"Bereke Bank" АҚ кредиттік желілерін берудің жалпы стандартты талаптары Осы «Bereke Bank»


Кредит Ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық Шарттарымен ақша нысанындағы Банктік қарызды білдіреді. Кредиттік құрал



бет16/32
Дата05.08.2023
өлшемі74,25 Kb.
#105043
түріРешение
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Кредит
Ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық Шарттарымен ақша нысанындағы Банктік қарызды білдіреді.
Кредиттік құрал
Кредит және/немесе Аккредитив және/немесе Кепілдікті білдіреді.
Кредиттік желі
Банктің Келісімде және Шартта/Өтініште көзделген талаптарда Жеке келісімде айқындалған лимит шегінде кредит құралдарын беру міндеттемесін білдіреді.
Жеңілдік кезеңі
Кредит бойынша негізгі борыш сомасына сыйақы есептелмейтін уақыт кезеңін білдіреді.
Негізгі қарыз

Төмендегіні білдіреді:

(i) Кредиттерге қатысты - Жалпы талаптардың 3.6-тармағына сәйкес Банктің кепілдік/аккредитив бойынша өз міндеттемелерін орындауына байланысты берілетін кредит бойынша қоса алғанда, Банк Заемшыға кредитке берген ақша сомасы (қарыз берешегі) ;

(ii) Аккредитивтерге/Кепілдіктерге қатысты – аккредитив/кепілдік бойынша Банк орындаған төлем міндеттемелері сомасына төлем жасау кезінде туындаған берешек сомасы.

Кейінге қалдырылатын талаптар

Жеке келісімде келісілген талаптарды білдіреді, олар Заемшы Кредиттік құрал алғанға дейін орындалуы тиіс.


Қолжетімділік кезеңі
Заемшыға Келісімге қол қойылған күннен басталатын және Келісімде айқындалған қолжетімділік кезеңінің аяқталу күнінде аяқталатын Кредиттік құрал берілуі мүмкін уақыт кезеңін білдіреді.
Жұмыс күндері
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс немесе мейрам күндері болып есептелмейтін күндерді білдіреді. Бұл жағдайда, демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
Бұзушылық жағдайы (Ерекше талаптар, ковенанттар)
Заемшының Келісім бойынша кез келген растаулар мен кепілдіктерді, Кредитті мақсатты пайдалану туралы Келісімнің талаптарын, Келісім бойынша міндеттемелерді, оның ішінде Жеке келісімде көзделген міндеттемелерді және Келісімнің өзге де талаптарын бұзғанын білдіреді және олар туындаған кезде Банк Кредит құралын беруді тоқтата тұруға және (немесе) Келісім бойынша Заемшы Берешегінің барлық сомасын не оның бір бөлігін Банкке мерзімінен бұрын және толық қайтаруды талап етуге құқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет