Интраверсия- Бұл термин, субъектінің өз-өзіне қарай бағытталуын анықтайды, өзінің сезімдеріне, уайымдауына шектен тыс назар аударуын білдіреді.
Интервью - ауызша сөйлесу нәтижесінде ақпарат алудың амалы
Императивті қатынас- Бұл науқасқа авторитарлық және директивтік әрекет жасау.
Қатынасу бөгеттері - кейбір науқастарға теріс негативті эмоциялар, түсініксіз пайда болуына байланысты дамиды.
Қақтығыс» (конфликт)сөзі латынның соnflictus-шекісу, жанжалдасу деген және сол өзгермеген қалпында көптеген еуропалық халықтардың тіліне енді.
Кәсіптік деформация дегеніміз - медициналық қызмет- керлер- дің психологиялық болмысына мамандығының жасайтын әсері.
Коммуникация- басқа адамдармен байланысу, қарым- қатынас орнату.
Коммуникативтік дағдылар - медицина қызметкерлерінің жумыс барысына байланысты басқа субъектілермен (адам- дармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Коммуникатор-ақпаратты жіберуші адам.
Коммуникант(адресат) - ақпаратты қабылдаушы адам.
Коммуникация арнасы - жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жұру жолы.
Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз- медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші мейірбикелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым- қатынас жасау қабілеті.
Коммуникативтік потенциал- Бұл медициналық қызметкердің мүмкіндігі туралы сипаттама, ол оның қатынасының сапасын білдіреді.
Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) - медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.
Конструктивтік қақтығыстардегеніміз - ұйым және оның мүшелерінің өмірлік әрекеттенуінің принципиалды жақтарына әсер беретін қақтығыстарды шешу негізінде, ұйым жаңа, бүрығыдан да жоғары және нәтижелі дәрежеге көтеріліп, жетілуі.