а. тұлға аралық әрекетті ұйымдастыру
в. өз ортақтасу серігінің тәртібі және іс әрекетіне бақылау жасау
с. ара қатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, ой-пікірді, сезімді беруімен қабылдау үрдісі д. медициналық қызметкердің науқасты түсінуі, білуі,
тәрбиелеуі негізінде тұлға аралық нәтижелі қатынас орнатуы
МОДУЛЬ 2 ТИІМДІ ТІЛДЕСУДІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ
Тақырьш 2.1 Вербальды және вербальды емес қарым- қатынас Адамдардың ара қатынасы белгі жүйесі арқылы іске асырылып, осылайша мәлімет алмасу және әрекеттесуі мүмкін. Ара қатынастың (коммуникацияның) екі түрі болады:
вербальдыкоммуникация
вербальдыемескоммуникация
Вербальдыкоммуникация(сөзарқылықатынасу) Адамдар қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолданады, яғни табиғи фонетикалық белгілер (тіл дыбыстары). Бұл-әмбебап коммуни- кативтік құрал, ақпарат алмасу кезін- де оның мағынасы өзгермейді. Сөз арқылы мәлімет адамнан адамға ұсы- нылып, қатысушылар бір-біріне әре-
кет жасайды, бағыт береді, өз ойын түсіндіруге тырысады. Егер қатынасуда сөзден басқа белгі жүйелері қосымша қолданылса, коммуникацияның мағынасы өсе түседі.
Сөз арқылы науқасқа әсер ету өте мағыналы ем құралы, себебі, Бұл әмбебап әдістің ауру адамға әсері жоғары және тиімді, ал медициналық қызметінде қолдануына ең бір күр- делі, қиын түсетін кұрал. Бұл әдісті нәтижелі қолдану үшін медициналық қызметкерге арнайы дайындық, ерекше адам- гершілік қасиеттер және жоғары тәжірибе қажет. Сондықтан, медициналық оқу орындарында қызметкерлерді даярлау кезі- нен бастап, оған ерекше мән беріп, студенттердің арасында арнайы дайындық жүргізу маңызды.
Вербальды қатынасуда белгілер жүйесі ретінде адамның сөйлей алу қабілеті пайдаланылады, ол коммуникацияның негізгі бөлшегі болып табылады, себебі, сөйлеу арқылы мәлімет берілгенде мән- мағынасы барынша сақталады. Бұл
жағдайда коммуникативті үрдіске қатысушылардың барлығы да әңгіме желісін өз дәрежесінде бағалай білуі керек.
Сөз - ақпарат көзі және науқаспен сұхбаттасу әдісі ретінде қолданылады. Әрине, қарым-қатынас нәтижесін толығымен суреттеу үшін коммуникативтік үрдістің құрамын білу жеткіліксіз, сонымен қатар, сұхбаттың мақсатын, міндетін жан-жақты түсіну керек. Сондықтан, сөйлеу барысындағы белгілер жүйесіне аса көп назар аудару қажет.
Медицина қызметкерлерінің қажетті сөзді Дұрыс қолдана білуі, иауқасқа сөз арқылы нақтылы және тиімді әсер етуі-өте күрделі, ерекше дайындық қажет ететін және тәжірибе арқылы қалыптасын қасиет. Бұл- жоғары мәдениетті, білімді, талантты және актерлік кейбір қасиеттерді талап етеді.
Сөз арқылы әрекет - вербальды коммуникацияға жатады. Мұнда қосымша вербальды емес әрекеттер міндетті түрде қолданылады. Оларға жататындар:
Мимика
Жест (қол қимылдары)
Поза (дене қалпы)
Көзқарасы
Дауыс ерекшеліктері ( екпін, тембр)
Науқаспен қатынасу кезінде Бұл құралдар тек кешенді түрде қолданылады, себебі мұндай жағдайда оның әсері және тиімділігі өте жоғары дәрежеде болады.
Науқаспен жанасуы, көріп зерттеуі, ем тағайындап нұсқау беруі тек сөз арқылы бейнеленіп, іске асырылуына байла- нысты медициналық қызметкерінің науқасқа айтылатын сөзіне ерекше талап қойылады.