Бердалы мырзаханов



бет73/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103

Балалармен қарым-қатынас


Балалармен қарым-қатынас жасаған- да медициналық қызметкер олардың спецификалық ерекшеліктерін ескеріп, білуі қажет. Мысалы, организмі, психи- касы даму үстінде болуы, тұрақтал- мағаны, әлсіз және нәзік болуы, т.б. ерекшеліктері, қарым- қатынас жасаған
кезде медициналық қызметкер келесі принциптерді қолданып, арқа тұтады:

  1. Баланың жасына байланысты медициналық қызметкер қатынасу түрін таңдауы қажет болады. Медициналық қызмет- кер сөз байлығын, артистік қасиетін және мимика мен жест әдістерін кең қолданады.

  2. Психотенді бұзылыстар балаларда жиі дамып, нақ- тылы және ашық түрде айқындалады. Олардың вегетативтік функциялары әлсіз болуына байланысты, жиі жағдайларда құсуы, диарея, ентігуі, жөтелуі байқалады.

  3. Балаларда аурудың ішкі бейнесінің, үлкендерге қара- ғанда, айырмашылыгы көп. Балаларда үрейлену және қорқу, демонстративтік және депрессивті-астениялық қатынастар байқалады.

Балаларда госпитализм құбылыстары да жиі кездеседі. Олардың организмі даму үстінде болып, тұрақталмауына бай- ланысты, аурухана жағдайына түсуі, жекешеленуі оларға қатты әсер береді. Балаларда депрессия пайда болып, қарсылық білдіреді. Мұнда әке- шешенің тыс болуы да әсерін тигізеді. Сондықтан, сәбилер ауруханаға шешесімен бірге жатқызылуы керек, үлкен балаларға, әке-шешесінің жиі келіп тұруына жағдай жасалады.
Ауруханада балаларға ойнауға жағдай жасалуы қажет. Медициналық қызметкер қарым-қатынас жасағанда сұхбатты ойын түрінде жүргізгені тиімді болады.
Жасөспірімдермен сұхбаттасу. Үлкен кісілер жасөспірім- дер - мен сұхбаттасқанда көптеген қиыншылықтарға тап
болады. Бірақ, ол әрқашанда дұрыс бола бермейді. Жасөс- пірімдер басқа адамдар секілді, айналадағыларға мейірімді, адам ретінде сыйлап, қызығушылық білдіреді. Жасөспірім- дер, сұрақтарды ауруына байланысты емес, өздеріне тиісті қойылғанын қалайды. Сондықтан сұхбаттасуды формальді емес әңгімелесуден, яғни оның достары, мектеп, отбасы туралы сұраудан бастау қажет.
Жасөспірімдер медициналық қызметкерге өз еркімен немесе ата - аналарының ықпалымен, өздері немесе ата- анасының біреуімен келуі мүмкін. Жасөспіріммен бөлек сұхбаттасқан жөн (ата-анасымен сұхбаттасқаннан кейін). Медициналық қызметкердің жасөспірімге тиісті құпияны сақтауы - негізгі міндеті болып табылады. Егер жасөспірім үшін конфиденциальді мәліметті басқа біреумен талқылағы- ңыз келсе, науқастан рұқсат алу керек.
Жасөспірімдермен сұхбаттасқан кезде олардың ойлау қабілетінің айтарлықтай жетілмеуіне байланысты, медицина- лық қызметкердің рефлексиядан аулақ болуы қажет. Конфронтация, жасөспірімдерде қорқыныш сезімін және сөйлесуге деген құмарлықтың жоғалуына әкеледі. Аталган мәселелер, жасөспіріммен сұхбаттасудан бас тартуға әкелмеуі тиіс. Көптеген жағдайда мейірімді, формальді емес орта құру арқылы, жасөспіріммен тілдесуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет