Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Berdibek Sokpakbaev Menin atym Kozha

ТӨРТІНШІ ТАРАУДА 
Жантасқа пионер лагеріне баруға жолдама беріліп, маған берілмеу 
жайы, менің шәт-шәлекей ашулануым айтылады. 
 
Таңертеңгі шайымды ішіп алғаннан кейін, аяңдап мектептің спорт 
алаңына қарай келе жаттым. Қолтығымда добым бар. Біздің «Спартак» кеше 
қайраттықтардан жеті де бес болып ұтылған еді. Бүгін оларды қалайда 
жеңуіміз керек. Команданың капитаны ретінде соған қатты ширығып, іштей 
дайындықпен келе жатырмын. 
Мектептің қасында Жантас ұшыраса кетті. Қолында мӛр басылған бір 
жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп қойып: 
- Қара кӛже, мынаның не екенін білесің бе? — дейді. 
- Ол не? 
- Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен кӛшедегі 
иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. 
Тілінің қыршаңқылығы үшін Жантасты мытып алғым келіп бір тұрдым 
да, әуелі жолдама жайын тиянақтамақшы болдым: 
- Оны саған кім берді? 
- Кім беруші еді. Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде. 
«Неге жоқпын?». Жантастан Майқанованың қайда екенін сұрап едім
мектепте деді. 
Бұдан былай біреуді келемеждеп сӛйлеудің қандай екенін білуі үшін, 
Жантасты мұрынға сырт еткізіп бірді шерттім де, жүгіре жӛнелдім. Сол 
бойда екпіндеген қалпыммен мұғалімдер бӛлмесіне алқынып кіріп бардым. 
Майқанова бірдеңе жазып, жалғыз отыр екен, маған басын кӛтеріп алып, 
таңырқаған кейіппен қарады: 
- Не болды? Не болды, Қадыров? 
- Лагерьге жолдама беріңізші маған. 
- Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың. 
- Неге? 
- Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетіспейді. Ал екіншіден, ең 
әуелі, біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз. 
- Жантас немене... менен артық болғаны ма? 
Майқанова екі бүйірінен біреу қысып қалғандай еңсесін кілт кӛтеріп 
алды: 
- Сен немене? Мені тергегелі тұрсың ба? 
Майқанованың кӛкшіл кӛзі шатынай бастады. Оның бір ашуланса, 
шапылдап, жуық арада толас бермейтінін білем. 



Sauap.org
- Бермесеңіз, қойыңыз, — дедім де, жалт бұрылып, есікті бар күшіммен 
тарс жауып, жӛнеле бердім. Осындай әділетсіздікке қаның қалай тана 
қайнамайды. Жантас біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ 
үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш, ӛзі тақтаға шыққанда кӛрінгенге құлақ 
түргіш Жантас үлгілі оқушы болғаны да, мен үлгісіз болғаным. Менің сабақ 
үлгеруім одан кӛш ілгері екені, екпінділігім ешқандай есеп емес. 
Соңымнан ілесе шықты Майқанова: 
- Қадыров! Бері кел. 
Мен бұрылып та қарамадым. 
- Қадыров! 
Есіктен жүгіріп шығып кеттім. 
Турникке сүйеніп, жылмия қарап Жантас тұр. Зығырданым одан бетер 
қайнап кетті. 
- Немене, жолдама алдың ба? — деп сиқырланып, жолымды 
тосқауылдай қалыпты. 
- Алдым, — дедім. 
- Кәне, кӛрсетші? 
Сарт еткізіп танаудан тағы бірді шерттім. 
- Міне. 
Түстен кейін тӛсегімде демалып жатып, ойға қалдым: Бағана 
Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау деймін. Әрине, Жантасқа 
жолдама беріп, маған бермеген оныкі де әділдік емес. Ызамды осы келтірді. 
Дегенмен, Майқанова мұғалім, класс жетекшісі. Жә, қазір оқу кезі емес қой, 
каникул. Ол маған не істей алады? Үш айға дейін кім бар, кім жоқ. Мүмкін, 
жаңа оқу жылында біздің класс жетекшіміз басқа біреу болар. Онда мен 
Майқанованың шеніне де жолай қоймаспын. Ӛмір дегенді ойлап отырсаң, 
қызық нәрсе. Бірімен бірінің қалай да тұзы жараспайтын кереғар жаралған 
адамдар болады. Майқанова екеуіміз соның дәл ӛзі секілдіміз. Біздің 
кикілжіңіміз күзде ол осында мұғалім болып келген бетте-ақ басталды. 
Былай болды: жаңа оқулықтар, дәптерлер сатып жатыр дегенді естідім, 
әжемнен ақша ала салып, замғап дүкенге келдім. Рас, сатып жатыр екен. 
Бірақ адам деген лық толы. Кезектің соңы далаға шығып кетіпті. 
Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да, тәуекел деп, ішке кезексіз 
кірмекші болдым. Ӛйткені соңындағыларға жетпей қалатын азабы да болушы 
еді. Сонан соң кӛрінгеннің оқулығына мінгесіп, жалынасың да жүресің, бұл 
— күн емес. Ӛзге ештеңең болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен 
былай деп мақалдаған болар едім: оқулығы сай бала — кӛңілі жай бала. 
Сығылысып есіктен енді кіре берсем, бойы менің бойымдай ғана, 
тықылдаған бейтаныс кӛк кӛз келіншек алдымды тосқауылдап жібермейді. 
- Қайда кимелеп барасың? Кезекке тұр, — дейді. 
Осы арада тілі құрғыр ӛтірікті менің еркімнен тыс айтып салды: 
- Мен оқулық емес, қант аламын, — дедім.Ӛйткені магазиннің арты 
азық-түлік сататын бӛліміне қарай адамдар еркін ӛтіп жатыр. 


10 
Sauap.org
Кӛк кӛз келіншек мені жіберді. Мен сыр бермейін деген оймен әуелі 
қант сататын жаққа ӛтіп кеттім. Бірақ қанттың қазір маған түкке керегі. жоқ. 
Маған қажеті бесінші кластың оқулықтары. Прилавканы жағалап, 
адамдардың арасымен ептеп, кітап сатып жатқан жаққа қарай сырғи 
бастадым. Енді бір ұмтылғанда жетіп те қалатын едім. Кенет әлгі кӛк кӛз 
келіншек желкемнен бүріп ұстап: 
- Сен адасып барасың. Қант ана жақта сатылады, — деді. 
- Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз, — деп жұлқынып қалдым да, 
прилавкаға бір-ақ барып жеттім. 
Кӛк кӛз келіншек сатушыға дауыстап жатыр: 
- Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті. 
Ол бұл сӛзді айтып үлгергенше, Қожекең сұр кепканы қойынға сүңгітіп 
жіберіп, тақыр бас қара бала болып шыға келді. Балалар ананы-мынаны 
сұрап, азан-қазан болып жатқанда, мен ләм деместен сақ еткізіп елу 
сомдықты сатушының қолына ұстата салдым. Сӛйтіп, қажетті оқулық-
дәптерлерімді бір құшақ етіп алып шыға бердім. Есік алдында кӛк кӛз 
келіншек иығымнан қатты ұстап (қолы мұндай қатты болар ма!): 
- Ой, ұятсыз. Қай класта оқисың? — деп бір жұлқып қалды. 
Мен оған жӛнімді айтып жатырмын! 
Бірнеше күн ӛткеннен кейін оқу жылы басталды. Мәссаған керек болса, 
әнеугі маған дүкенде жекіретін кӛк кӛз келіншек тыпың-тыпың етіп
қағаздарын қолтықтап, біздің класқа кіріп келе жатыр. Қожекеңнің сол мезет 
қандай күйге түскенін кӛрсеңіз. Бірақ бойымды тез жиып ала қойдым да, сыр 
бермеуге тырыстым. Мүмкін, ол мені танымас деп ойладым. 
Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, ӛзін 
таныстырды. Сәбира Майқанова. «Мен сендерге қазақ тілінен сабақ беремін 
және класс жетекшілерің боламын», — деді. 
Соңғы сӛз Қожекеңді тағы бір сілкіп алды. «Ал бәлем, сақтана бер» 
дегендей болдым ӛзіме ӛзім, 
Майқанова бір-бірлеп, тізім бойынша оқушылармен таныса бастады. 
Кезек маған келді. 
- Қадыров. 
- Мен. 
Майқанова тесірейе қарап тұрып қалды. 
- Біз екеуіміз таныс шығармыз деймін? 
Мен еріксіз жымиып күлдім. 
- Мүмкін. 
«Мен сенімен әлі сӛйлесемін» дегендей, Майқанова: 
- Отыр, — деді зілді дауыспен. 
Міне, осыдан кейін Майқанова маған қымс етсе, қаһарын тігіп тұратын 
болды. Қанша рет қыс бойы директордың алдына сүйреп алып барды. 
Ақыры, жыл аяғында тәртібіме де «тӛрттік» бата қойып отыр. 
Осының бәрі мені, әрине, ашуландырады. 


11 
Sauap.org


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет