Деструктивтік қақтығыс дегеніміз - негативтік бұзы- лысты әрекеттесу салдарынан дау-дамай туып, ұйымның немесе топтың жұмыс нәтижесі кенеттен күрт төмендеуі.
Қақтығысқа әкеп соқтыратын адамның мінездік ерекшеліктері.
тұлғаның келесі эмоционалдық қасиеттерінің жинағы болуы-үрейленушілік, агрессивтік (қарсыласуы), тітіркенгіш- тік, қыңырлық.
Қақтығыстың деңгейлері.
Психология докторы Даниэль Дэн өзінің адам аралық қарым- қатынасты жақсарту 4-іздік әдісінде қақтығыстың 3 денгейін көрсеткен:
1 деңгей: шекісу - жағымсыз жағдайлар, адам аралық қарым- қатынасқа ешқандай теріс әсерін тигізбейді
деңгей: соқтығыс - шекісулер соқтығысқа ұласады, үрыс- керістердің себептерінің кеңеюі, адами арақатынастан алшақтап, адамның басқалардың мейірімді ниетттеріне сенімсіздік пайда болуы
деңгей:дағдарыс - біржола қарым-қатынас үзу жөнінде шешім қабылдау, Мұнда эмоционалды тұрақсыздық сонша- лықты дәрежеге жетеді, кейде күш көрсетуге дейін барады.
Қақтығыстан шығудың жолдары.
Конфликттің тікелей сылтауынан әр конфликттің нағыз себептерін, оның ішінде, көбінесе жасырын жатқандарын ажырату керек. Қақтығыстардың себептерін жоймай, оны шешуге болмайтынын, әр адам ойында сақтауы керек. Конфликті күшпен немесе сөзбен тыныштандыру ешқандай нәтиже бермей, оның үдей түсуіне, тарап жайылуына жағдай жасайды. Осының салдарынан конфликті басу үшін, оның құрылу әлементтерін жою керек.