Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#6790
1   2   3   4   5   6   7   8

* * * 

 

Баяндалған оқиғадан кейін менің қандай халге түскенімді сезіп отырған 

боларсыңдар.  Тойға  мамам  да  барып  еді.  Абиыр  болғанда,  шаршы  топтың 

алдында  жалғыз  ұлының  қандай  масқараға  душарланғанын  ол  кӛре  қойған 

жоқ.  Ол  кезде  мамам  артистер  ойын  қойып  жатқан  жақта  болатын. 

Кірмегенім  қара  жер,  ӛзім  ӛз  болғалы  еңсем  мұндай  түсіп  кӛрмеген  шығар. 

Той-думан жайына қалды, ұрыдай сусып келіп, атыма міндім де, Сұлтанның 

соңынан тартып отырдым. 

Мен қазір Сұлтанды, кӛзіме кӛріне қалса, жеп қойғалы келе жатырмын. 

Оның  опасыздық  қылығына  қалай  ыза  болмайын.  Қолмен  істеген  нәрсесін 

мойнымен кӛтеруге жарамау ер адам үшін неткен пасықтық. Мен Сұлтанның 

мұншалық жаны тәтті жарғанат екенін біле қойған жоқ едім. 

«Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, 

қаларсың ұятқа» деп қазақ атам осындайдан айтқан екен ғой. 

Жүгірген  бойда  жылқылы  ауылға  келдім.  Сұлтанның  ӛзі  тұртай,  ізі  де 

жоқ, Одан ӛзіміздің фермаға келдім. Мұнда да тырс еткен пенде кӛрінбейді. 

Жұрттың бәрі тойда жүр. Атымды мама ағашқа байладым да, жаппаға кіріп, 

сұлай  кеттім.  Ex,  шіркін  ӛмір.  Неткен  қызық  нәрсе  едің...  Біресе 

шаттандырып күлдіресің, біресе бүлдіресің. Соның бәріне адам ӛзі кінәлі. 

Мазасыз ой тепкісінде басым қатып жатып, қалғып кеткен екенмін. 

-  Әй,  шық  бері!  —  деген  қаһарлы  дауыстан  селк  етіп,  шошып  ояндым. 

Атып шықсам, Сұлтанның әкесі Сүгір жылқышы келіп тұр. Астында түйедей 

қызыл ат, білегінде іліп алған құрығы бар. 

- Сұлтан қайда? 

- Білмеймін. 

-  Heгe  білмейсің?  Ӛй,  ант  атқан  алаяқ  немелер!  Бірін  бірі  тануын 

бұлардың. 

Сүгір  мені  домбытып  қойғысы  келді  ме,  жоқ  әлде  шынымен  ұрмақ 

болды  ма,  атын  тебініп,  қамшысын  тік  кӛтеріп,  ұмтыла  берді.  Жалт  беріп, 


33 

Sauap.org

 

жаппаға  қайта  сүңгіп  кеттім.  Ойнақшыған  қызыл  ат  жаппаны  омырауымен 



қағып, енді бір тебінсе, тіпті басып, таптап ӛтуден тайынар емес. 

Сүгір босағаны қамшымен сарт еткізіп бір тартып қалды. 

- Ерін ал да, қоя бер ана атты! 

Маған  берген  бұйрығын  Сүгір  ӛзі  орындады.  Мама  ағашта  байлаулы 

тұрған  аттың  ерін  алды  да,  анадай  жерге  тарс  еткізіп  тоқымын  шашып 

лақтырып  тастады.  Сонан  соң  аттың  жүгенін  сыпырды  да,  сауырға  бірді 

салып, айдап жіберді. Еркіндік алып, рахатқа батқан ат құйрығын желбірете 

тігіп,  пырт-пырт  жел  шығарып,  қуана  кісінеп,  ойнақтап  тартып  отырды. 

Қарына  ілген  құрығы  жер  сызып,  оның  соңынан  алды-артына  қарамастан 

Сүгір жосылтып жӛнелді. 

Жығылған  үстіне  жұдырық  —  зығырданымды  қайнатқан  Сұлтанның 

қылығына мынау қосымша болды. Қара жаяу қалды деген осы. 

Мамама сыр бермейін деп, ер-тоқымымды әкеп, босағаға жиып қойдым. 

Кешқұрым мамамдар келді. Ол әлі де ештеңе сезе қоймаса керек. 

- Сендер неге ерте кетіп қалдыңдар? — деп сұрады. 

- Шаршадық, шаршаған соң, кетіп қалдық... 

 

ОН БІРІНШІ ТАРАУДА 

 

Менің ауылға қайтқан сапарым баяндалады. 

 

Ойламаған  жерден  жайлау  қызығы  осылайша  тамам  болды.  Мұнда 



кӛліксіз күнің күн емес, серіксіз одан да жаман. Қожекең соның екеуінен де 

жұрдай  болды.  Бірер  күн  ферма  басында  боламын  деп,  зерігуден  ішім 

жарылып ӛліп кете жаздадым. Бар бітіргенім, бір ғана «Жауынгерлік листок» 

шығарып  бердім.  Оның  ӛзін  парторг  оқып  кӛріп,  түкке  жаратпай  тастады. 

«Кілең  ӛлең-сықақпен  толтырып  жіберіпсіңдер,  маңызды  бір  де  бір  саяси 

мақала  жоқ,  осы  да  газет  пе»  деп,  парша-паршамызды  шығарып  сынады. 

«Газет  деп,  ана  екінші  бригаданың  газетін  айтыңдар.  Барып,  оқып 

кӛріңдерші.  Міне,  «"Жауынгерлік  листокті"  солай  шығару  керек.  Солардан 

үлгі алыңдар», — деді. 

Парторг кеткеннен кейін, мен әдейі ол мақтаған газетті кӛрмекке екінші 

бригадаға  бардым.  Сӛйтсем,  олар  бүйтіпті:  «Социалистік  Қазақстанның» 

«Мал  шаруашылығын  ӛркендете  берейік»  деген  бас  мақаласын  алыпты  да, 

бастан-аяқ  сықпыртып  түгел  кӛшіріп  жазыпты.  Оның  соңында  редколлегия 

мүшелері  деп,  үш  адамның  фамилиясы  тұр.  Одан  тӛменгі  бұрышта  почта 

жәшігінің  суреті  салынып:  «Жолдастар,  қанша  ескертсе  де,  бір  де 

біреулеріңіз  мақала  бермейсіздер.  Келесі  нӛмірлерімізге  мақала  беріңіздер» 

деген  сӛз  жазылған.  Одан  тӛменірек  газетті  бекіткен  кнопка.  Міне,  бұдан 

басқа мен ештеңе де кӛре алған жоқпын. Парторгке осы газеттің соншалықты 

несі ұнағанын мен, әрине, біле бермеймін. Ал менің ойымша, біздің газет бұл 

газеттен  он  есе  артық.  Бұл,  әрине,  менің  ӛз  пікірім,  ал  парторгтің  пікірі 

әлгідей.  Мен  бұған  таңдана  да  қоймаймын,  ӛйткені  пікір  қайшылығынсыз 


34 

Sauap.org

 

ешбір ақиқаттың беті ашылуы мүмкін емес деген сӛзді бір ақылды кітаптан 



ӛз  кӛзіммен  оқығаным  бар.  Нақты  қай  кітаптан  оқығанымды  ұмытып 

қалыппын, ол үшін оқушыдан кешірім сұраймын. 

Бір кеште мамам: 

—  Балам,  босқа  сенделмей,  ауылға  қайт.  Ана  ӛзге  балалар  қатарлы 

колхозда жұмыс істе. Осы қыдыруың жетеді, — деген сӛз айтты. 

— Ӛзім де қайтам, — дедім мен. 

Ертесінде  ӛзіміздің  колхоздың  екі  тонналық  бір  машинасы  жем  алып 

келе  қалған  екен.  Шофері  Қайыпжан  дейтін  ақкӛңіл  жақсы  жігіт.  Соның 

қасына кабинаға отырып, жайлаумен қош айтысып, тартып отырдым.Жұпар 

атқан  кең  жазықтың  тӛсінде  жұмсақ  қара  жолмен  жүрдек  машина  барынша 

зырлап  келе  жатқанда,  ұшқыр  қиял  шіркін  де  тұғырында  тоқырап  қала 

алмайды-ау.  Қанатын  қағып-қағып  жіберіп,  дауылпаздай  шарқ  ұрып,  ол  да 

самғап ұшады. О, ата мекенім, қазақ жері! Сенің шет-шегіңе қиялдан ӛзге не 

жетіп  үлгереді?!  Сол  алып  ӛлкеңнің  бір  пұшпағын  ыстық  кӛзбен,  бар  адал 

сезіміммен аймалап, елеусіз бір перзентің мен келе жатырмын. Мынау асқар 

тау, жасыл жазық, мӛлдір ӛзен, қалықтаған анау ақша бұлттар, тұнық аспан 

—  осының  бәр-бәрін,  егер  құшағым  жетсе,  ең  қымбат,  аяулы  анамдай 

аймалап құшар едім, сүйер едім. Япыр-ай, неге сонша ыстық болдың, туған 

жер! 

Мен  табиғатты  сүйемін.  Мен  шынайы  поэзияны  сүйемін.  Абай  мен 



Қасымды  қанша оқысам да,  менің сусыным  қанбайды.  Қайталап оқи бергім 

келеді,  оқи  бергім  келеді.  Мен  Құрманғазы  мен  Дәулеткерейдің  күйлерін 

тыңдағанда,  ӛзімді  ӛзім  ұмытып  кетемін.  Махамбет  жырының  әр  сӛзінің 

астынан  дүрсілдеген  ат  дүбірін,  қарыш-құрыш  сілтескен  найза,  қылыш 

үндерін  естігендей  болам.  О,  қасиетіңнен  айналайын,  қазақ  жері!  Осының 

бәрі сенің топырағыңда ӛсіп-ӛнген кереметтер емес пе... 

Машина жолы кезеңнен біздің ауылға қарай тура аса алмайды. Түзкӛлді 

айналып жүреді. Бұл тӛте жолдай емес, әлдеқайда ұзақ. Бірақ жүрдек машина 

жер  апшысын  қуырып,  шыдатар  емес.  Әлгінде  ғана  мұнартып  кӛз  ұшыңда 

кӛрінген  қара  тұмсық  енді,  міне,  сырғанап  артта  қалып  барады.  Жол 

шетіндегі  телеграф  бағаналары  бірін  бірі  қуалап,  қарсы  жүгіріп  келе 

жатқандай  болады.  Әне,  алдан  Түзкӛл  кӛрінді  жалтырап.  Қара  жол  соның 

сортаң жиегімен ӛтеді. Бір мезетте кӛл де сырғып кейін қалды. Жол қасқайып 

шығысқа  қарай  тура  тартты.  Спидометрдің  қылт-қылт  еткен  жебесі  шұғыл 

ойысып,  елуге  тақап  барды.  Одан  да  асыңқырап,  алпысты  шоқыр-шоқымас 

болып дірілдеп тұр. 

Кенет  бір  белеске  кӛтеріле  беріп,  Қайыпжан  машина  маңдайын 

жолсызбен тауға қарай бұрды. 

- Аға, қайда барамыз? 

- Мынау сайда шӛпші балалар бар. Соларды ауылға ала кетеміз, — деді 

Қайыпжан. 

Бұл  сӛз  менің  жаныма  онша  жайлы  тие  қойған  жоқ.  Майқанова  да 

осында  болу  керек.  Жантас  та.  Менің  оларды  қазір  кӛргім,  дұрысырақ 


35 

Sauap.org

 

айтқанда,  оларға  кӛрінгім  келмейді.  Анада  олар  бәрі  шӛпке  кетіп  бара 



жатқанда, менің бармай қалғаным оқушыға мәлім. Майқанова мені кӛрісімен 

мүйіздеп  ала  жӛнелуі  айқын.  Бірақ  амалым  қанша,  машина  менің  билігімде 

емес. Ех, жалған, бір басыңа бір машинаң болмаған соң, құрысын да! 

Тау  сағасына  жете  бергенде,  алдымызда,  сарқырама  шағын  ӛзеншенің 

бойында бір боз үй және бір ақ шатыр кӛрінді. Боз үйдің тӛбесінде кішірек 

қызыл  жалау  желбіреп  тұр.  Индиялықтар  тәрізденіп  қара  қайыстай  болып 

күнге  күйген  бір  топ  бала  волейбол  ойнап  жүр.  Машина  қостың  деңгейіне 

келіп  тоқтады.  Ӛзен  арнасы  теңкиген  қойтастарға  толы,  шұңғыл  еді.  Кӛпір 

кӛрінбейді. Қайыпжан машинадан шығып: 

- Әй, балақайлар, мынадан қалай ӛтуге болады? — деп дауыстады. 

Бір  топ  бала  бері  су  бойына  жүгіріп  келді.  Бұлардың  ішінде  биыл 

жетіншіні  бітірген  атақты  палуан  Батырбек,  менімен  бірте  оқитын,  отряд 

советінің  председателі  болған  Темір  бар  еді.  Әне,  Жантас  қу  жүгіріп  келе 

жатыр. Газеттен пилотка жасап киіп алыпты. 

-  Ӛткел  тӛменде  қалды.  Бұл  арадан  ӛте  алмайсыз,  —  деп  шуласты 

балалар.  —  Олай  болса,  жығыңдар  үйлеріңді.  Бері  тасып  әкеліп  тиеңдер 

машинаға. 

Батырбек  бригадир  екен  балаларға.  Жалаңаш  білетіне  қызыл  шүберек 

байлаған бір балаға ол: 

- Кезекші, бригаданы сапқа тұрғыз! — деп команда берді. 

Кезекші жүгіріп шатырға кіріп кетті де, күнге шағылысқан аппақ горнды 

құйқылжытып  ойнап,  қайта  шықты.  Сол  сол-ақ  екен,  доп  ойнап  жүрген 

балалар  ойындарын  дереу  доғарып,  әп-сәтте  шатыр  алдындағы  сызықшаны 

бойлап  сап  түзей  қалды.  Ӛз  кӛзіме  ӛзім  сенбегендей  мен  таң-тамашамын. 

Тәртіп деп осыны айт. Құлды әскер тәрізді. 

-  Жолдас  бригадир!  Бригада  мүшелері  сіздің  бұйрығыңыз  бойынша 

сапқа тұрды, — деп кезекші Батырбектің алдында қаздиып рапорт беріп тұр. 

Балалар жапырлап киіз үйді, шатырды жығып, жинай бастады. 

Мен  болсам,  кабинаның  есігіне  жабыса  түсіп,  ешкімнің  кӛзіне 

шалынбауға  тырысып,  мықшиып  отырмын.  Бас-аяғы  бірнеше  минуттың 

ішінде ғана кӛз алдымда болған әлгі әсерлі кӛріністер, бір жағынан, бойымды 

шымырлатып,  делебемді  қоздырса,  екіншіден,  ӛкіндіреді.  Қап,  анада 

жайлауға барғанша, осылармен бірге шӛп шабысқа неге келмедім? 

Балалар әлдеқайдан жалпақ бір қалың тақтай тауып әкеліп, арнаға кӛпір 

етіп салды да, соның үстімен жүкті таси бастады. Ӛзгеден бұрын мені Жантас 

қу байқап қалды: 

- Сен қайдан жүрсің, дезертир? 

- Шаруаң қанша? 

Абиыр  болғанда,  мұғалімдерден  мұнда  ешкім  жоқ  екен.  Майқанова 

ертемен  ауылға  кетіп  қалыпты.  Әп-сәтте  жүк  тиеліп  болды.  Рюкзактарын 

арқалап,  улап-шулап  балалар  машинаға  мінді.  Кабинадағы  орнымды  аспаз 

қыздарға беріп, мен де кузовқа шықтым. Машина жайлап бұрылып, әлгіңде 

келген ізімен тӛменгі жолға қарай тартып отырды. 


36 

Sauap.org

 

Ауылға  әндетіп,  думандатып  келіп  кірдік.  Колхоз  кеңсесінің  алдында 



ішінде  артель  председателі  бар  бірнеше  адам  бізге  қарап  әңгімелесіп  тұр 

екен.  Машина  солардың  қасына  келіп  тоқтады.  Сабырбаев  председатель 

қолын шаттана кӛтеріп: 

- Ой, еңбеккерлерім, амансыңдар ма! — деп жарқын қарсы алды. 

Бұл  ӛлкедегі  жұрттан  ӛзгешелеу,  күзеген  байталдай  шұнтиып  киінген 

шетен қалпақты ашаң қараторы жігіт мойнындағы фотоаппаратын оңтайлап, 

қарбаласып жатыр: 

- Балалар, машинадан түспей, тұра тұрыңдар. 

Айдаладағы  біреу  ӛзі  тіленіп  суретке  түсіргелі  жатса  аяймыз  ба 

тұмсықты. Мен кузовтың орта шенінде едім, кимелеп алға қарай шықтым да, 

тұра қалдым қасқайып. Бейтаныс жігіт бір емес, екі рет шырт еткізіп суретке 

түсіріп алды. 

 

OH EКIHШI ТАРАУДА 

 

«Жанар,  сені  сағындым»  дейтін  өлеңнің  дүниеге  келу  тарихы 



айтылады. 

 

Жол бойы менің ойымнан Жанар шықпады. Мен оны кӛрмегеніме бір ай 



емес, кӛп-кӛп уақыт ӛткен тәрізді. Қазір ол қайда екен: үйінде ме екен, жоқ 

әлде екінші кезектегі лагерьге кетті ме екен? 

Машинадан  түскен  бойда  мен  әдейі  орағытып,  Жанар  үйі  тұрған 

кӛшемен  ӛттім.  Міне,  олардың  үйі.  Қоражайдың  тӛңірегін  қаулап  ӛскен 

қалақай,  алабота  басып  кетіпті.  Қақпаның  маңдайшасында  бірнеше  суық 

торғай қонақтап жырлап отыр. Тырс еткен пенде жоқ, жым-жырт. 

Қораның сырт  жағын  айналып  кӛз  тастадым,  есікке  құлып  салынбаған. 

Қабырғаға  шапталған  жас  тезектер  бұл  үйдегі  қытымыр  қара  кемпірдің 

осында екенін баяндап тұр. Кенет құлағымның дәл түбінен: 

- Кімді іздеп жүрсің? — деген суық үн саңқ ете қалды. 

Жалт қарадым — Жантас қу. Жүрегім су етіп, сасып қалдым. 

- Не қыласың? — деген сӛз аузымнан абайсыз шығып кетті. 

Жантастың бір иығында ауыр рюкзак. Қағаз пилотканың астынан қоңыр 

кӛздері жылт-жылт етеді. Кӛнтиіп жарылып кеткен еріндерін жалап қойып: 

- Сағынып қалдың ба? — дейді. 

-  Кімді?  Нені?  —  деп,  Жантасқа  айбаттана  бұрылдым.  Жантас  қу 

саусағын жебеп тайқи берді. 

- Білем, білем кімді қарап тұрғаныңды... 

- Білсең, біле бер. 

Ох,  бұл  сӛзді  мен  қалай  батыл  айтып  салдым  десеңші.  Қай  мағынада 

айтқанымды  аңдап,  ӛзім  селк  ете  қалғандай  болдым.  Не  болса,  со  болсын, 

бұным ерлік болды. «Мейлі, Жантас қуға сол керек». 

Соңынан  білдім,  Жанар  ауылда  жоқ  екен,  лагерьге  кетіпті.  Құлазыған 

далада жалғыз қалғандай болдым. Екі иінімнен зіл батпан кӛңілсіздік басты. 



37 

Sauap.org

 

Түн.  Тӛргі  бӛлмеде  ӛлең  дәптерімді  алдыма  жайып  қойып,  жападан-



жалғыз  ӛзім  отырмын.  Бірнеше  жынды  кӛбелек  құлдыраңдап  айнала  ұшып, 

шамның  шынысына  соғылды.  Келші  бермен,  шабытым!  Қайдасың!  Кеудем 

толы  сезімді  сүйкетейін  жыр  етіп.  Бүгінгі  жырымның  тақырыбы  —  Жанар. 

Жол ортасына әдемілеп «Жанар, сені сағындым» деп жазып қойдым. Бірінші 

шумақ кӛкейімде күндізден сайрап жүр еді, мӛлдіреп түсе қалды заматта: 

Жанар, сені сағындым, Келші, келші тезірек Жатпай-тұрмай ойлаймын, 

Іші-баурым елжіреп. 

Бірнеше қайталап оқимын, жаман шықпаған тәрізді. Мүмкін, кӛркемдігі 

пәлендей  жүйрік  бола  қоймас,  бірақ  шындық  бар,  сезім  бар.  Әлде  кӛптен 

қолыма  қалам  ұстамағандықтан,  кеудем  жырға  толып  кеткен  бе,  әлде 

Жанарға  деген  сағыныш  сезімінің  тасқындап  құйылған  түрі  осы  болды  ма, 

шүпілдеген екі бет елеңді тапжылмастан, ешбір қиналыссыз жазып тастадым. 

Ӛте-мӛте сәтті шыққаны соңғы қорытынды шумағы болды: 

Жанар, сендей жан тумас, 

Туса, туар, артылмас. 

Бір ӛзіңнен басқаға 

Сағынышым айтылмас. 

Шіркін-ай,  мойынға  алған  жұмысыңды  тындырып  тастап,  рахатқа 

бататын  кездерің  де  болады-ау!  Сондай  бір  жетіскен  халде  орнымнан 

түрегелдім,  сағатқа  қарасам,  он  бір  болып  қалыпты.  Ұйықтайтын  уақытым 

болған  екен.  Тысқа  шығып  келдім  де,  жатып  қалдым.  Бірақ  мұндайда  ұйқы 

келе  қоя  ма.  Жанар  шықпайды  ойымнан.  «Мақтаншақ  Қожа.  Мен  енді  сені 

бұдан  былай  Мақтаншақ  Қожа  деп  атаймын».  Осыны  айтып,  қолын  қуана 

шапалақтап, Жанардың дӛңгелене жӛнелген кейпі кӛз алдыма келеді. Жаңағы 

оған  арнап  жазған  ӛлеңім  түп-түгел  тілімнің  ұшында  тұр.  Жатталып 

қалыпты.  Қараңғы  үйде  шалқамнан  жатып  алып,  соны  бастан-аяқ 

сықпыртып, мылқау фильм тәрізді үнімді шығармай тақпақ етіп айтам. 

Жанар, сені сағындым... 

Кенет  ӛлеңнің  соңғы  шумағын  кӛкейімде  тағы  бір  қайталап  айта 

бергенімде,  «тоқта!»  деген  бір  сұрау  кӛмейіме  кӛлденең  тұра  қалғандай 

болды. «Бұл ӛлең сенікі емес тәрізді ғой?» дейді әлгі сұрау шүбәланып. «Енді 

кімдікі?».  «Ойланып  кӛрші».  Ойланамын.  «Иә,  шынында да...».  Кенет  кӛзім 

бақырайып,  тынысым  бітіп  қалғандай  болды.  Мәссаған!  Әкем-ау,  мынауым 

Абай  ӛлеңі  ғой!  Дәл  ӛзі.  «Айттым  сәлем,  Қаламқас»  деп  басталатын  Абай 

атамыздың ӛлеңі. 

Әркімнен  ұрдап-қарлап  ақын  болу  деген  менің  ойым  түгіл,  түсіме 

кірмейтін  сұмдық  нәрсе.  Ӛзімнің  мына  қылығыма  тӛбе  шашым  тік  тұрып 

кеткендей  болды.  Әрине,  ұрлық  дейді  бұның  атын.  Жай  ұрлық  емес,  әдеби 

ұрлық. Оны әлгі... не деуші еді... бірдеңе деген термині де бар. 

Әлгі  арада  ұшып  түрегеліп,  Абай  атамнан  ауысып  кеткен  шумақты 

сызып  тастамақ  болып  бір  тұрдым  да,  тағы  да  ойға  қалдым.  Бұған, 

біріншіден,  дәптер  былғанады.  Ал  екіншіден,  Абай  болса,  ұлы  ақын.  Мен 

тәрізді жас талапкер оның бір шумақ ӛлеңін кәдеге жаратқан екен, одан ұлы 


38 

Sauap.org

 

ақынның шалқар мұрасы, немене, азайып қала ма? Мен оны бәрібір баспаға 



ұсынып  жатқан  жоқпын.  Сондықтан  тұра  берсін,  сызбаймын.  Сайып 

келгенде,  Абай  кім,  мен  кім?  Екеуіміз  де  қазақпыз,  екеуіміз  де  ақынбыз. 

Ақын ақынға қарайласпасын, жәрдемдеспесін деп еш жерде жазылмаған. 


39 

Sauap.org

 

 

ОН ҤШІНШІ ТАРАУДА 



 

«Қызыл бұзау» деп атаса да болар еді. 

 

Оқу  жылы  басталатын  мезгіл  жақындап  қалды.  Биыл  алтыншыға 

барамын.  Орта  мектепті  бітіргенге  дейін  әлі  де  болса  тӛрт,  тӛрт  емес-ау, 

сойылдай  бес  жыл  бар.  Ой,  қандай  ұзақ.  Адам  болып  шығу  деген,  ойлап 

отырсаң, машақат нәрсе екен ғой. 

Оқулықтарымның  бәрін  дайындап  қойдым.  Мамам  Қайыпжан  шоферге 

ақша  беріп  жіберген  екен,  Алматыдан  ол  су  жаңа  форма  әкеліп  берді. 

Амандық  болса,  бірінші  сентябрь  күні  Қожекең  жарқ  етіп  кӛшеге  шығады 

сонымен. 

Енді  оқу  жылының  басталуын  шыдамсыздана  күтемін.  Адам  деген 

қызық  қой.  Оқып  жүргенде  демалысты  аңсайсың.  Енді,  міне,  демалыста 

жүріп,  оқуды  сағына  бастадым.  Жаздыгүні  қыс  болса  екен  дейсің,  қыста 

жазды  кӛксейсің.  Бұл  неліктен,  а?  Адам  баласының  бабын  қалай  табуға 

болады? 


Дегенмен,  менің  оқуды  аңсауымда  сап-салмақты  себеп  бар.  Оқу 

басталды  деген  сӛз  —  Жанармен  бірге  боламын  деген  сӛз.  Айтпақшы, 

ұмытып  барады  екенмін  ғой.  Бүгін  лагерьдің  жабылатын  күні  деген.  Олай 

болса, Жанар келеді. Ура, Жанар келеді! Жанар! 

- Қожатай, үйдемісің? 

Кӛңілді кезімде әжеммен де болса әзілдесіп қоюға жаным құмар. 

- Мүмкін, үйде шығармын. Қарап кӛріңіз, — деймін қыздардай сызылған 

үнмен. 


-  Үйде  болсаң,  әлгі  қызыл  бұзауды  тауып  әкеп,  қораға  кіргізіп  қойшы. 

Мына ыстықта енді ол жайылар деймісің. 

- Егер үйде болмасам қайтем? 

-  Үйде болмасаң  да  бар,  —  деп  әжем шорт кеседі. Мен оның  қитығына 

тие түсуге құмармын: 

- Үйде болмасам, қалай барам? Сіздің жұмсағаныңызды естіген жоқпын 

ғой? 

- Әй, қылжақтамай, бар деймін, бар деген соң. 



- Айталық, бармадым, әже. Онда не болады? 

- Бармасаң, тоқмаш жейсің. 

- Піскен тоқмаш па, шикі тоқмаш па? 

Менің қылжағым тойғыза бастағандықтан, әжем енді үндемейді. 

Бұзаулар  жайылатын  жаққа  қарай  жайлап  басып  келе  жатырмын.  Лып 

еткен  леп  жоқ,  қапырық.  Күннің  бір  шоқ  ыстығы  менің  шекеме  жабысып 

қалғандай  күйдіріп,  тесіп  барады.  Қызған  жерді  сипалап,  басып-басып 

қоямын.  Шошқаның  жалындай  сояу  қайратты  шашым  алақаныма ып-ыстық 

болып басылады. 


40 

Sauap.org

 

Селоның  шетіне  шығып  қалып  едім.  Сол  кезде  қарсы  алдымнан  шаңы 



бұрқыратып зырлап келе жатқан жүк машинасы кӛрінді. Кузовы толған бала. 

Галстуктері  желбіреп,  шулап  ӛлеңдетіп  келеді.  Машина  жақындап  келгенде 

таныдым — лагерьден қайтып келе жатқан ӛзіміздің балалар екен. Әне, анау 

Жанар.  Маңдай  шашы  желбіреп,  маған  қарап  жайлап  күлімсірейді.  Екі 

қолымды бірдей жебелеп, мәз-мәйрам болдым да қалдым. 

- Сәлем, Қожа! 

- Қара Кӛже! 

- Қожа! — деген бірнеше дауыс қатарынан жамырап, ағызып ӛте шықты. 

Жанардың тӛбесін бір кӛргенім ӛлшеусіз бақытқа кенелгенмен пара-пар 

болды.  Машина  соңынан  далбақтап  тура  жүгіруден  ӛзімді  ӛзім  әзер  ұстап 

қалдым. 

Осы  кезде  қабақтан  маңқиып  шығып  келе  жатқан  ӛзіміздің  қызыл 

бұзауды кӛрдім. Іс-міс жоқ, тырағайлатып әлгіні қуып ала жӛнелдім. Қолды-

аяққа  тұрмайтын  бейне  бір  құйын  тәріздімін,  бұзауды  басып  озып, 

жосылтып, о жағынан бір шығам, бұл жағынан бір шығам. Не боп қалғанын 

түсіне  алмай  сасқалақтаған  қызыл  бұзау  тасырлатып  шеткі  бір  үйдің 

қорасына қойып кетті. 

Қызыл бұзауды одан жетелеп алып шықтым. Сол арада сап етіп басыма 

бір ой келе қалды. Егерде қызыл бұзау адам тілін түсінетін болса, мен оның 

мойнынан аймалап, алдына тізерлеп отыра қалып, ӛтініш жасаған болар едім: 

«Сүйкімді  қызыл  бұзауым,  мен  қазір  сені  тағы  да  тұра  қуған  болайын.  Сен 

ұстатпай  қашқан  бойда  Жанар  үйінің  қорасына  кіріп  кет.  Соңыңнан  мен 

жетейін қиқулап. Сонан соң абалап ит үреді, үйден Жанар жүгіріп шығады. 

Мен оны бір айдан бері кӛрген жоқпын ғой. Мен отан бірдеңе айтармын, ол 

да  маған  бірдеңе  айтар.  Жанармен  сол  арада  біраз  сӛйлесіп,  сұқбаттасып 

қалайын...». 

Қызыл бұзау бұны қайдан ұқсын. Қоя берсем болды, үйге қарай безгелі 

тұр. Жоқ, үйді қоя тұр. Сен маған әуелі қызмет істе. Мен бұзауды ноқтасынан 

жетелеп,  Жанар  үйінің  алдына  әкелдім.  Ешкім  қарап  тұрған  жоқ  па  деп, 

тӛңірегіме  кӛз  саламын,  тым-тырыс.  Ашық  тұрған  қақпадан бұзауды  қораға 

қарай  айдасам,  бӛтен  аулаға  жолағысы  келмейді.  Сол  арадан  жіңішке  бір 

шыбық  тауып  алдым  да,  сауырға  аямастан  осып-осып  жібердім.  Шіркінге 

жан  керек  екен,  тӛргі  бұрышқа  бір-ақ  барып  жетті.  Сүйеулі  тұрған  легенді 

құлатып, итті абалатып, ауланың әлек-шәлегін шығарды. Ойлағаным болып, 

сол  кезде  үйден  Жанар  жүгіріп  шықты.  Адам  сасқанда  не  айтарын  білмей 

қалады екен ғой. 

- Жанар, ана бұзауды бері қуып жіберші, — деппін. Бұдан басқа ештеңе 

де айта алмадым. Иттен үркіп, тырағайлап шыққан бұзаудың соңынан қуып 

кете бардым. 

 


41 

Sauap.org

 

 

ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУДА 



 

Менің республика жұртшылығына 

қалай танылғаным жайлы айтылады. 

 

- Уа, кім бар? 



Дауыс пошташы Кӛштібай қарттікі еді. 

- Мен бар! — деп жүгіріп шықтым есік алдына. 

Мен жыл сайын бірнеше газет-журнал жаздырып аламын. Қажет болса, 

атап берейін: «Пионер» журналы. «Қазақстан пионері», «Пионер правдасы», 

«Лениншіл жас» газеттері. Ал мамам «Қазақстан әйелдерін» алдырады. Мен 

әуелгіде  бұны  әйелдер  журналы  болғаннан  кейін  онша  менсінбейтін  едім, 

сӛйтсем,  нағыз  қызық  журнал  сол  екен.  Кӛштібай  маған  «Қазақстан 

әйелдері» журналы мен «Қазақстан пионері» газетін ұстата берді. 

- Басқа газеттер келген жоқ па? 

- Жоқ. 


Есік  алдындағы  орындыққа  отыра  қалып,  әуелі  «Қазақстан  пионеріне» 

кӛз  жүгірте  бастадым.  Менің  газеттің  соңғы  бетінен  бастап  оқитын  әдетім 

бар  (басқалар  да  сӛйтетін  шығар  деймін).  Ӛйткені  қызықты  әңгіме, 

фельетондар,  сықақ  ӛлеңдер  соңғы  бетке  басылады.  Бұдан  соң  үшінші, 

екінші  беттерге  ауысамын.  Бұлай  қарай  жүрген  сайын  газет  мазмұны 

қоңырлай береді. Ал бірінші бетте не жазылғанын тақырыбын оқып-ақ біліп 

аламын. 

Осыған қарап мен газет шығарып отырған құрметті ағайлар оқушының 

мүддесін  ескере  бермей  ме  деп  ойлаймын.  Әйтпесе,  газеттің  ең  соңғы 

бетіндегі материалдарды бірінші бетіне, ал бірінші беттегіні ең соңғы бетіне 

басса,  қандай  тамаша  болар  еді.  Газетті  алған  бетте  тӛңкеріп  әуреленіп 

жатпас едің. «Қазақстан пионерінің» соңғы беті мені біраз бӛгеп қалды. Аты 

мәлім  С.  С.  дейтін  балалар  жазушысының  «Кӛркейген  кӛшелер»  дейтін 

әңгімесі  басылыпты.  Атына  қарағанда  және  суреттерінің  аңғартуынша, 

балалардың  кӛшеге  ағаш  отырғызуы  айтылатын  тәрізді.  Иә,  маңызды 

тақырып, керек тақырып. «Кӛркейтейік кӛшені» дейтін менің бұл тақырыпқа 

жазылған ӛлеңім де бар. 

Тағы  біраз  сықақ  ӛлең,  жұмбақтар,  қытай  халқының  әзілдері  басылған 

екен.  Одан  соң  кейін  қарай  сырғып,  келесі  бетке  (газеттің  үшінші  бетіне) 

ауыстым.  Жоғарыдағы  бір  сурет  кӛзіме  жылы  ұшырап  барады.  Шатырлы 

үйдің  бір  пұшпағы,  жүк  машина,  кузов  толған,  қолдарына  айыр,  тырма 

ұстаған жарқын жүзді балалар. Астындағы жазуына кӛз жүгірте бастадым да, 

орнымнан  атып  түрегелдім  жынды  адамдай.  Сосын  ас  үйге  қарай  тура 

жүгірдім: 

- Әже, ау, әже! 

- О не? 


42 

Sauap.org

 

- Қарашы, газетке менің суретім шығыпты. Қарашы. Міне, мынау ортада 



тұрған менмін. Міне, міне. 

Әжемнің кӛзі онша жетіңкіремейді: 

- Қайсы? Мынау кӛп адам тәрізді ғой жыпырлаған.- 

- Мен мынау... ең алда тұрмын ғой қасқая қарап. Осы менмін. Дәл ӛзім. 

- Басқалар кім? 

-  Ӛзіміздің  балалар.  Мынау,  міне,  Темір,  мынау  қолына  тырма  ұстаған 

Батырбек,  мынау  басы  қылтиып  тұрған  Жантас...  Кӛрдіңіз  бе:  «Жаңа  ӛмір» 

колхозы  жетіжылдық  мектебінің  оқушылары  жазғы  демалыстарында  артель 

шаруашылығына  айтулы  кӛмек  тигізді.  Суретте  колхоздың  шӛп  шабу 

науқанында үлгілі еңбек еткен бір топ оқушы...». 

Ім...  м...  м...  суреттің  астындағы  жазуды  әжеме  дауыстап  ақырын  оқып 

берсем  де,  кенет  тілімді  тістеп  алғандай  болдым.  Аяғымды  ұшынан  басып, 

сыртқа  зытып  отырдым.  «Мәссаған!  Мен  бұның  байыбына  бармай,  мақтан 

кӛріп жатырмын. Ұят-ай! Қандай ұят іс болған! Шӛп шабыс науқанына мен 

қашан қатыстым? Қашан үлгілі еңбек еттім?». «Ӛлімнен ұят күшті» деп бекер 

айтылмаған  ғой.  Осы  оймен  қабаттасып,  бетіме  қаным  теуіп  шыққанын 

сезінемін. 

Суретке  қараймын,  сол  қалпы.  Бәрін  бір  ӛзі  тындырғандай  қақ  ортада 

қасқиған  баяғы  Қожа.  Батырыңның  ойына  түк  кіріп  шықсайшы.  Танауы 

делдиіп,  кӛріңдер  мені  дегендей,  кеудесін  алға  тосып,  қасындағы  басқа 

балалардан  ӛрескел  тұр.  Әй,  сығыр,  ӛзімнің  де  оңатын  қылығым  жоқ  қой. 

Тым  құрыса,  бір  жақ  шетке  таман  қағаберіс  тұрсамшы.  Кимелеп  алға 

шығатын не әкемнің құны бар десеңші. Қысылғаннан маңдайымнан бұрқ етіп 

тер  шығып  кетті.  Енді  балалар,  басы  Жантас  қу  болып,  мені  күлкі  ететін 

болды. 

Кенет басымда қуанышты бір ой жылт ете қалды. Ура! Ақыл табылды. 



Суреттің  астындағы  жазуын  сиямен  танылмастай  етіп  ӛшіріп  тастаймын. 

Сонан  соң  құйынша  зырлап,  бүкіл  ауылды  аралап  кӛрсетіп  шығуға  болады. 

Тфу, неткен ақымақпын. Газет осы бір ғана дана болып шығып па екен? Қазір 

оны балалардың бәрі алып оқып жатқан шығар... 

Айтып,  айтпай  не  керек,  осы  сурет  мені  талай  тәлкекке  жем  қылды. 

Бірақ  біраздан  соң  мен  мойымайтын  болып  алдым.  Балаларға:  «Бәлем,  енді 

мені  жазда  колхозда  жұмыс  істеген  жоқ  деп  айтып  кӛріңдерші.  Айта 

алмайсыңдар.  Менің  жұмыс  істегеніме  «Қазақстан  пионерінің»  ӛзі  куә  деп, 

кеудемді қағамын. 

Республика жұртшылығына мен осылай танылдым. 



43 

Sauap.org

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет