Логикалық түсініксіз болмау кедергісі, медициналық қызметкердің тілі күрделі, науқасқа түсініксіз немесе ақиқатқа сай емес болған жағдайда пайда болады.
Мәдени-әлеуметтік бөгеттің даму себептері, пациентті белгілі бір мамандықтың өкілі немесе ұлт, жыныс, жасының, әлеуметті жағдайдың тұлғасы ретінде қабылдау болып табылады.
Медициналық интервью- тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері, дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық әрекет жасау әдісі.
Нозофильді реакция- адамда ауруым бар деген жоғары құнды идеялар пайда болады, сол себептен ауруды емдеумен және өзін-өзі емдеу туралы елестетулер пайда болады.
Нозофобты реакция - науқас кемтар болып қалудан, өзіндегі ауруынан айыға алмаудан қорқады.
Нормосоматонозогнозия- адам өз ауруына, жағдайына және сауығу мүмкіншілігіне қалыпты баға береді.
«Ореола» әсері- ара қатынаста тұжырымдалмаған, науқастың тұлғалық жеке бір сипаттамасы туралы алғашқы пікір оның бүкіл көрінісіне тарайды, ал содан кейін оған деген жалпы көзқарас арқылы оның жеке қасиеттерін де бағалауға алмасады.
Окулистикадегеніміз- коммуникативтік барыста көзбен контакт жасау, көзді қозғалту.
Параноялды реакция - ауру «біреудің жаман ойының бірі» деп санайды. Науқас дәрі-дәрмектерге және проце- дураларға күдікпен қарап, айналадағы адамдарды кінәлаумен сипатталады.
«Проекциялау» әсері- медициналық қызметкер аналогия негізінде науқасқа өзінің жеке қасиеттерін және эмоционалды жағдайларын ұқсастырады.
Рефлексия - қатынасушы медициналық қызметкерде
«науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»-деген ой тууы.
Реалистік талас- шындықты іздестіре келе, науқас қажетті ақпаратты тауып, өз мәліметінің жеткіліксіздігін толықтырады.
Сенситивтілік (сезімталдық) - қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті.
Семантикалық (маңыздылық) бөгет,адамның жасына, мамандығына немесе әлеуметті жағдайына, мысалы, жастар- дың, наркомандардың, шалғай аудандардың тұрғындарының тіл ерекшеліктеріне байланысты байқалады.