Бердалы мырзаханов


Тақырып 5.7 Әртүрлі жастағы науқастармен қарым- қатынас жасау



бет72/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103

Тақырып 5.7 Әртүрлі жастағы науқастармен қарым- қатынас жасау


Жасы егде ауру адамдармен қарым- қатынас.
Жастары ұлғайған науқастармен сұх- баттасудың өзіндік ерекшіліктері бар. Үл- кен жастағы науқастардың реакциясы,
есту, көру қабілеті төмен болуы мүмкін. Олар көбінесе қимылдарын шектейтін, қиындықтар туғызатын созылмалы аурулармен сырқаттанады. Үлкен жастағы науқастар, емдеу ақысын жоғарылатудан қорыққаннан немесе диагностиалық, емдеу процедураларымен байланысты туатын қиындықтар- дан қашу мақсатында өзінің симптомдарын ашық айтудан бас тартады. Кейбір науқастар көрініс берген симптомдарды
кәрілік әсерінен деп қабылдап, кейде тіпті ұмытып кетуі де мүмкін.
Жастарға қарағанда, жасы үлкен науқастар сырқаты тура- лы аздап қана, баяу айтады. Сондықтан мұндай науқастардың сұрақтарына жауап беруге көбірек уақыт бөлген жөн. Меди- циналық қызметкер сабырлы, байыпты түрде сөйлеуі керек. Жылы әрі тыныш, сұхбатқа ешнәрсе кедергі келтірмейтін бөлмеде науқастан мәлімет жиналады. Медициналық қызмет- кер мәліметті бір сұхбаттан кейін «толық жинадым»-дегені қате, себебі бірнеше рет сұхбаттасудан кейінгі жиналған мәлімет продуктивті, толығырақ болады.
Жасы келген кісілер өз жастарын сезіне отырып, енді қанша өмір сүретінін есептей бастайды. Үлкен жастағы науқастар өткен өмірдегі күндерді, қуаныштарды, реніштерді еске алуға бейім болып табылады. Науқастың өмірі туралы медициналық қызметкер ести отырып, оны жақсы түсініп, уайымын басуға қол ұшын бергені Дұрыс. Жасы үлкен науқастардың бұрын ауырған ауруымен қалай күрескені туралы мәлімет алынады. Науқастың өз денсаулығына, жасына байланысты көзқарасын білу мақсатында мынадай сұрақтар қойылады: «Сізді қазір не қуантады немесе не уайымдатады, егер қолыңыздан келсе өз өміріңізге қандай өзгерістер енгізер едіңіз, өтінемін?»
Созылмалы аурулармен сырқаттанған жасы үлкен науқас- тардан күнделікті өмірде қандай көмек керек екенін, қалай өз бетінше тамақтана, киіне, жуына алатыны туралы мәлімет- терді де медициналық қызметкер анықтайды. «Несеп немесе нэжістің ұстамауына шағымдана ма, жиі кұлай ма, тамақты өзі пісіре ме, машина жүргізе ме немесе қоғамдық транс- порттарды қолдана ма, финанстық жағдайы, яғни төлем ақы төлей ме, баспалдақпен көтеріле ала ма» -деген сұрақтарға медициналық қызметкер жауап іздейді. Мұның барлығы медициналық қызметкер науқастың жағдайының ауырлығын, өзгерістерін анықтауға, бағалауға, науқастарды жақсы түсініп, емдеуге көмек береді.
Қария адамдардың ұмытшақ, өкпешіл, маңайындағыларға жоғары талап қоюы, созылмалы дерттерге жиі шалдығуы және ем шаралары нақтылы нәтиже бермеуі, медициналық қызметкердің олармен қарым-қатынас жасауына бірталай қиыншылықтар тудырады. Сондықтан медицина қызметкері- нің, Бұндай адамдармен қатынасып, ем жүргізген кезіндегі қарым-қатынасы төменде келтірілген принциптерге негізделеді:

  1. Медициналық қызметкер жасы егде адамдармен құрмет, сыйлы қарым-қатынас жасауы қажет. Оларға ерекше назар аударып, жағдайына қамқорлық көрсетеді: жатқан төсегі жайлы және ыңғайлы, тамақтануы Дұрыс болуы т.б.

  2. Медициналық қызметкер аурулардың әлеуметтік, жанүялық жағдайын да ескере отырып, психологиялық проблемаларын шешуге жәрдем беруі қажет.

  3. Медициналық қызметкер аурудың жағдайын, ауру белгілерін мәліметтеген кезде, ешқашан оның егде жасымен байланыстырмауы керек. Емдеу жүргізген кезде де, ауру адамға оның қарт болуына байланысты, ем нәтижесіз бола- тындығын айтпаған жөн, мысалы, атеросклероз, стенокардия және т.б.

  4. Егде адамдардың ұмытшақ, болатындыгын ескере отырып, медициналық қызметкер оларға ем шараларын, әсіресе дәрі қабылдау ережелерін (дозасы, қабылдау уақыты, т.б) асықпай, толық түсіндіреді. Кейбір жағдайлардың туған- туысқандарын шақыртып, олар арқылы түсініктеме береді немесе оны жазбаша түрде ұсынады.

  5. Қарт аурулар өкпешіл, уайымшыл болуына байла- нысты, медициналық қызметкер олармен қарым-қатынас жасағанда ерекше шыдамдылық көрсетіп, төзімді болып, оларды өкпелетіп алмау үшін әр сөзін, іс әрекетін бақылап, қадағалап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет