс, күрс деген еліктеу сөздерден жасалған.
Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметін сөз еткенде, екі түрлі мəселе
баяндалуға тиісті: Оның бірі - еліктеу сөздердің өздерінен басқа қандай
сөздермен тіркесетіні екіншісі - еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше болып
қызмет атқаратын. Ал бұл екі мəселе жайында айтылатын қағидалар мыналар:1)
Еліктеу сөздің жалаң түрі мен күрделі түрінің қай-қайсысы болса да, өздеріне
тəн атау формада тұрғанда кейбір жағдайда ғана болмаса, тек етістіктермен
тікелей тіркеседі. Бірақ еліктеу сөздер етістік атаулының бəріне бірдей тіркесе
бермейді. Оның жалаң түрі де, қосарланған түрі де өзге етістіктермен таңдап
81
тіркессе де ет көмекші етістігімен еркін тіркесе береді. Мысалы: Боқай
келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді.
2) Еліктеу сөздер толық мағыналы дербес етістіктердің бəрімен де бірдей
тіркесе
бермейді.
Олардың
ішінен
тек
өздерінің
мағыналарына
орайласатындарымен ғана еркін тіркеседі. Мыс: Абай селк етіп, жалт қарады.
3) Еліктеу сөздер етістіктерден өзге сөздермен некен - саяқтап ғана
тіркеседі де, сын есім, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен тіпті тіркеспейді.
Мысалы: Күңгірт сөйлеген шаңда-шұң дауыс шықты.
4) Еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше қызметін атқаруы олардың
өздерінен басқа қандай сөздерге тіркесуімен байланысты. Ө:йткені шаң-шұң
дауыс сияқты сарт-сұрт төбелес болды да қалды дегендердегідей, зат
есімдермен тіркесіп орын жағынан олардан бұрын тұрып қолданылатын шаң-
шұң, сарт-сұрт тəрізді еліктеу сөз анықтауыш болады. Ал еліктеу сөздер
негізінде етістіктермен тіркесетіндіктен олардың негізгі синтаксистік қызметі
сын қимыл пысықтауыш екені күмəнсіз. Дербес мағыналары бар негізгі
етістіктермен тіркескенде, еліктеу сөздер қимыл мен іс əрекеттің сын сипатын
білдіреді де, əрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Атшы жігіт мырс-
мырс күледі. Ет көмекші етістігімен тіркесетін еліктеу сөздер қашан да болсын
құранды мүшенің құрамына енеді де, тұтасымен тұрып бір күрделі мүше
болады. Мысалы: Сергей Петрович елең етті.
Достарыңызбен бөлісу: |