БЕСІНШІ ТАРАУДА
Менің Жанармен дойбы ойнауым және
қиял құсының самғап ұшатын бір шағы айтылады.
Екі күннен кейін бір топ бала думандатып пионер лагеріне жүріп кетті.
Мен ішім күйіп ауылда қалдым. Түстен кейін бригадир келіп тұр есік алдына.
- Қара Қожа, үйдемісің? — деп дауыстады.
- Үйдемін. — Есік алдына шықтым.
- Киім-кешек, тӛсек-орныңды дайындап, әзірленіп тұр, — дейді
бригадир, — шӛп шабысқа барасың. Ауылдағы балалардың бәрі барады. Шӛп
жинайсыңдар.
- Бармаймын, — дедім мен.
- Неге?
- Мен үлгісіз, тәртіпсіз оқушымын. Ештеңеге де жарамаймын.
Менің ренішімнің жай-жапсарын білгеннен кейін, бригадир:
- Ой, жолың болғыр, жігіт адам соны да сӛз дей ме екен. Не бар дейсің
сол лагерьде. Қызықтың кӛкесін сен шӛп шабыста кӛресің. Біз онда сендерге
кӛңіл кӛтеретін барлық жағдайды жасаймыз, — деп үгіттей бастады.
Үгітте, үгіттеме, Қожакең айтқанынан қайтпайды. Әрі шӛп шабысқа
Майқанова да барады дегенді естідім. Жоқ, Майқанова жүрген жерде мен
жүре алмаймын. Тым құрса, жазғы демалыста одан құлағым тыныш болсын.
Мамамның колхозда сауыншы болып істейтінін мен сендерге айтқан
жоқпын ба? Олардың фермасы осыдан бірнеше күн бұрын ғана жайлауға
кеткен болатын. Жайлауды кӛрмегеніме бірнеше жыл болды, одан да сонда
барғаным рахат емес пе деген ойға келдім. Ол үшін кӛлік керек, оны қайдан
алам? Бригадирден сұрағанмен, бермейді. Шіркін-ай, осындайда меншікті бір
атыңның болғаны абзал емес пе. Қалаған жатыңа соқтырып жӛнелер едің.
«Ер канаты — ат» деп қазекем бекер айтпаған ғой.
Сонымен, атты қайдан табамын?
Осы да сӛз болып па? Қазір бұрынғы жеке меншіктің заманы емес.
Колхоз малы — менің малым. Соның біреуіне мінемін де кетемін.
Белсенділердің әрқайсысында бірнеше аттан бар. Үстеріне ӛздерінен басқа
шыбын жорғалатпайды. Жазда жайлауға қоя беріп семіртеді де, қыстыгүні
қаншырдай етіп жаратып, қасқыр, түлкі қуып шығады. Сонда олар бұл үшін
колхозға тӛлей ме бірдеңе? Түк те тӛлемейді. Әкем Қадыр осы колхоз
құрылған күннен бастап ұста болып істеді, мамам сауыншы. Бір аттың бір
күндік терін пайдалануға менің неге қақым жоқ.
Шешім қабылданды, ӛзен бойындағы жайылымнан бетіне тура қараған
аттың бірін ұстап мінеді де, Қожекең түнгі салқынмен жайлауға тартып
отырады. Сонан соң, бригадир бар, Майқановасы бар, таңертең менің ізімнің
қалай қарай кеткенін тауып кӛрсін.
Тамақтанып болып, тысқа шықтым. Кӛз байланып қалған екен.
Маужыраған қоңыр кештің құшағында, қора аузындағы сырғауыл қашаның
12
Sauap.org
үстінде, қонақтаған тауықтай шошайып отырмын. Ойымда Жанар.
Түнделетіп жайлауға кетіп қалатын болсам, кӛпке дейін оны кӛре алмаймын,
сағынамын-ау!
Мен кейде сұрақ қоям ӛзіме ӛзім: «Жанарды неге ойлай берем? Оны
кӛрмесем, ала кӛңілденіп, тынышым кетіп тұратыны несі? Әлде осының ӛзі
әлгі жұрт айтатын, кітаптарда жазылатын не... емес пе?». Япыр-ай, осы бір
сӛзді ойға алғанның ӛзіне селк ете қалам-ау. Егер мұны Майқанова білсе ғой.
Не болар еді онда күнім? «Ә, Қадыров, қаршадайыңнан қызға ғашық болып!
Қарай гӛр мұны! Бұл сұмдықты саған кім үйретті, о?!». — Нағыз масқара,
міне, сонда болар еді.
Менің Жанарға ләм деп бірдеңе айтпақ түгіл, тіпті оның қасына баруға
жүрексініп тұратын себебім, міне, осы.
Жанар үйі кӛшенің басына таман, ӛзенге таяу. Әкесі Балабек бригадир
болып істейді. Мамасы Қырымға курортқа кеткен. Үйде ӛзінен басқа, мені
онша ұната қоймайтын қытымыр әжесі ғана бар. Қолыма таяқ алып,
әлдекімдерге еліктеп сылти басып, солай қарай келе жатырмын. Жанардың
тӛбесін анадайдан бір кӛрсем де дәтке қуат емес пе. Мүмкін, ол ұшырасып та
қалар. Жайлауға баратынымды айтам. Менің қайда екенімді ол да біліп,
ойлап жүрсін. Жанар мені жайшылықта ойлай ма екен, ойламай ма екен, ә?
Бұл үйде Жанардың әжесінен бетер сескенетін тағы бір қорқынышым —
осы үйдің антұрған қабаған қара тӛбеті. Атты кісінің омырауына шапшитын
жауыз тӛбет. Ол бос болса, үй маңынан тірі жанды қия бастырып ӛткізбейді.
Жоқ, қара тӛбет байлаулы екен. Арты кӛше жақтан келген біреуге арс
үріп, жұлқынып тұр. Мен бергі қора жақтағы ағаш шарбаққа жақындай
түстім. Осы кезде үйден Жанар жүгіріп шығып:
- Ақтӛс, жат. Бар орныңа! — деп зеки бастады.
Қақпаның ар жағынан әйел дауысы естілді:
- Жанаржан, әжең үйде ме?
- Әжем бағана тауық фермадағы Сүйінбай атамдікіне кетіп еді. Әлі
келген жоқ.
Жанардың үйде жалғыз екенін білгенде, қуанышым қойныма сыймады.
Не де болса, тілдесіп қалуға бел байладым.
- Жанар! — деп дауыстадым, ол жүгіре басып бері қайтып келе
жатқанда. Үнім бейне бір шошыған немесе аяқ астынан ғажайып бір қымбат
зат тауып алған адамдай жарқын шығып кетті.
Селк етіп, тоқтай қалды Жанар. (Үй маңдайшасына электр шам
орнатылғандықтан, есік алды сүттей жарық еді.). Дауыстың қайдан
шыққанын тұспалдай алмай, тӛңірегіне жалтақ-жалтақ қарап барып кӛрді
мені.
- Кеш жарық, Жанар.
Жанардың таңданған жүзі дереу күлімсіреді. Қасыма жүгіріп келіп, ағаш
шарбақтың үшкіл басынан ұстап, бетпе-бет тұра қалды.
- Кеш жарық, Қожа. Неғып жүрсің? — деп сұрады ол.
- Мен түнделетіп жайлауға кетем.
13
Sauap.org
- Мамаңа барасың ба?
- Иә, сен неге лагерьге бармадың?
- Мамам келгенше үйде болып, әжеме кӛмектесем. Майқанова апай
лагерьге келесі кезекке жолдама берем деді.
Жанар осыны айтты да:
- Қожа, менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық, — деді.
Ӛзегімді нұрлы сезім жарып ӛтіп, қолтығыма қанат біткендей болды,
қашаға пәрменіммен секіріп шықтым да, ар жағына топ ете түстім. Сол кезде
шынжырын сылдырлатып қара тӛбет те арсылдап, тұра ұмтылды. Иттен
қорыққансып, Жанардың білегінен қысып ұстап, жабыса түстім. Ит есік
алдына жете алмастай етіп байланған екен. Екеуіміз иық түйістіре жүгірген
бойда үйге кіріп кеттік.
- Сен дойбыны жақсы ойнаймысың? — деп сұрады Жанар.
- Жоқ, онша емес, — деп сыпайы жауап қайтардым. Ал шындығында,
ӛзім теңдес балалардың кӛбін ұтушы едім.
Жанардың бетпе-бет отырған сүйкімді жүзіне, иығына тӛгіліп түскен
кӛмірдей қап-қара әсем қолаң шашына алаң-елең қарап толқып отырып,
бірінші ойынды қалай ұтқызып алғанымды байқамай қалдым. Ол маған үш
бұзау айдатты. Бірақ Жанардың мәз болған кейпіне қарап, бұл ұтылғаныма
ӛзім іштей қуандым да.
Екінші ойынды әлгіндей емес, сағырақ ойнауға тырыстым. Үнемі қыздан
жеңіліс таба беруге болмайды ғой. Бірақ үш-тӛрт жүрістен кейін Жанар
менің үш пешкамды бірден қырып салғаны.
- Әллуі! — деп, жағымды шапалақпен бір салып, отырдым да қалдым.
Берекесі бір ұшқан ойынның мәні бола ма. Лезде тағы ұтылып қалдым. Бұл
жолы топырлатып, алты-жеті бұзау айдатты.
- Байыдың, байыдың! — деп, Жанар онан әрмен мәз бола түсті. Енді
менің намысым келе бастады.
- Қазір ұтамын, — дедім сенімді үнмен.
- Ұтпасаң, не боласың?
- Не бол десең, со болайын.
- Дүние жүзіндегі барып тұрған мақтаншақтың ӛзі боламысың?
- Жарайды.
Үшінші ойын шиеленісіп басталды. Әу дегеннен-ақ екі пешкадан
қарпысып алдық. Бірақ біраздан кейін ойынның ара салмағы тағы ӛзгере
бастады. Бір-екі жерде мүлт жіберіп алдым. Жанардың екі пешкасы тағы
артып кетті.
- Әй, бәлем, кӛрермін жеңілмегеніңді, — деп қанаттанып, оның мерейі
аса түсті.
Менің ендігі үміт артқаным оң жақ шеттегі бір пешкам еді. Түкпірлетіп
отырып, соны биге алып шықтым. Қырғидай тиіп, жайпармын-ау енді, бәлем.
Бірақ тап осы кезде майдан даласында мен ойламаған ғаламат бір оқиға
болды. Айлакер Жанар орта шенде елеусіз тұрған бір пешкасын маған жегізді
де, басқа бір пешкасымен менің әлгі батырымды белден басып, биге ӛтіп
14
Sauap.org
кетті. Онымен де тынбады. Әлгі биімен менің ӛзге үш жауынгерімді тағы
жайпап салды.
- Ура! Ұтылдың! Мақтаншақ Қожа. Мен енді сені бұдан былай
мақтаншақ Қожа деп атаймын.
- Тоқта, қалай... қалай боп кетті?
- Міне, былай... Сен менің мына пешкамды жедің бе? Жедің. Онан соң
мен былай жеп, биге шықтым. Одан кейін, міне, былай... былай... былай
жедім. Әй, мақтаншақ Қожа. Ұтамын деп мақтанып едің.
- Тоқта. Менің әлі де бір биім бар ғой.
- Оның қолынан не келеді?
- Кӛрерміз. Сен әлі ұтқан жоқсың. Жүріс кезегі менікі ме?
Менің бір биіме қарсы Жанардың тӛрт пешкасы қалды. Оның да біреуі
би. Ал қалғандары да енді еш бӛгетсіз біртіндеп биге шығуы даусыз. Сосын
тӛрт қара би менің жалғыз сары биімді аш бӛрідей ортаға алып, тырп
еткізбей бас салуы сӛзсіз. Осы қатер айдай анық танылып тұрғандықтан,
бірден-бір жан сауғалайтын орын — ұзақ жолға шығып кеттім.
Бұл пиғылымды түсіне қойған Жанар:
- О, қорқақ! — деп ызаландыра түсті. — Састың ба, бәлем. Сонан соң
қайда барар екенсің.
- Жан-жағымның бәрі қатер, қайда барушы едім. Ұзын жолдан қия
бассам, мерт кететінім сӛзсіз. Сондықтан тақтайдың ол шетінен бұ шетіне
ілгері-кейін сырғанап, жүрдім де отырдым.
- Бұның ойын емес, шық ұзын жолдан.
- Ӛз еркім. Шыққым келсе, шығам, шыққым келмесе, шықпаймын.
- Жоқ, шық ұзын жолдан.
- Шықпаймын.
- Ендеше, сен жеңілдің.
- Жоқ, жеңілгем жоқ.
- Жеңілдің.
- Жеңілгем жоқ.
- Жеңілдің. Бұдан былай мен сені Мақтаншақ Қожа деп атаймын.
Жанар екеуіміз осы арада кәдімгідей қызыл кеңірдек болып қалдық. Ол
«жеңілдің» дейді, мен: «Жеңілгем жоқ, кӛне, ойын аяқталғанша ойнаймыз»
деймін. «Ендеше, ұзын жолдан шық» дейді ол. «Шықпаймын» деймін мен.
Ақыры:
- Ойнамаймын сенімен, — деп, Жанар ұртын бұртитып, дойбыны жинап
алды.
- Ойнамасаң, қой, — дедім мен де есемді жібергім келмей.
Осы кезде қақпа алдындағы қара тӛбет арс-арс үріп барып басылды.
Шиқылдап дарбаза ашылғандай болды.
- Әжем келді ғой деймін, — деп, Жанар сыртқа жүгіре жӛнелді. Мен
соңынан шықтым.
Қақпаға кіріп келе жатқан әжесі Жанарға:
15
Sauap.org
- Ой, шыбыным, жалғыз отырмысың? — дей берді де, мені кӛріп: —
Мына бала Қожа ма? — деп сұрады. Кемпірдің үнінде мені жаратпағандық
бар еді.
- Иә, — деп жауап берді Жанар маған бұртия қарап.
- Бұ неғып жүр мұнда?
- Екеуіміз дойбы ойнап отырдық.
- Балам, бар үйіңе, — деді кемпір маған. — Жанаржан, ит қауып
алмасын, шығарып жіберші.
Мен итті шабаландырып, қақпаны айналып жүрмей-ақ, шарбақтан
секіріп жӛнелгім келді. Мейлі, дойбыдан салуым болмаса да, тәуір
физкультурашы екенімді Жанар тағы бір рет кӛрсін. Осындай орайы кеп
тұрғанда, сондай ӛнеріммен болса да оған ұнап кеткім келді.
- Сау болыңыздар.
Жүгіріп келем шарбаққа қарай. Секірдім... қойсаңдаршы, адамды
қырсық шалайын десе, оп-оңай ғой. Осы арада ойламаған жерден масқараға
ұшырап, абройым айрандай тӛгілді де қалды. Не болды дейсіңдер ғой. Бір
балағым сырғауылдың үшкіл басына ілініп қалып, созылған күйде
ұзынымнан түспесім бар ма. Оңбай жығылдым. Бірақ ӛлімнен ұят күшті
деген емес пе, жалма-жан тез түрегелдім де, артыма қарамастан зытып
отырдым.
Жанар мен әжесі қарқылдап күліп қала берді.
«Япыр-ай, Жанарды ренжітіп кеттім-ау. Соншалық неге егестім. Әй, осы
қайсарлық мінезім мені абройға жолдас етпейді ғой. Ұзын жолдан шығып,
жеңіле салсам, нем кететін еді».
Жанардың ӛкпелі пішінмен бұртия қараған кейпі кӛз алдыма келеді.
«Кешірші, кешірші, Жанар, тұрпайылық істеппін. Кінә менде».
Үйге кіріп бара жатқанда, иттен қорыққансып, Жанардың жұп-жұмсақ
білегінен қысып ұстап, жабыса түскенімді ойлағанда, бойымды тәтті бір
сезім жайлағандай болды. Сол сүйкімді білек қазір де уысымда тұрғандай, ӛз
алақанымды ӛзім құшырлана қысамын...
Басыма қилы-қилы ойлар сапырылысып келеді. Оныншыны бітірген
соң, армияға шақырылам. Ал Жанар болатын болса, институтқа оқуға түседі.
Сонда, бәлем, мен оған ӛлеңдетіп тұрып неше алуан ғажап хаттар жазармын-
ау.
Сӛз жоқ, Жанар да жауап жазады. «Жаным Қожа» деп бастар, мүмкін.
Қандай сүйкімді сӛз.
...Кӛзге түртсе кӛргісіз тастай қараңғы. Сабалап жаңбыр құйып тұр.
Жентектелген қою қара бұлт аспан тӛрінде дарияша сапырылысады. Күн
күркіреп, найзағай шартылдап, кӛзді шағып, құлақты тұндырады. Күркіреп
тасып аққан кӛк бурыл тау ӛзенінің жағасында табиғаттың долы мінезін елең
қылмай, қаруын кезеп ұстап сұсты шекарашы тұр. Бұл жауынгерлік
борышымды ӛтеп тұрған мына менмін.
Мүмкін, ауа райының осы қарбаласын пайдаланып, зұлым жау елімізге
қанды шеңгелін салмақ болар.
16
Sauap.org
Қасиетті еліміз шекарасын бұзуға әрекеттенер. Бірақ мен қасық қаным
қалғанша онымен алысуға әзірмін. Әне, жау танктері зәулім ағаштарды
шӛптей жапырып, бірінің соңынан бірі жанталасып алға ұмтылып келеді.
Мен бір бұғаның түбінде танк бұзатын гранаталарды қасыма ыңғайлап
қойып, аңдып жатырмын. Алғашқы танк құлаш жетер жерге келіп те қалды.
Орнымнан кӛтеріле беріп, лақтырдым гранатаны. Дәл тиді маңдайдан.
Жарылды.
Екінші, үшінші танктер де осының аяғын құшты.
Басқыншы жау қия баса алмай, жер жастанды..
Менің даңқым осы күні-ақ бүкіл елге жайылады. Газеттер, мүмкін,
суретімді де басып шығарар. Сонда Жанар не күйге түсер екен?
Мен армиядан батыр атанып, орден тағып келе жатырмын. Кӛпір
аузында шоқ-шоқ гүл бумаларын ұстаған нӛпір жұрт жолымды тосып тұр.
Солардың ішінен кӛзіме оттай басылып, Жанар ұшырай кетеді. Аңсап
кӛріскен Қозы мен Баяндай бір-бірімізге құшақ жая ұмтыламыз.
- Жанар!
- Қожа!
Мектеп директоры Ахметов бастаған бір топ мұғалім қасыма келеді.
«Жарайсың, Қожа. Жігіт-ақ екенсің. Біз сенің мұндай ержүректігіңді білмей,
баяғыда бекер ұрсады екенбіз ғой. Кешір», — дейді Ахметов. «Иә, талқыдан-
талқыға сап, күн кӛрсетпеуші едіңіздер, — деймін мен. — Әсіресе әлгі
Майқанова апай...»
Майқанова маған батып келе алмай, бір шетке таман ыңғайсызданып
тұрады. «Сіз неге оқшауланып тұрсыз, бері таман келіңіз», — деймін. Ол
қалтырай басып, жақындай түседі. «Кешір, Қожа... Баяғыда мен саған пионер
лагеріне жолдама бермегенімді ұмытпаған боларсың». «Иә, ұмытқаным
жоқ». «Кешір, кешір, айналайын Қожатай».
Кешіремін бе, қайтем? Жоқ, ӛзгеге кешірсем де, Майқановаға
кешірмеймін. Ӛйткені оның ызасы әбден ӛтіп бітті. Ахметовты оңаша
шығарып алам да: «Майқанованы шығарыңыз мұғалімдіктен», — деймін.
Сонымен бітіп жатыр. Совет Одағы Батырының айтқанын Ахметов
орындамай кӛрсін!
Ех, шіркін, ұшқыр қиял адамға не істетпейді.
17
Sauap.org
Достарыңызбен бөлісу: |