Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#6790
  1   2   3   4   5   6   7   8

Sauap.org

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА

 

 



 

 

Роман

 


Sauap.org

 

 

БІРІНШІ ТАРАУДА 



 

Оқушы шығарманың бас кейіпкерімен

яғни менімен танысады. 

 

Менің  атым...  Атымды  айта  бастасам,  тілім  таңдайыма  жабысып 



қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт 

па  деймін.  Мәселен,  Мұрат,  Болат,  Ербол,  Бақыт  деген  аттарды  алып 

қараңдаршы.  Айтуға  да  ықшам,  естір  құлаққа  да  жағымды.  Әрі  мағына 

жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар 

жоғары  идеялы  есімдер.  Мұндайлар  ӛз  атын  кәдімгідей  мақтаныш  кӛріп, 

біреумен таныса қалса, мәнерлеп, кӛтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға 

да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Ӛзге түгіл, ӛзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, 

қолдан  келсе,  табанда  ӛзгертіп,  әдемі  аттардың  бірін  иемденіп  алар  едің. 

Бірақ  амалың  нешік,  сен  қызыл  шақа  болып  жӛргекте  жатқанда,  сондағы 

ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап 

отырған басқа біреу солай атап жіберген. Ӛскембайдың баласына Тыңжыртар 

деп  ат  қойған  секілді,  ӛзге  қызу  жұрт  сол  арада  ду  қостап:  «Осы  болсын 

баланың  аты,  осы  болсын,  мұнан  жақсы  атты  дүниені  шырқ  айналсақ  та 

таппаймыз»  дескен.  Міне,  сол  күннен,  сол  мезеттен  бастап,  әлгі  ат  сенімен 

бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан кӛзің тіріде қашып 

құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің. 

Ӛмірде  осы  тәрізді  әділетсіздіктер  толып  жатыр.  Жуырда  мен  газеттен 

оқыдым:  қытайлардың  ат  қоюы  қызық  болады  екен.  Бала  бес-алты  жасқа 

толғанша, оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «Кенжем», «Сүйіктім», 

«Жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты 

жасқа  толғаннан  кейін,  бала  ӛзіне  қандай  есім  ұнаса,  соны  таңдап  алады. 

Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе? 

Жарайды, ӛткенге  ӛкініш жоқ дегендей,  істің  турасына кӛшелік.  Менің 

атым Қожа. Кӛріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес. 

Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің 

ӛзінде солай деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола 

беретіні тәрізді, бертін келе Қожабергеннің «құйрығы» үзіліп түсіп қалыпты. 

Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім 

де айтып бере алмайды. 

Сонымен,  мен  ӛзім  ес  білгелі  Қожамын.  Ауыл-аймақтың  бәрі  солай 

атайды. 

Біз  бір  класта  екі  Қожа  бармыз.  Сүттібайдың  үлкен  баласының  аты  да 

Қожа.  Оқушылар  екеуімізді  шатастырып  алмас  үшін,  ӛңімізге  қарап,  мені 

Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды. 

Әуел  баста  мен  бұған  да  шамданып  қалатын  едім.  Бірақ  жүре-бара 

құлағым  үйреніп,  дағдыланып  кеттім.  «Қара  Қожа»  дегендерге  «әу»  деп, 

жалт қарайтын болдым. 


Sauap.org

 

Жантас тәрізді қылжақтар осының ӛзін де дұрыс айтпайды, әдейі бұзып, 



келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Кӛже» дейді. Мен байқамай 

қалып,  «әу!»  деймін.  Бірақ  бұл  қылығы  үшін,  бейшараның  обалы  нешік, 

тиісті сыбағасын менен талай рет алды... 

Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Бірақ 

жұрттың  бәрі  «ов»  болып  жатқанда,  менің  олардан  алабӛтен  жырылып 

шыққаным жарамас дедім де, «Қадыровқа» қайтып келдім. 

Қадыр  —  менің  әкем.  Ех,  шіркін  дүние-ай  десеңші!  «Әке»  деген  сӛзді 

айтқанда,  жүрегім  қарс  айрыла  жаздайды-ау.  Қандай жақын,  қандай  ыстық! 

Балалар:  «Менің  әкем  ӛйтті,  менің  әкем  бүйтті.  Менің  әкем  ананы  сатып 

әперетін  болды,  менің  әкем  мынаны  сатып  әперетін  болды»  деп  мақтаныш 

етіп  жатады.  Ал  мен  болсам,  әкемнің  қандай  адам  екенін  де  білмеймін. 

Ӛйткені  ол  майданға  аттанғанда,  мен  екі  жастамын.  Екі  жасар  ақымақ  не 

біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады... 

Ex, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гӛрі басқадай 

болар  ма  едім.  Кім  біледі,  жер-әлемді  шулатып,  сотқар  Қожа  атанып 

жүргенім әкесіз жетім ӛскендігімнен де шығар. 

Кімге де болса бір әке әбден керек. Тіпті селкілдеген шалдардың ӛздері 

кейде:  «Жарықтық,  әкем  анандай  еді,  әкем  мынандай  еді»  деп  еске  алып, 

армандап отырмай ма? 

Ал күйеу керек пе әйелге? Меніңше, әбден керек. Кейде Миллат мамам 

әкемнің  суреттерін  ақтарып  қарап  отырады  да,  мұңға  батып,  біртүрлі  егіліп 

кеткендей  болады.  Кірпігі  жасқа  шыланады...  Мен  сол  кезде  маматайымды 

керемет аяп кетем. Бірақ аяғанмен не пайда, білем, сезем неге күйзелетінін. 

Егер  оның  күйеуі,  яғни  менің  әкем  тірі  болса,  Қаратай  ұятсыз  мамама 

ӛзеуреп сӛз айтпақ түгіл, оның маңынан жүре алар ма еді. 

Сӛйтіп,  мен  сендерге  ӛзімнің  аты-жӛнімді  айттым.  Ал  кӛркем 

шығармада  кейіпкердің  кім  екені  аталып  қана  қоймай,  сырт  бейнесі  қоса 

сипатталатын дәстүр бар ғой. Енді соған кӛшейін. Тоқтаңыз, бұл үшін әуелі 

ӛзімді  ӛзім  айнадан  байыптап  қарап  алайын...  Мынау,  міне,  мұрным.  Әжем 

кейде  менің  атымды  атамай,  «тампыш  неме»  дейді.  Оның  айтқаны  ып-рас 

екен  ғой.  Екі  танауыма  екі  саусағым  еркін  сыйып  кетерлік,  қосауыз 

мылтықтың  аузындай  үңірейіп  тұр.  Екі  шекемнің  шығыңқылығы  болмаса, 

басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әубәкір шал кеше 

ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған. 

Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан 

бір  кем  емес.  Осы  ауылда  оны  алуға  жарайтын  бір  ғана  ұстара  бар  —  ол 

Әубәкірдікі.  Оның  ӛзі  де  алғаш  салған  бетте  тұтқырланып,  жүрмей  қалады. 

Шашымды  әр  алған  сайын,  Әубәкір  мені  бірінші  рет  кездестірген  адамдай 

таң қалып бітеді. 

—  Япыр-ай,  мұндай  да  шаш  біте  береді  екен-ау!  Мынау  шаш  емес, 

тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ кӛрініп тұр. 

Сипатталмаған енді нем қалды! Қаралығымды әуел баста-ақ айтқанмын. 

Сол  жақ  құлағымның  астына  таман  бір  түйір  қалым  бар.  Ботшағардың 


Sauap.org

 

бітпейтін  жерге  бітуін  қарашы.  Одан  да  бетімнің  ұшына  таман  болсашы. 



Сонда  әдемірек  кӛрінер  ме  едім.  Бір  азуымды  былтыр...  жә,  оны  айтудың 

қажеті де болмас. Кімнің тісін құрт жемейді дейсің және ол былай қарағанда 

кӛрінбейді де. 

Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ 

боласың  дейді.  Кімдікі  рас  екенін  құдайым  білсін.  Ӛткен  күзде  мектепте 

дәрігер  қарап  ӛлшегенде,  бір  жүз  отыз  тоғыз  сантиметр  шыққан  едім.  Егер 

шашым  болса,  жүз  қырық  шығуы  сӛзсіз  еді.  Тақыр  бас  жүргеннің  осындай 

залалы да бар. Жасым он екіде. Бесінші класты бітіріп отырмын. 

Повестің бірінші тарауын осымен доғарамын да, келесі тарауға кӛшемін. 

 

EKIHШI ТАРАУДА 

 

Қаратай жайында айтылады. 

 

Күні  бойы  футбол  ойнап,  әбден  қалжырадым.  Ойын  үстінде 



шаршағаның онша аңғарылмайды. Енді, міне, дел-сал болып, ӛзімді ӛзім әрең 

сүйреп келе жатырмын. Аяққа қонған шаңды қарашы, бір елі. Шіркін-ай, осы 

бойда барып, күмп етіп ӛзенге қойып кетер ме еді. 

Ӛзен  бойына  кӛз  тіксем,  қыздар  шомылып  жүр  екен.  Мейлі,  шомыла 

берсін,  оларға  да  салқындау  керек  қой.  Ал  мен  әуелі  тамақтанып  алайын, 

ішім  итше  қыңсылап,  түйені  түгімен,  нарды  жүгімен  жұтып  жібере  жаздап 

келе жатқам жоқ па. 

Қораның  бұрышын  айнала  бергенім  сол  еді,  кӛзім  есік  алдындағы 

тажалға  түсті.  Жүрегім  дір  етіп,  бойымды  дереу  жиып  алғандай  болдым. 

Тажал  тапжылар  емес.  Ежелгі  дағдысы  бойынша  біздің  босағаны  иіскеп, 

мелшиіпті де қалыпты. 

Тажал  деп  отырғаным  —  сыры  кӛше  бастаған,  жағал-жағал  үш 

дӛңгелекті, кӛкшіл кӛне мотоцикл. Әр жексенбі сайын оның кӛрген күні осы, 

біздің қорадан шықпайды. 

Мотоциклдің иесі — кӛрші колхоздағы комбайншы жігіт Қаратай. Жігіт 

деймін-ау, қайдағы жігіт. Беті әжім-әжім, сақалы тікенектей кәрі біреу. 

Қаратайды  мен  қандай  жексұрын  кӛрсем,  жағал  мотоциклді  сондай 

жексұрын  кӛрем.  Ӛйткені  оны  құстай  ұшырып  зырылдатып,  лезде  алып 

келетін осы антұрған емес пе. 

Бұдан бір жыл бұрын Қаратайдың әйелі дүние салған екен. Әйелі дүние 

салды  деген  сӛз  —  ӛзі  бойдақ  қалды  деген  сӛз.  Ал  ӛзі  бойдақ  қалғаннан 

кейін, тағы да үйленбекші. Осы арада кімге деген сұрақ туады. Дүниеде ӛзге 

әйел  құрып  қалғандай,  Қаратайдың  есек  дәме  кӛңілі  менің  Миллат  мамама 

ауатын тәрізді. Жағал мотоциклдің әр жексенбі сайын біздің босағаны иіскеп, 

қаңтарылып тұруындағы гәп, міне, осы. 

Әрине, бұл мәселе жӛнінде менен ақыл-кеңес сұрап жатқан ешкім жоқ. 

Бірақ мен Қаратайға іштей кіжінемін де, «Атаңның басы, менің мамам тиер 

саған!» деген сӛзді айтамын. 



Sauap.org

 

Үйге кіре беріп, мен мотоцикл дӛңгелегін теуіп жібердім. Кім иемденсе, 



соған құлшылық ететін меңіреу техника бұған не жауап қатсын. Зырқ етіп бір 

тербелді де, үнсіз қала берді. 

Ауыз  үйде  әжем  күбі  пісіп  тұр  екен.  Ертеден  қара  кешке  бір  тыным 

алмайтын  бейнетқор  әжем-ай.  Күмпілдетіп  піскенде,  қарашы,  күбінің  түбін 

түсіре  жаздайды.  Орамалы  сырғып  желкесіне  түсіп  кеткен.  Кӛпті  кӛрген 

бурыл басы бусанып, тер иісі келеді. Қолымдағы допты тарс еткізіп босағаға 

тастай бердім де, мен сол екпініммен тор үйге қарай беттедім. 

Жұмысын дереу доғарды да: 

- Әй, мына түріңмен қайда барасың? Онда кісі отыр, — деді әжем. 

Ӛзі қызық кісі, кім отырғанын мен білмейді деп ойлай ма екен. 

- Кісі болса, қайтуші едім! 

Дауысым қатты шығып кетті. Мейлі, естісе, ести берсін. 

Есікті жұлқып ашып, кіріп келдім. Қаратай мен мамам терезе алдындағы 

столда,  әдеттегіше,  бетпе-бет  әңгімелесіп  отыр.  Екеуі  бірдей  маған  қарады. 

Қаратайдың  жүзінде  менің  келуімді  жаратпаған  абыржу  бар.  Ал  мамамның 

тіксініп  шығына  қараған  қабатынан  мына  тасыр  жүрісімнің  оған  да 

ұнамағанын бірден аңғардым. 

Осы  бойда  бұрыштағы  кітап  шкафыма  қарай  ӛтіп  бара  жатыр  едім, 

Қаратай күлімсіреген дауыспен: 

- Әй, Қожатай, сәлем қайда? — деді. 

Жасы  үлкен  таныс  адамға  сәлем  бермеу  —  кӛргенсіздіктің  белгісі  деп 

мамам мені талай баулыған. Сол парызымды амалсыз ӛтеп: 

- Саламатсыз ба, — дей салдым. 

Үлкендердің  үстіне  бұйымтайсыз,  ет  қызулықпен  кіріп  келгендіктен, 

енді  амалсыздан  бірдеңе  істеуім  керек  болды.  Ту  сыртымды  мамам  мен 

Қаратайға  беріп,  шкафтың  ең  тӛменгі  сӛресіндегі  газет-журналдарды 

мақсатсыз  ақтарып,  күйбеңдеп  жатырмын.  Нені  іздеп,  нені  таба  алмай 

жатқанымды бір Құдай ӛзі біледі. Ал екі құлағым мамам мен Қаратайда. 

-  Иә,  биылғы  кӛктем  жауынды  болды,  —  деп  бастады  Қаратай  ендігі 

әңгімесін. — Біздің «Коминтерннің» астығы да белуардан кеп, жайқалып тұр. 

Енді күзгі бұршақ нӛсерден аман болса, жұрт рызығы жаман бола қоймас. 

Әңгіме желісінен жалт беріп, Қаратайдың не болса, соны айтып кеткенін 

мен бірден түсіндім де, тағы не дер екен деп, еңсемді кӛтерместен, ӛзіммен 

ӛзім болғансып, күйбеңдей бердім. 

-  Жаман  бола  қоймас,  —  деп  қостады  мамам  Қаратайды  бейқам  үнмен. 

Оның  дауысынан:  «Ех,  Қаратай,  менің  баламды  ӛйтіп  алдарқата  алмайсың. 

Ол бәрін де сезеді, бәрін де түсінеді» деген мағына аңғарылатын еді. 

Арада бірнеше минут үнсіз ӛтті. Кенет мамамның: 

-  Балам,  —  деген  қатқыл  үні  естілді,  —сенің  сонша  күйбеңдеп,  таба 

алмай жатқаның не нәрсе? 

Бұл сӛз маған алты ӛрме қамшымен жорғалата тартып жібергендей әсер 

етті.  Әсіресе  «балам»  деген  сӛздің  зәрі  күшті-ақ  еді.  Ӛйткені  жайшылықта 

мамам менің атымды атайтын. «Балам» деген мынау ресми үні «үлкендердің 


Sauap.org

 

сӛзіне  тыңшылық  істемек  болған  бұл  сасық  қулығыңды  таста»  деп 



жекіргенмен  бірдей  еді.  Соны  тез  ұқтым  да,  қолыма  тиген  бір  журналды 

ұстап, тайып отырдым. 

Қаратай  бұл  күні  біздікінде  кей-кейдегідей  ұзақ  отырып  алған  жоқ. 

Менің соңымнан кешікпей ол да шықты. Басқа уақытта, кетеріңде, әжеммен 

кӛңілді  қоштасып,  маған  да  бірнеше  жылы  қалжың,  ойын  сӛздер  айтып, 

жаратпағаныма  қарамастан,  арқа-басымнан  қағып  аттанатын.  Кейде:  «Кел, 

отыр,  ауылды  бір  айналдырып,  серуендетіп  әкелейін»,  —  деп  жалбақтап, 

кӛңілімді  тапқысы  келетін.  Бұл  жолы  олай  емес,  қарасұр  жүзі  онан  әрмен 

күреңітіп, еңсесі түсіп шықты. Ауыз үйдің тӛрінде тамақ ішіп отырған мені 

қою қасты, салбыраған ауыр қабағының астынан солғын ғана бір шолды да, 

үндемеді.  «Бәйбіше,  қош  болыңыз»  деп,  әжеме  арнаған  сӛзін  де,  әйтеуір 

міндет санап, иегінен оздырмай, жүрдім-бардым айтып, бӛгелместен шығып 

кетті. Енді бір сәтте мотоциклдің пырс-пырс етіп шашала от алған үні, оның 

соңынан  мылтық  атылғандай  патырлап  құлақ  тесерлік  жайсыз  бір  іртік 

дауыстар естілді. Біздің қорадан суырыла шыққан осы үн үсті-үстіне жиілеп, 

кӛшенің басына қарай алыстап бара жатты. 

 

ҤШІНШІ ТАРАУДА 

 

Мен өз ойымнан хабар беремін және құмдағы із жайлы сөз болады. 

 

Қаратайдың тез жӛнелгеніне мен қуанышты едім. Осы кеткеннен қарасы 



біржолата ӛшсе. Мамамның Қаратайға шынымен күйеуге шыққысы келе ме? 

Мүмкін емес. Бӛтен біреуге... тікенек сақал, кәп-кәрі Қаратайға... жо, жо, ол 

оған  шықпайды  күйеуге.  Тіпті  жас  болсын,  қандай  болса,  сондай  болсын, 

мамама керегі не бӛтен күйеудің? Біз, әжем үшеуіміз, Құдайға тәуба, онсыз 

да жаман тұрмаймыз ғой. Қарнымыз тоқ, кӛйлегіміз кӛк. Мен әлі оқу бітіріп, 

ер  жетемін,  университетке  түсем.  Жазушы  болам.  Міне,  сол  кезде  мен 

мамама,  егер  ажалы  жетіп,  ӛліп  қалмаса,  әжеме  де  ӛмірдің  нағыз  бақытын 

кӛрсетемін. 

Осы  ойымды  түп-түгел  ақтарып  мамама  айтқым  келеді.  Бірақ  қалай 

айтарсың,  ұят  біртүрлі.  Жоқ,  мамамнан  ондай  қылық  шығуы  мүмкін  емес. 

Қаратайды ол жай сыйлайтын шығар. «Менің ержетіп қалған балам бар, мен 

күйеуге тимеймін» деп басалқы айтып, түсіндіретін болар. Бірақ Қаратайдың 

оны түсінгісі, ұққысы келмейді. Кӛлеңкедей еріп, мамамның соңынан екі елі 

қалмайды. Ух, осы бір сұғанақ, тәртіпсіз еркектерді ме... 

Жоқ, менің мамам күйеуге шығуы мүмкін емес. Ол бізді еш уақытта да 

тастамайды. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей 

алдынан қия басып ӛтпей, хан кӛтеріп, құрметтеп тұратыны да сол мінезінен 

емес  пе.  Онсыз  мамамды  екі  бірдей  сайлауда  қатарынан  аудандық  советке 

депутат етіп сайлар ма еді. 

Бұның бәрі менің басыма тыңқиып тойып алғаннан кейін келген ойлар. 

Аш қарынға данышпан болып жетістірмейсің. 


Sauap.org

 

Шомылайын  деп,  ӛзенге  келе  жатырмын.  Күн  кӛкжиекке  тӛніп  барып 



қалса  да,  ыстық  әлі  қайтпаған,  иығым  мен  шекемнің  бір  жағын  қарып, 

күйдіріп  барады.  Тӛменгі  егінжай  жаққа  кӛз  жіберсем,  темір  пештің 

жалынындай  лапылдап,  дарияша  жӛңкілген  ұшы-қиырсыз  сағым  толқыны. 

Егіннің  арасындағы  қара  жолмен  шаңды  аспанға  бұрқыратып  зырлап  кетіп 

бара  жатқан,  дәу  де  болса,  әлгіндегі  Қаратайдың  тап  ӛзі.  Бар  сол 

тойғаныңмен.  Ex,  шіркін,  егер  мамамның  орнында  мен  болсам,  оған  не 

айтуды білер едім. Сосын Қаратай маңыма жоламақ түгіл, қарамды да кӛрмес 

еді. 


Күн ыстықта су да тартылып, азайып қалады. Әншейінде кӛгілдірленіп, 

аспан түстес болып жататын. Айтпақшы, әлгінде осы арада қыздар шомылып 

жүр еді ғой. Іштерінде Жанар да болған шығар. Жанар! Атың қандай әдемі. 

Сендердің  бұл  қызбен  танысып  қоюларың  керек.  Осы  повестің  бас 

кейіпкерінің  бірі болуға Жанар татитын қыз. Екеуіміз бірге оқимыз. Жанар, 

біріншіден,  кластағы  ең  бір  ақылды  қыз.  Екіншіден,  сұлу.  Әсіресе  қызыл 

береткасын киіп жүргенде, сондай құлпырып, жайнап кетеді. Дауысы қандай 

шіркіннің,  ән  салғанда  тыңдасаң!  Басына  үкілі  тақия  киіп,  мың  бұралып 

«Қамажайға»  билегенін  кӛрсең.  Барып  тұрған  ӛнерлі  қыз.  Кластағы  бірінші 

үздік оқушы. 

Ал енді айтып кӛр, оны повестің басты кейіпкерінің бірі бола алмайды 

деп! 


Жанарды ойыма алсам, менің ішім гүл жайнап кеткендей болады. 

Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар 

деп  ұрса  берсін.  Мен  ӛзімнің  кӛкейтесті  арманымды,  жанымның  түкпірінде 

маздап жанған құпиямды Жанарға бір жӛні келгенде ақтарып айтып берсем, 

менің  кім  екенімді  ол  таныр  еді.  «Е,  бәсе,  Қожа  осындай  екен  ғой.  Талант 

деген түбінде жарып шықпай қоймайды», — дер еді. Шіркін-ай, былай болса: 

адам  әуелі  үлкен  болып  жаралса.  Ӛмірдегі  ӛзіне  тиісті  қызмет  мамандығын 

атқарып  болғаннан  кейін  барып  балаға  айналса.  Сонда  маған  Майқанова 

қалай қарар  еді?  «Үлкен  кезінде  ол әйгілі  жазушы  болған,  оның есімі бүкіл 

дүние  жүзіне  мәлім.  Олай  болса,  менің  оған  әкіреңдей  бергенім  жарамас, 

жазушыны сыйлау керек» деп, тәубасына келер еді. 

Бірақ амал қанша, ӛмірде бұлай болмайды, болмақ емес. Әуелі беделсіз, 

білімсіз бала болып жараласың. Сенің үлкейгенде қандай адам болатыныңда 

ешкімнің шаруасы жоқ. Екінің бірі саған ақыл айтып, үстемдік жүргізбекші 

болады.  Ақ,  қараңды  айырып,  жаныңның  түкпірінде  не  бар,  не  жоғына 

үңілмейді. 

- Қожа тәртіпсіз! 

- Қожа оңбаған! 

Осылайша шу кӛтеріп, даңғазалап алып кеп жӛнеледі. 

Су  жағасы  жайдақ,  құмдауыт.  Тырс  етіп,  менен  ӛзге  бір  баланың 

келмеуін кӛрдің бе. Жалғыздан-жалғыз шомылу да кӛңілсіз. Судың шетіндегі 

дымқыл құмда біреудің жалаң аяқ ізі сайрап жатыр. Мүмкін, осы Жанардың 

ізі  шытар.  Тани  қоятын  адамдай  еңкейіп  үңіліп  тұрып  қараймын.  Иә, 


Sauap.org

 

Жанардың  ізі.  Ақырын  ептеп  қана  аяғымды  салып  байқаймын.  Із  аздап 



кішілеу  келеді.  Иә,  бұл  Жанардың  ізі  болуға  тиіс.  Бойымды  тәтті  бір  сезім 

жайлайды да, со күйде қимылдамастан тұрып қаламын. 

 

ТӨРТІНШІ ТАРАУДА 

 

Жантасқа  пионер  лагеріне  баруға  жолдама  беріліп,  маған  берілмеу 



жайы, менің шәт-шәлекей ашулануым айтылады. 

 

Таңертеңгі  шайымды  ішіп  алғаннан  кейін,  аяңдап  мектептің  спорт 

алаңына қарай келе жаттым. Қолтығымда добым бар. Біздің «Спартак» кеше 

қайраттықтардан  жеті  де  бес  болып  ұтылған  еді.  Бүгін  оларды  қалайда 

жеңуіміз керек. Команданың капитаны ретінде соған қатты ширығып, іштей 

дайындықпен келе жатырмын. 

Мектептің  қасында  Жантас  ұшыраса  кетті.  Қолында  мӛр  басылған  бір 

жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп қойып: 

- Қара кӛже, мынаның не екенін білесің бе? — дейді. 

- Ол не? 

-  Лагерьге  жолдама.  Біз  лагерьге  баратын  болдық.  Ал  сен  кӛшедегі 

иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. 

Тілінің қыршаңқылығы үшін Жантасты мытып алғым келіп бір тұрдым 

да, әуелі жолдама жайын тиянақтамақшы болдым: 

- Оны саған кім берді? 

- Кім беруші еді. Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде. 

«Неге  жоқпын?».  Жантастан  Майқанованың  қайда  екенін  сұрап  едім, 

мектепте деді. 

Бұдан  былай  біреуді  келемеждеп  сӛйлеудің  қандай  екенін  білуі  үшін, 

Жантасты  мұрынға  сырт  еткізіп  бірді  шерттім  де,  жүгіре  жӛнелдім.  Сол 

бойда  екпіндеген  қалпыммен  мұғалімдер  бӛлмесіне  алқынып  кіріп  бардым. 

Майқанова  бірдеңе  жазып,  жалғыз  отыр  екен,  маған  басын  кӛтеріп  алып, 

таңырқаған кейіппен қарады: 

- Не болды? Не болды, Қадыров? 

- Лагерьге жолдама беріңізші маған. 

- Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың. 

- Неге? 

- Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетіспейді. Ал екіншіден, ең 

әуелі, біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз. 

- Жантас немене... менен артық болғаны ма? 

Майқанова  екі  бүйірінен  біреу  қысып  қалғандай  еңсесін  кілт  кӛтеріп 

алды: 


- Сен немене? Мені тергегелі тұрсың ба? 

Майқанованың  кӛкшіл  кӛзі  шатынай  бастады.  Оның  бір  ашуланса, 

шапылдап, жуық арада толас бермейтінін білем. 


Sauap.org

 

- Бермесеңіз, қойыңыз, — дедім де, жалт бұрылып, есікті бар күшіммен 



тарс  жауып,  жӛнеле  бердім.  Осындай  әділетсіздікке  қаның  қалай  тана 

қайнамайды. Жантас біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ 

үстінде  сыбырлап-сыпсыңдағыш,  ӛзі  тақтаға  шыққанда  кӛрінгенге  құлақ 

түргіш Жантас үлгілі оқушы болғаны да, мен үлгісіз болғаным. Менің сабақ 

үлгеруім одан кӛш ілгері екені, екпінділігім ешқандай есеп емес. 

Соңымнан ілесе шықты Майқанова: 

- Қадыров! Бері кел. 

Мен бұрылып та қарамадым. 

- Қадыров! 

Есіктен жүгіріп шығып кеттім. 

Турникке  сүйеніп,  жылмия  қарап  Жантас  тұр.  Зығырданым  одан  бетер 

қайнап кетті. 

-  Немене,  жолдама  алдың  ба?  —  деп  сиқырланып,  жолымды 

тосқауылдай қалыпты. 

- Алдым, — дедім. 

- Кәне, кӛрсетші? 

Сарт еткізіп танаудан тағы бірді шерттім. 

- Міне. 


Түстен  кейін  тӛсегімде  демалып  жатып,  ойға  қалдым:  Бағана 

Майқановаға  істегенім  тұрпайылық  болды-ау  деймін.  Әрине,  Жантасқа 

жолдама беріп, маған бермеген оныкі де әділдік емес. Ызамды осы келтірді. 

Дегенмен, Майқанова мұғалім, класс жетекшісі. Жә, қазір оқу кезі емес қой, 

каникул. Ол маған не істей алады? Үш айға дейін кім бар, кім жоқ. Мүмкін, 

жаңа  оқу  жылында  біздің  класс  жетекшіміз  басқа  біреу  болар.  Онда  мен 

Майқанованың  шеніне  де  жолай  қоймаспын.  Ӛмір  дегенді  ойлап  отырсаң, 

қызық  нәрсе.  Бірімен  бірінің  қалай  да  тұзы  жараспайтын  кереғар  жаралған 

адамдар  болады.  Майқанова  екеуіміз  соның  дәл  ӛзі  секілдіміз.  Біздің 

кикілжіңіміз  күзде  ол  осында  мұғалім  болып  келген  бетте-ақ  басталды. 

Былай  болды:  жаңа  оқулықтар,  дәптерлер  сатып  жатыр  дегенді  естідім, 

әжемнен  ақша  ала  салып,  замғап  дүкенге  келдім.  Рас,  сатып  жатыр  екен. 

Бірақ адам деген лық толы. Кезектің соңы далаға шығып кетіпті. 

Қайтсем  екен  деп  біраз  ойлап  тұрдым  да,  тәуекел  деп,  ішке  кезексіз 

кірмекші болдым. Ӛйткені соңындағыларға жетпей қалатын азабы да болушы 

еді. Сонан соң кӛрінгеннің оқулығына мінгесіп, жалынасың да жүресің, бұл 

— күн емес. Ӛзге ештеңең болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен 

былай деп мақалдаған болар едім: оқулығы сай бала — кӛңілі жай бала. 

Сығылысып  есіктен  енді  кіре  берсем,  бойы  менің  бойымдай  ғана, 

тықылдаған бейтаныс кӛк кӛз келіншек алдымды тосқауылдап жібермейді. 

- Қайда кимелеп барасың? Кезекке тұр, — дейді. 

Осы арада тілі құрғыр ӛтірікті менің еркімнен тыс айтып салды: 

-  Мен  оқулық  емес,  қант  аламын,  —  дедім.Ӛйткені  магазиннің  арты 

азық-түлік сататын бӛліміне қарай адамдар еркін ӛтіп жатыр. 



10 

Sauap.org

 

Кӛк  кӛз  келіншек  мені  жіберді.  Мен  сыр  бермейін  деген  оймен  әуелі 



қант сататын жаққа ӛтіп кеттім. Бірақ қанттың қазір маған түкке керегі. жоқ. 

Маған  қажеті  бесінші  кластың  оқулықтары.  Прилавканы  жағалап, 

адамдардың  арасымен  ептеп,  кітап  сатып  жатқан  жаққа  қарай  сырғи 

бастадым.  Енді  бір  ұмтылғанда  жетіп  те  қалатын  едім.  Кенет  әлгі  кӛк  кӛз 

келіншек желкемнен бүріп ұстап: 

- Сен адасып барасың. Қант ана жақта сатылады, — деді. 

-  Сіздің  не  шаруаңыз  бар,  қоя  беріңіз,  —  деп  жұлқынып  қалдым  да, 

прилавкаға бір-ақ барып жеттім. 

Кӛк кӛз келіншек сатушыға дауыстап жатыр: 

- Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті. 

Ол бұл сӛзді айтып үлгергенше, Қожекең сұр кепканы қойынға сүңгітіп 

жіберіп,  тақыр  бас  қара  бала  болып  шыға  келді.  Балалар  ананы-мынаны 

сұрап,  азан-қазан  болып  жатқанда,  мен  ләм  деместен  сақ  еткізіп  елу 

сомдықты  сатушының  қолына  ұстата  салдым.  Сӛйтіп,  қажетті  оқулық-

дәптерлерімді  бір  құшақ  етіп  алып  шыға  бердім.  Есік  алдында  кӛк  кӛз 

келіншек иығымнан қатты ұстап (қолы мұндай қатты болар ма!): 

- Ой, ұятсыз. Қай класта оқисың? — деп бір жұлқып қалды. 

Мен оған жӛнімді айтып жатырмын! 

Бірнеше күн ӛткеннен кейін оқу жылы басталды. Мәссаған керек болса, 

әнеугі  маған  дүкенде  жекіретін  кӛк  кӛз  келіншек  тыпың-тыпың  етіп, 

қағаздарын қолтықтап, біздің класқа кіріп келе жатыр. Қожекеңнің сол мезет 

қандай күйге түскенін кӛрсеңіз. Бірақ бойымды тез жиып ала қойдым да, сыр 

бермеуге тырыстым. Мүмкін, ол мені танымас деп ойладым. 

Жаңа  оқытушы  бізді  оқу  жылының  басталуымен  құттықтады,  ӛзін 

таныстырды. Сәбира Майқанова. «Мен сендерге қазақ тілінен сабақ беремін 

және класс жетекшілерің боламын», — деді. 

Соңғы  сӛз  Қожекеңді  тағы  бір  сілкіп  алды.  «Ал  бәлем,  сақтана  бер» 

дегендей болдым ӛзіме ӛзім, 

Майқанова  бір-бірлеп,  тізім  бойынша  оқушылармен  таныса  бастады. 

Кезек маған келді. 

- Қадыров. 

- Мен. 


Майқанова тесірейе қарап тұрып қалды. 

- Біз екеуіміз таныс шығармыз деймін? 

Мен еріксіз жымиып күлдім. 

- Мүмкін. 

«Мен сенімен әлі сӛйлесемін» дегендей, Майқанова: 

- Отыр, — деді зілді дауыспен. 

Міне, осыдан кейін Майқанова маған қымс етсе, қаһарын тігіп тұратын 

болды.  Қанша  рет  қыс  бойы  директордың  алдына  сүйреп  алып  барды. 

Ақыры, жыл аяғында тәртібіме де «тӛрттік» бата қойып отыр. 

Осының бәрі мені, әрине, ашуландырады. 

 


11 

Sauap.org

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет