7
Sauap.org
Шомылайын деп, ӛзенге келе жатырмын. Күн кӛкжиекке тӛніп
барып
қалса да, ыстық әлі қайтпаған, иығым мен шекемнің бір жағын қарып,
күйдіріп барады. Тӛменгі егінжай жаққа кӛз жіберсем,
темір пештің
жалынындай лапылдап, дарияша жӛңкілген ұшы-қиырсыз сағым толқыны.
Егіннің арасындағы қара жолмен шаңды аспанға бұрқыратып зырлап кетіп
бара жатқан, дәу де болса, әлгіндегі Қаратайдың тап ӛзі.
Бар сол
тойғаныңмен. Ex, шіркін, егер мамамның орнында мен болсам, оған не
айтуды білер едім. Сосын Қаратай маңыма жоламақ түгіл, қарамды да кӛрмес
еді.
Күн ыстықта су да тартылып, азайып қалады. Әншейінде кӛгілдірленіп,
аспан түстес болып жататын. Айтпақшы, әлгінде осы арада қыздар шомылып
жүр еді ғой. Іштерінде Жанар да болған шығар. Жанар! Атың қандай әдемі.
Сендердің бұл қызбен танысып қоюларың керек. Осы повестің бас
кейіпкерінің бірі болуға Жанар татитын қыз. Екеуіміз бірге оқимыз. Жанар,
біріншіден, кластағы ең бір ақылды қыз.
Екіншіден, сұлу. Әсіресе қызыл
береткасын киіп жүргенде, сондай құлпырып, жайнап кетеді. Дауысы қандай
шіркіннің, ән салғанда тыңдасаң! Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып
«Қамажайға» билегенін кӛрсең. Барып тұрған ӛнерлі қыз.
Кластағы бірінші
үздік оқушы.
Ал енді айтып кӛр, оны повестің басты кейіпкерінің бірі бола алмайды
деп!
Жанарды ойыма алсам, менің ішім гүл жайнап кеткендей болады.
Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар
деп ұрса берсін. Мен ӛзімнің кӛкейтесті арманымды, жанымның түкпірінде
маздап жанған құпиямды Жанарға бір жӛні келгенде ақтарып айтып берсем,
менің кім екенімді ол таныр еді. «Е, бәсе, Қожа осындай екен ғой. Талант
деген түбінде жарып шықпай қоймайды», — дер еді. Шіркін-ай, былай болса:
адам әуелі үлкен болып жаралса. Ӛмірдегі ӛзіне тиісті қызмет мамандығын
атқарып болғаннан кейін барып балаға айналса.
Сонда маған Майқанова
қалай қарар еді? «Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған, оның есімі бүкіл
дүние жүзіне мәлім. Олай болса, менің оған әкіреңдей бергенім жарамас,
жазушыны сыйлау керек» деп, тәубасына келер еді.
Бірақ амал қанша, ӛмірде бұлай болмайды, болмақ емес. Әуелі беделсіз,
білімсіз бала болып жараласың. Сенің үлкейгенде қандай адам болатыныңда
ешкімнің шаруасы жоқ. Екінің бірі саған ақыл айтып, үстемдік жүргізбекші
болады. Ақ,
қараңды айырып, жаныңның түкпірінде не бар, не жоғына
үңілмейді.
- Қожа тәртіпсіз!
- Қожа оңбаған!
Осылайша шу кӛтеріп, даңғазалап алып кеп жӛнеледі.
Су жағасы жайдақ, құмдауыт. Тырс етіп, менен ӛзге
бір баланың
келмеуін кӛрдің бе. Жалғыздан-жалғыз шомылу да кӛңілсіз. Судың шетіндегі
дымқыл құмда біреудің жалаң аяқ ізі сайрап жатыр. Мүмкін, осы Жанардың
ізі шытар. Тани қоятын адамдай еңкейіп үңіліп тұрып қараймын. Иә,
8
Sauap.org
Жанардың ізі. Ақырын ептеп қана аяғымды салып байқаймын. Із аздап
кішілеу келеді. Иә, бұл Жанардың ізі болуға тиіс. Бойымды тәтті бір сезім
жайлайды да, со күйде қимылдамастан тұрып қаламын.
Достарыңызбен бөлісу: