Бердалы мырзаханов



бет3/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103

Ара қатынасудың түрлері


Медициналық қызметкер мен науқас ара қатынасының 2 түрі белгілі: им- перативті және диалог.
Императивті қатынас -бұл науқас- қа авторитарлық және директивтік әре- кет жасау. Қарым-қатынастың бұл түрі- нің мақсаты науқастың тәртібін бақылау
және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшеліктері - науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес, ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету қүралдарына - бұйрық, нұсқау, талап қолданылады.
Медицина қызметкері мен науқас ара қатынасында импе- ративті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес.
Диалогтық қатынас. Бұл ара қатынаста науқасқа медициналық қызметкер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-теңдік жағдайы туады.
Ара қатынастың ішкі құрылысы да өте күрделі болады. Мұнда оір оіріие байланысты үш жағын айқындауға болады: коммуішкативті, интерактивтік, иерцептивтік.
Ара қатынасудың коммуникативтік жағы науқаспен ақпарат алмасудан, ақпарат беру және қабылдаудан құрастырылады. Ара қатынастың интерактивтік жағынан («интеракция»-әрекеттесу) мағынасы қатынасқа түскен медициналық қызметкер мен науқас әрекеттерінің алмасуы, яғни тұлға аралық әрекетті ұйымдастыру. Ал, перцептивтік қатынасу жағы - Бұл медициналық қызметкердің науқасты
түсінуі, білуі, тәрбиелеуі негізінде тұлға аралық қатынас орнату.

Тақырып 1.2 Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі


Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі- кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медици- налық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым- қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қыз- меткерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т.б). Тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету үшін медициналық қызметкер қатынасу білгерлігін, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсіл- дерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және толық мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Медициналық қызметкердің алдында тұрған мәселелердің нәтижелі ше- шілуі, ауру адаммен сенімділігін және гүсіністік жағдайға жетуі, оның қарым-қатынас икеміне, яғни коммуникативті білгерлігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет