Бердалы мырзаханов



бет69/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103

Ашудың себебі неде?


Медициналық қызметкер үшін ашудың пайда болу себебін білу өте маңызды. Әр пациенттің ашуының себебі, оның өмірлік жағдайларында жатады. Әр ашудың адам өміріне тән
«тарихы» бар. Өмір сүру барысында, әсіресе, балалық шақта,
«ашулану стилі» қалыптасады; бірнәрсеге ашулансақ, ашу жиналып, сыртқа шығады.
Кейбір пациенттер медициналық қызметкер бұйырып сөйлесе ашуланады; басқалары - не істеу керектігін Дұрыс, әрі нақты айтпаса ашуланады, үшіншілері - жеке басқа қа- тысты көп сұрақтар қойылса, оны артық қызығушылық деп есептеп ашуланады т.с.с. Ұқсас жағдайлар, кейбір пациент- терді ашуланшақтыққа итермелесе, басқалары оған ашулан- байды.

Әлеуметке қарсы болу дегеніміз не?


Әлеуметке қарсылық- Бұл өте күрделі әрі болжамдалуы қиын тұлғалық ауытқу, ол түрлі симптомдар ретінде көрініс бермей, мінез- құлық бұзылыстары ретінде көрінеді. Бұрын Бұл ауытқуды «психопатиялық тұлға» немесе «социопаттық тұлға» деп анықтайтын (Бұл терминдер эдебиеттерде әлі де кездеседі). Социопаттар әлеуметтік ортаға нашар бейімделіп, қоғамның талаптары мен моральдық нормаларға көңіл аудармай, қоғамда өмір сүру ережелері мен заңдылықтарын, өзінің инстиктивті қажеттіліктеріне қанағаттандыру үшін, қоғамда өмір сүру ережелері мен заңдарын жазадан да қорықпай бұзуға бейім болып келеді.

Әлеуметке қарсы тұлғалардың қандай ерекшеліктері бар?


Әлеуметке қарсы тұлға мен ішкі невротикалық конфликт- тердің салдарынан өзін әлеуметке қарсы қоятын тұлғаны шатастырмау керек.
Невротик, мінез-кұлықтың салдарынан өзін кінәлі сезінеді, ал әлеуметке қарсы тұлғаға Бұл сезім тән емес. Әлеуметке қарсы мінез- құлықтың белгілері жасөспірім кезеңінен айқын көріне бастайды, осы кезде агрессивтілік, жыныстық қаты- насқа ретсіз, жөнсіз түсе беру, ішімдік пен наркотик қабыл- дауға бейімділікті байқаймыз. Медициналық қызметкер әлеуметке қарсы тұлғаның тек қана басқа адам емес екенін, оның басқа адамдардан түбегейлі өзгешілігі- өмірлік мақса- тымен, өзіне және басқа адамдарға қатынасымен - бар екенін білу керек. Әлеуметке қарсы тұлға басқа адамдарға қауіп немесе ляззат алу көзі ретінде қарап, олардың қауіпсіздігіне, ыңғайына, қанағаттануына көңіл аудармайды. Олар өздерінің қажеттіліктерін ең керекті, әрі шұғыл деп, олардың орын- далуып ертеңге қалдыруға немесе орнын басқа бір нәрсемен ауыстыруга болмайды деп есептейді. Қажеттіліктерін қана- ғаттандыру көргенсіздікке, болдым-толдым деген сезімге алып келіп, өзін-өзі сыйлаудың арқасында бақыттылық сәт- терін басынан өткере алмайды. Әлеуметке қарсы тұлға шы-
дамсыз, бір сәтте ляззаттамуға бағытталып, қажеттіліктерін қанағаттандыруда бөгеліске шыдамай, тап қазіргі ұмтылысын басшылыққа алады. Ол қазіргі сәтте ақшасы жоқтықтан немесе көңілі кеткен затты заңды жолмен алуга шыдамы жетпегендіктен ұрлық жасауы мүмкін. Әлеуметке қарсы мінез- құлықтан жаза да тоқтатып қала алмайды. Эмпатияның жоқтығына агрессивті реакцияларына зүлымдық, тіпті садизм тән болады.
Әлеуметке қарсы пациенттер мен жұмыс барысында нені білу маңызды?
Әлеуметке қарсы тұлға жақын тұлға аралық қатынастарға түсе алмайды. Достық оларға тән емес қасиеттерді талап етеді. Әлеуметке қарсы индивидтер тек қана басқалардан алғанды жақсы көреді де, өздері бергілері келмегендіктен, осы жағынан отбасылық кикілжіңдер де туады. Олар тек қана өздеріне бағытталып, басқа адамдарда сезімі мен қүқығы бар деп қабылдамайды, басқа адамдар олар үшін мақсатқа жету құралы ғана. Әлеуметке қарсы тұлға көбінесе өзінің сыртқы көріктілігін пайдаланып, қоршаған адамдар арасында пара- зиттік өмір сүреді. Көрсетілген себептердің арқасында меди- циналық қызметкердің мұндай пациенттерге эмпатия көрсе- туі қиын, ал олардың жақын, әрі мағыналы қатынастар жасай алмайтындығы психотерапия мен кеңес берудің пайдалы болуына кедергі болады. Бірақ, әлеуметке қарсы тұлғаның сезімдерінің шексіз ұсақ екендігін ескере отырып, медици- налық қызметкер эмоционалдық контакты болмаған кезде өзін-өзі асығыс кінәламауы керек.
Әлеуметке қарсы тұлғалар медициналық қызметкерге өз еркімен сирек келеді. Әдетте, оларды мектеп немесе басқа мекемелер жібереді, сондықтан пациенттің кеңес алуға келу себебін ашып алу керек. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әлеу- метке қарсы тұлғалармен контактіге түсу өте қиын, өйткені олар өздерінің күнделікті өмірдегі стилін кеңес беруге де алып келеді. Кеңес берудің басынан бастап, мұндай пациент- тер медициналық қызметкерді, әсіресе тәжірибесіз, өзінің сыртқы көркімен, жалған мейірімділігімен, жағымпаздығы-
мен алдап кете алады. Медициналық қызметкер көмектесемін деген ынтасының арқасында пациенттің манипуляциясының нысаны болып қалуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда тәжі- рибесіз медициналық қызметкерлер үшін әлеуметке қарсы тұлғалар қауіпті болып табылады. Әлеуметке қарсы тұлға өзінің жағымсыз мінез-құлқын Дұрыс деп түсіндіріп, жауап- кершілікті басқаларға итере салуға бейім болады.
Мұндай адаммен ұзақ уақыт қарым-қатынасқа түсу бары- сында өз-өзіне көңілі толмаушылық, қысылу, үялу және ыза сезімі пайда болады. Әлеуметке қарсы науқастармен жұмыс барысында медициналық қызметкер өзінің сезімдерін айқын- дап, өзіне сенуі маңызды болып табылады, өйткені Бұл науқас тарапынан болатын манипуляцияға қарсы және үлкен қиыншылықтарға қарамай жұмыс істей берудің бірден - бір емі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет