Берілген дипломдық жобада гнпс "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару сұрақтары қарастырылады



бет6/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,01 Mb.
#11693
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

    1. Мұнайдың физика – техникалық және реологиялық қасиеттері

    2. Мұнайдың физика – техникалық қасиеттері

Мұнай – сұйық каустобиолиттер қатарына жататын табиғи шикізат.

Мұнай сарғылт, жасыл және қоңыр қышқыл, кейде қара түсті болып келетін, өзіне тән иісі бар, ультракүлгін сәуле жарығын шығаратын сұйқтық.

Мұнайды айдау мен сақтау техникасы, оның физика-техникалық қасиетіне байланысты болады және мұнаймен байланысты жұмыстар.

Мұнай айдағанда және сақтағанда абсолютті және салыстырмалы Т өлшем бірліктер қолданады. Мұнайдың салыстырмалы тығыздығы 0,7 мен 1,07 аралықта болады.

Салыстырмалы тығыздық дегеніміз бірдей жағдайда мұнайдың тығыздығының су тығыздығына қатынасы.

Т – температурада абсолюттік бірлікпен берілген абсолюттік тығыздықты мына формуламен анықтауға болады:



ρ= p293 – ξ(T – 293)

бұл жерде ρ, р293 Т және 293К- температурасында сұйықтықтың тығыздығы;

ξ – тығыздыққа қосылатын температуралық түзеу.

Мұнайдың тұтқырлығы температураға тәуелді болады. Есептеу жағдайларда лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде алынған тұтқырлық теспература қиясығын пйдалану қажет. Тұтқырлы-теспература графигі болмаса, онда тұтқырлықты керекті теспературада мына империкалық өрнектеу арқылы анықтауға болады:



lg lg(ν + 0,8)= a + b lg T

Сурет 1. Мұнай тұтқырлығының v температураға Т тәуелділігі

Рейнольдс – Филонов

ν = ν *e –u(t-t*)

Фогель-Фульчер-Тамман

ν = ν1exp
мұнда υ- Т температурада берілген кинематикалық тұтқырлық коэффициенті;

υ-t * температурасында берілген кинематикалық тұтқырлық коэффициенті;



a, b, u, υ1, b1θ, υ2, u2, b2

Егер екі берілген температура нүктелерінде тұтқырлығы анықталған болса мәндерін келтірілген өрнектер арқылы анықтауға болады. Бұл жерде Вальтер (ASTM) ең, нақты өрнегі болып табылады, бірақта ол өте күрделі келеді. Сондықтан барлық аналитикалық шешімдерді қабылдауға 1,2- ші формулаларды қолданады. Сыртқы ауа температурасында кейбір мұнайлардың тұтқырлығы өте жоғары болады, сондықтан өндірісте қолдану үшін оны қыздыру керек. Қыздыру процеске байланысты жылу есептеулерін өткізу үшін λ жылуөткізгіштікпен Ср меншікті жылу сыйымдылық коэффициенттерін білу қажет.



λ - жылу өткізгіштік коэффициентін (вт/(мК)) мына өрнекпен анықтайды:

мұндағы:


ρ0 – 293 К температурасындағы мұнай тығыздығы;

Т-мұнай температурасы бұл аналитикалық өрнек 10% дәлдікпен 273-475 К температура аралығында әділетті болады. Мұнайдың меншікті жылу сыйымдылығын Ср барлық процестерді айдау мен сақтау кездерінде тұрақты болады қысымда болады. Ол мына аралықта 1,16:2,5 өзгереді. Сондықтан оны есептеулер жүргізгенде Ср = 2кДж/(кг К) тең деп аламыз. Нақты есептеулер жүргізгенде Крег формуласын қолдануға болады:


Мұнаймен жұмыс істегенде қиындататын спецификалық қасиеттер бар. Ең басты қасиеттерге өртке қауіптілік, эелектірлену, булану қасиеттері және қроршаған ортаға зияндылығымен.

Өртке қауіптілігі. Мұнай жанар заттарға жатады, ауаның қалыпты құрамында өзінен-өзі жануы мүмкін. Өрт көзі оңай жанатын сұйықтарға тез әсер етеді. Оның көрсеткіштері будың тез және өзінен-өзі жану болып табылады.

Газдың жану температурасы - өте төмен (зерттеу жағдайында) жанатын заттың үстінгі қабатында газ немесе бу қалыптасады, будың жану температурасы өте төмен, сондықтан өрт көзі қауіпті, бірақта жануға оның қалыпты температурасы қалыптасқан жоқ. Жану температурасы қалыптасқан жағдайда жану процессі қалыпты болады. Қызып өзінен-өзі жанғанда от және от ұшқыны болмағанмен экзотермиялық реакция жылдамдығы өседі де жану процессі от жалынмен аяқталады.

Электрлену. Статикалық электрлену деп – қатты, сұйық немесе газ тәріздес біртекті емес заттардың бір-бірімен үйкеліс кезінде пайда болатын жлектрлік зарядтар.

Мұнай, бензин, керосин, мұнай газдарының құбыр арқылы тасымалданағанда және сақтағанда, темір жол цистернасына, резервуарға, танкерлерге құйғанда статикалық электр өлшену кездеседі. Мұнай өнімдері жақсы ди-элктрик болғанмен, олар электр зарядтарын көп уақытта сақтап қалады.

Мұнай егер оңашаланған металл құбыр немесе құйылатын ыдыс үлкен потенциал алса жерлестіру заттары арасында ұшқын разряды болса, онда жану мүмкін.

Құбыр мен объектінің түрлерінің статикалық электрленуді жинамау үшін оларды жақсылап жерлестіру керек.

Булануы: Ашық ортада жеңіл мұнайды қалыпты жағдайда газ тәріздес түрге айналып қоршаған ортаға тарайды. Мұндай жағдайда мұнайдың сапасы төмендейді жалпы көлемі азаяды. Мұнай өнімдерінің булануы құрамындағы қаныққан будың қысымына байланысты. Қаныққан будың қысымы үлкен болса, онда мұнай өнімінің булануының, ықтималдығы көп. Қаныққан будың қысымы мұнай өнімінің үстіңгі қабатындағы температураға тәуелді болады.

Температураның өсуіна байланысты қаныққан будың қысымы өседі.

Қаныққан будың қысымын тәжірибелі түрде анықтайтын аспаптардың түрі көп.

Мұнай қысымын анықтағанда бастапқы қайнау температурасы немесе берілген температурадағы графигі немесе жартылай эмпирикалық формуласындағы тәуелділігі арқылы анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет