Берілген дипломдық жобада гнпс "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару сұрақтары қарастырылады



бет8/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,01 Mb.
#11693
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
1.2. Мұнайды құбыр арқылы тасымалдау

1.2.1. Мұнай құбырларының жіктелуі

Мұнай құбыры деп – мұнай құбыр арқылы айдауды айтады. Егер құбыр арқылы мұнай өнімдерін айдағанда көбінесе оны - өнім құбыры деп атайды. Егер құбыр арқылы мұнай өнімінің бір түрі айдалынса, онда айдалынатын өнім бойынша бензиндік, керосиндік немесе мазут құбыры деп аталынады. Өзінің арнауы бойынша мұнай құбырлары үш түрге бөлінеді:



  1. Ішкі құбырлар: Мұнай база және мұнай өңдейтін зауыттарында түрлі объектілер және қондырғыларды байланыстырады.

  2. Жергілікті: Ішкі құбырларға қарағанда бірнеше километр аралықта орналасады. Мұнай өңдейтін зауыттарының темір жолына немесе кемеге құйылатын пункттерін немесе мұнай құбырының магистральдік бастапқы станциясымен кәсіпшілік пен байланыстырады.

  3. Магистральдік: Үлкен аралықты байланыстырады. Трассаның қасында орналасқан станциялар арасында мұнай айдалынады. Магистральді құбыр тәулік бойы жыл ішінде жұмыс істейді. Ремонт немесе кездейсоқ жағдай кезінде қысқа мерзімдік уақытқа ғана істемейді. Магистральдік мұнай құбырының әртүрлі салыстырмалы диаметрі және ұзындығы болады. Мұнай 5-6,5 МПа қысымда айдалынады. Жыл бойынша мұнай мен мұнай өнімдерінің миллион тоннасына дейін айдалынады. Товарлық мұнайларды мұнай өндірілетін немесе сақтайтын жерден пайдаланушыға дейін (ВНТП 2- 86 бойынша) магистральдік мұнай құбыры диаметрі 219 дан 1220мм – ге дейін, ұзындығы 50 км ден астам созылады. СниП 2.05.06 – 85 бойынша магистральдік мұнай құбырлары диаметрі бойынша 4 класқа бөлінеді:

Бірінші класс – шартты диаметрі 1000-1200 мм дейін;

Екінші класс – 500-1000 мм дейін;

Үшінші класс – 300-500 мм дейін;

Төртінші класс – 300 мм және одан да кем.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет