Бердалы мырзаханов


Жыныстық проблемалары бар пациенттермен қарым- қатынас. Жыныстық проблемалардың психологиялық және әлеуметтік негіздері қандай?



бет70/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103

Жыныстық проблемалары бар пациенттермен қарым- қатынас. Жыныстық проблемалардың психологиялық және әлеуметтік негіздері қандай?


Біздің қоғамымыздағы жыныстық қатынасқа деген либе- ралдық көзқарас, эротика мен жыныстық қатынасты насихат- тайтын кітаптар мен видеожазбалардың таратылуы салдары- нан, жыныстық мінез - кұлық барған сайын еркін болып бара жатыр, дегенмен де проблемалар бар және жаңалары пайда болуда. Мысалы, кейбір адамдар кітаптан оқыған немесе экраннан көрген жыныстық мінез- құлыққа сәйкес келмеймін деп уайымдайды. Жыныстық проблемалардың негізгі себебі психикалық қысым түсуде, үрейленуде, ішкі шекісулерде жатыр, өйткені адамның жыныстық сферасы эмоционалдық стрестерге өте сезімтал келеді. Жыныстық өмірдегі еркіндік адамдарға жыныстық проблемаларды шешетін мамандарға қысылмай баруға және кеңес беру барысында еркін талқылауға мүмкіндік береді.

Жыныстық ауытқулар ( девиациялар) дегеніміз не ?


Жыныстық ауытқулар деп - сексуалдық мінез-құлықтың әлеуметте қабылданбайтын формаларын айтады. Жыныстық
ауытқулардың себептері бір ортақ пікірі әлі жоқ. Олардың пайда болуын органикалық аурулармен, тұқым қуалаушы- лықпен, гормондық алмасудың бұзылуымен, сонымен қатар психикалық жарақаттармен түсіндіреді, әсіресе бала кездегі.
Жыныстық ауытқулардың екі типін ажыратуға болады: жыныстық нысанды таңдауы бойынша (фетишизм, педофи- лия, зоофилия және т.б), жыныстық ұмтылыстың мақсаты бойынша (транвестизм, экссгибиционизм, вуайеризм, садизм, мазохизм және т.б)
Фетишизм - сүйіктісінің киіміне немесе дене бөліктеріне табыну. Көбінесе ер адамдарға тән .
Педофилия - балаларға деген патологиялық тұрғыдағы сексуалдық ұмтылыс. Әдетте, педофил мазохистікке бейім және белсіздікпен ауыратын адам болып келеді. Ол үшін бала, еш қауіп төндірмейтін жыныстық нысан деп қабыл- данады.
Трансвестизм - басқа жыныстың киімін киюден немесе жынысын ауыстырып, басқа рөл ойнаудан туатын жыныстық қанағаттану. Әдетте, ер адамдар арасында жиі кездеседі. Бұл
адамдарға бала кезінен-ақ жыныстық идентификациясын ажырата алмау тән.
Эксгибиционизм - басқа жыныс адамдарына өзінің жы- ныстық мүшелерін көрсету арқылы жыныстық қанағаттану, ләззат алу. Ол өзінің сексуалдық күшін дәлелдеуге, көрсету деген компенсаторлық ұмтылыс, Бұл көбінесе еркектерде кездеседі. Өзінің жыныстық мүшесін көрсету үшін таңдап алынған адамның қорқуы - жыныстық ляззатану да күшейе түседі.
Вуайеризм - эксгибиционизмге қарама-қарсы ауытқу, басқа жыныстың адамын сыртынан жалаңаш кезінде бақылап қанағаттану. Яғни денені жалаңаш көру, Бұл адамдар үшін басты мақсат болып табылады.
Науқаста осындай ауытқуларды байқаған сәтте, оны маманға қаралуына кеңес бергеніңіз жөн (сексопатологқа).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет