Big 4 – келесі тәуелсіз аудиторлық ұйымдардың бірі: KPMG, Ernst&Young, Deloitte, PricewaterhouseCoopers.
Аккредитив Бенефициар Аккредитив талаптарын орындаған кезде, Банктің Бенефициардың пайдасына төлемді жүргізуге жазбаша міндеттемесі. Бұл ретте Аккредитив қамтылмаған (Банктің бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында көрсетілген ақша түрінде қамтамасыз етусіз) және (немесе) жартылай қамтылған (Кредиттік құрал сомасының кемінде жүз пайыз мөлшерінде Банктің бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында көрсетілген ақша түріндегі қамтамасыз етуімен) болып табылады.
Активтер Бұрынғы опеарциялар немесе оқиғалар нәтижесінже алынған мүліктің игіліктер мен құқықтар және болашақта табыс табу күтіліп отырған, құндық бағасы бар, жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.
Бенефициар Атына Аккредитив ашылған немесе Кепілдік шығарылған тұлғаны білдіреді.
Кепілдік Заемшының Бенефициар алдында өзінің міндеттемелерін тиісті орындауын қамтамасыз ететін, Банк Заемшының өтініші бойынша Бенефициардың пайдасына Келісімде және Заемшының өтінішінде көрсетілген талаптарда шығарған Банктік кепілдік
Өтеу кестесі Негізгі қарызды өтеу және Кредит бойынша сыйақыны төлеу кестесін білдіреді. Өтеу кестесі Шарттың/Өтініштің ажырамас бөлігі болып табылады.
Топ (Компаниялар тобы) Бірлескен немесе әрқайсысы жеке кез келген заңды тұлға немесе жеке тұлғаны білдіреді:
- Заемшы тура немесе жанама бақылайтын; немесе
- Заемшыны тура немесе жанама бақылайтын; немесе
- Заемшымен бірге үшінші тұлғаның бақылауындағы; немесе
- Келісім бойынша Заемшы міндеттемелерінің орындалуына қамтамасыз ету ұсынған тұлға.
Келісімнің мақсаттары үшін «бақылау» деп белгілі бір тұлғаға жарғы капиталында қатысу, сенімгерлік басқару қызметтерін көрсету, басқа тәсілдер арқылы өзге тұлға қабылдайтын шешімдерге әсер ету мүмкіндігі берілуі есептеледі. Тараптар «Топ» деген түсінікке жататын тұлғалар тобын шектеуі мүмкін.