Берілген дипломдық жобада гнпс "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару сұрақтары қарастырылады


Магистральдік құбырлардың негізгі кешендері мен



бет9/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,01 Mb.
#11693
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
1.2.2 Магистральдік құбырлардың негізгі кешендері мен

жасақтары.

Магистральдік құбыр келесі жасақ кешендерінен тұрады:



  • Кіріс құбырлары, бастапқы құбыр құрылысымен мұнай көзін байланыстырады. Осы құбырлар арқылы мұнай кәсіпшілігінен зауытынан бастапқы станциясының резервуарына мұнай айдалынады.

  • Бастапқы айдау станциясы. Магистральді құбыр арқылы айдалынатын мұнай, жинайды, және оларды сорттан, есепке салып келесі станцияға айдайды.

  • Аралық айдау станциясы, алдыңғы станциядан келген мұнайды ары қарай айдайды.

  • Мұнай айдау станциялары – мұнай құбырының ең күрделі кешендік жасақтары болып келеді.

Бастапқы айдау станциясы мұнайды қабылдау үшін және оны ыдыстан магистральдық құбырға айдайды. Бастапқы айдау станциясының технологиялық жасақтауының құрамына: резервуарлық парк, тіректі насос, мұнай торабын есепке алу, магистральдік насос, қысым реттеуіш торабы, ылай аулау фильтрі, торабтар қорғаныс құрылысы және де технологиялық құбырлар кіреді. Аралық айдау станциясын жол құбырларына гидравикалық есепке сәйкес орналастырады. Айдау станциясы арасындағы бірінші кезек үшін – 200 км, ал еікнші кезек үшін – 50-100 км аралықта орналастырылады. Аралық айдау станциясының құраына: резервуар паркі, тіректі насос және мұнай торап есепке алу кірмейді.

Магистральдік мұнай құбырының 400 ден 600 км дейін үлкен аралық частігінде эксплуатация ұйымдастырады. Бастапқы эксплуатациялық учаскелерінде мұнай айдайтын станциялар орналасқан бірақ, олардың резервуарлық паркінің сыйымдылығы аз болып келеді. Айдау станцияларында технологиялық жақтаудан басқа механикалық ұстахана, төмендету подстанциясы, котельный, кешенді сумен қамтамасыз етуде, әкімшілік және көмекші жасақтаулар, тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыс жасақтары кіреді.

Сорапты станциялар сорап жабдықтарымен және қуаты бойынша мың киловатт жететін энергетикалық шаруашылықпен жабдықталады. Мұнай құбырында көбінесе автоматика және телемеханиканы қолдануда. Трасса бойынша тізбекті орналасқан айдау станцияларының мұнай өнімдері мұнай құбырының соңғы пунктінде тоқтайды. Айдаудың соңғы пункті болып мұнай өңдейтін завод немесе мұнай базасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет