Бердалы мырзаханов


Визуальды қатынасу («көз жанасуы»)



бет19/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   103
Визуальды қатынасу («көз жанасуы») көзқарас арқылы контакт, вербальды коммуникацияның әсерін күшейте түседі. Көзбен жанасу-вербальды емес қатынасу әдісі, басқа адам туралы біршама ақпарат жинауға мүмкіншілік береді. Өзара көзқарасы адамнан туындаған ситуацияға араласуға құштар- лығын, немесе керісінше, қарсылығын айқындайды. Мысалы, шашыраңқы қарау немесе тік емес, шетке қарау адамның қатынасуға назарының немесе ниетінің жоқтығын білдірсе, ал тік қарау оның құштарлығын, даярлығын білдіреді. Ұяң және үрейленген, қорыққан адамдарда визуалдық жанасу ешбір мәліметті бермеуі де мүмкін.
Ол адамның ұлттық, мәдени ерекшеліктеріне де бай- ланысты болады. Мысалы, Америка және Еуропа елдерінде тікелей қарау адамның шыншылдығын, сенімділігін сездіреді. Ал, Азия елдерінде, әсіресе Жапон және Кореяда, тік қарау адамның басым болғысы келетінін, агрессивті екенін көр- сететі. Сондықтан, қатынасу үстінде адамға тік қарау мезгілі
3 секундтан аспауы керек, себебі, Бұл уақыт партнерды қоздырмай, тиімді психологиялық жанасу құруға жеткілікті. Егер тік қарау мерзімі 3 секундтан ұзақ болса, пациентте дискомфорт және мазасыздық жағдайын туады, ал 10 секунд- тан астам уақыт-конфронтация және агрессияға әкелуі мүмкін.
Дене қимылдары, дене қалпы қарым-қатынас үстінде науқастан қосымша ақпарат жинастыруға мүмкіншілік бе- реді. Мысалы, науқастың жүріс мәнері оның физикалық жағдайын, көңіл- күйін сипаттайды. Қол сермеуі (жест) және
дене қалпы (поза) пациенттің мінезі мен көңіл-күйін көр- сетеді. Науқасты бақылау үстінде оның эмоциялық құбы- лыстары айқындалады. Толқу үстінде науқас үнемі басының, бетінің әр жеріне қолымен тиіп кетіп немесе уқалап, сипалап тұрады. Науқастың қолын төсіне айқастыруы, қолын арқа- сында ұстауы, қолымен тосқауыл жасауы сияқты жестілері оның қорғаныш реакцияларын білдіреді. Ал қолдарын беліне таянуы, алақанын төмен қарап ұстауы, саусақтарын жоғары бағытта ұстауы сияқты жесттері науқастың қарсылығын білдіреді. Егер науқас медициналық қызметкерді мұқият тыңдаса, мынандай дене қалпы байқалады: қолдары иегінде, басы сәл еңкейген, қолдарының саусақтары төмен бағыт- талған. Науқастың күдігін білдіретін имдарына жататындары: айналасына жалтақтай қарай беруі, медициналық қызметкер- ге тек көз қырын ғана салып отыруы, аузын алақанымен жаба беруі т.б. Егер науқас ешқандай ақпаратты қабылдағысы келмесе, қағаздарын жинастыра бастайды, сағатына және есікке жиі-жиі қарай береді, көзқарасы жандана түседі.
Ауру адамның қол сермеуі ақпарат тасымалдауда жиі қолданылады. Медициналық қызметкермен келісімін, ситуа- цияны бекітуін немесе керісінше, қарсылығын науқастың бас қимылы білдіреді. Қол қимылдары арқылы медициналық қызметкер науқасты отыруға немесе тұруға шақырады, ал қол Бұлғаумен оны қуаттауын білдіреді.
Қарым-қатынас құрған кезде дене қалпы және қол қимылдары өте маңызды. Мысалы, медициналық қызметкер орындық шетіне ғана отырып, науқаспен әңгіме құрған жағ- дайда, ол оның асығыс екенін, сұхбаттасу қысқа болатынын болжайды. Қарым-қатынас кезінде медициналық қызметкер- діңде отырыс-тұрысына, дауысы мен қас-қабағына науқас қатты назар аударып, көп мән береді. Сонымен қатар, медициналық қызметкер науқастың қас-қабағын, көзқарасы, мимикасын, дене және қол қимылдарын, жатыс-тұрысын, жүрісін қадағалап бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет