Асоциалды (әлеуметке қарсы) және өшпенділік сезімі жоғары науқастарға медициналық қызметкер қандай реакция береді? Мұндай науқастарға медициналық қызметкер әр түрлі реакция танытады: біреулері ашумен және өшпенділікпен жауап берсе, екіншілері пациенттерді өз жағына тарту мақ- сатымен, жауыздық көрсету негіздің жоқтығын түсіндіріп, мейрімділікпен достық пейіл көрсетеді; үшіншілері пациент- тің жағдайына көңіл аудармай, өздерін түк болмағандай ұстайды. Кейбір жағдайларда пациентке ашуланғанда Дұрыс болуы мүмкін, бірақ та бәрінен маңыздысы - оның Бұл себебін түсінуі.
Ол үшін не қажет?
Пациентке оның ашулы және өшпенділікпен қатынас жа- сап отырған сияқты екендігін айтуы керек. Кейде «ашулы»,
«өшпенділік» ұғымдарына өте күшті қабылдануы мүмкін, сондықтан өз пікіріңізді тым қатты түрде айтпауға тырысыңыз.
Мысалы:
«Сіздің бір нәрсеге көңіліңіз толмай отыр ма?»
«Сіз риза емессіз бе?»
«Сіз ашуланып отырған сияқтысыз?»
Егер медициналық қызметкер пациенттің өшпенділігіне көзі жетпей, тек қана күмәнданса, нақтылау үшін сұрақ қоюына болады:
«Не болды?»
«Мен бір нәрсені дұрыс сұрамадым ба?»
«Мен бір нәрсені Дұрыс жасамадым ба?»
Пациенттің қанағаттанбауының қандай себентері болуы мүмкін?
Пациентің қанағаттанбауының себептері қарапайым болуы мүмкін, медициналық қызметкердің түрі мен сөзі үнамауы, медициналық қызметкер тым жас көрінуі және т.б. Өшпен- діліктің себебін табу үшін және оны тиімді реакциямен қарсы алу үшін, медициналық қызметкер оның негізгі белгілерін білуі қажет.
«Өш алу» дегеніміз не?
Ең алдымен, өшпенділік ауытқуы немесе шеттен шыққан жағдай еместігін түсінуіміз керек. Әрқайсымыз кейде болса да ашуланамыз. Өмірде ашу, ашулы ой мен әрекет көрініс бермейтін жағдайлар жоқ. Өмірде орындалатын әрекеттер, аз деңгейде болса да ашумен мотивацияланады. Ашудың өзінің мәні бар-ол өзін-өзі қорғау құралы, сонымен қатар, қорқы- нышқа қарағанда ол адамды күшті әрекеттерге итермелейді. Яғни, ашу қауіп-қатер жайлы белгі беретін үрей мен қорқыныш сияқты өзін-өзі қорғайтын сезім ғана емес, ол өшпенділік туғызатын күй.