Бердалы мырзаханов



бет71/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103
Адам иммунодефицитіне (АИД) шалдыққан науқастар- мен қатынасу қиыншылықтары. Жасөспірімдер өздерінің
сексуалды және наркотиктермен қатынастарына үялуынан және өзінің адам иммунодифициты вирусын жүқтырғанын болжаса, «күдік туады» - деп, Бұл дерт туралы сөйлесуден бас тартады.
Сонымен қатар, Бұл науқастар жалпы медициналық қызметкерлерден консультация алуға да сирек барады. Ал оларға барған жағдайда, тек дәрігердің мамандығына байла- нысты проблемаларын ғана шешуге бейім болады. Мысалы, гинекологпен сұхбаттасқанда, ол мамандарға қатысты мәсе- лені - Бұл дерттің анадан балаға жүғу мүмкіндігі жайында ғана сұрайды. Адам иммунодефицитіне шалдыққандардың Бұл тәртібі, олардың жасырынды болғысы келетін ойымен түсіндіріледі. Олардың ойынша, Бұндай аурулар тек арнайы медициналық орталықтарда ғана емделуі керек, сондықтан басқа дәрігерлерге қатынасуы қажет емес.
Пациенттерде АИД туралы «өз білімім де өзіме жеткілікті»- деген ой гұрақталған.
Бұл дертті жұқтырғанын қан анализі бойынша тауып, оны айтқанда, науқастар мәліметті тыныш, қызбалықсыз қабыл- дайтыны анықталған. Бұның себебі - қан тапсырған пациент- тердің бұндай мәліметке даяр болғандығы, оларда алдын-ала күдік туғандығы. Тек Бұлдіршін балалардың ауруды жұқ- тырғанын айтқанда, ата-анасы мазасыздық білдіреді.
Медицина қызметкерлерімен науқас арасындағы қарым- қатынас талай қиыншылықтарға тап болады. Оларға жата- тындары- медицина қызметкерлерінің АИД инфекциясының қорқуы, жанасудан қашуы және аурулардың өздерінің дұшпандық білдіруі (жұқтырғысы келуі). Медициналық қыз- меткер науқастың жеке қасиеттеріне қарап, онымен сұхбат- тасу барысында, науқасқа деген ерекше психологиялық қадам жасай білуі керек.

АИД/ЖҚТБ өмір сүретін науқастармен жұмыс жаса- ғанда мына жағдайларды білген маңызды:


  • АҚТҚ жұқтырған клиент міндетте түрде АИД/ЖҚТБ туралы бірнәрсе біледі- деп алдын-ала ойламаңыз.

  • АҚТҚ жұқтырған науқастар қорыққандықтан, біреу- мен әңгімелесуді қажет еткендіктен келеді, сондықтан ақпа- рат бермес бұрын оларға ішіндегісін шығаруға мүмкіндік беріңіз.

  • Шын көңіліңізден көмектескіңіз келсе де, өзіңізді қолыңыздан ештеңе келмейтін адам деп сезінетін кездеріңіз болатынына дайын болыңыз.

  • Науқасқа шектен тыс ақпарат бермеу керек.

  • «Мен білмеймін»-деп айта біліңіз... Егер, сіз бір сұраққа жауап беруге қиналсаңыз, оны мойындауға ұялма- ңыз: Бұл сіз бен клиент арасындағы сенімділікті орнатуға көмектеседі. Келесі жолы,

  • ол келгенше бұл сұраққа жауап тауып қоятынды- ғыңызды немесе ақпарат алу үшін кімге бару керектігін айтыңыз.

  • Кейбір жағдайларда науқаста ыза болуы мүмкін. Оны жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз.

  • Науқасқа дауысыңыздың тонымен және қатына- сыңызбен, оның біздің қоғамымыздың толыққанды мүшесі болып қала беретінін көрсетіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет